400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ақын жанды ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды поэзияны сүюге үйретіп, өлең құдыретін сезіне білуге үйретеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақын жанды ұстаз

Мақсаты: Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Сарин Ермек Сәрсенбайұлының өмірімен, шығармашылық еңбегімен танысу, ақынның өлеңдерін оқушылар назарына ұсыну. Оқушыларды поэзияны сүюге үйрету, өлең құдіретін сезіндіру.

Шараның басталуы:

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздердің назарларыңызға мектебіміздің ұлағатты ұстазы Сарин Ермек Сәрсенбайұлының шығармашылығына арналған«Ақын жанды ұстаз» атты шығармашылық кешімізге қош келіпсіздер демекпіз.

Ән шашу «Ақжайнақ» \ Азира\

Ь ми боб\Азирашы1

1 б1 бөлім. Ақынның өмірбаяны

  1. жүргізуші:

Өлеңім сырласатын серігімсің,

Өзіммен бірге жасар өмірімсің.

Адамзат жүрегіме үңілгенде

Әр уақыт сен арқылы мені білсін - деп Сырбай ақын жырлағандай бүгінгі кешімізді осы мектептің аяулы да қадірлі ұстазы, ақын Ермек Сәрсенбайұлының ақындық шығармашылық жолына арнаймыз./ Слайд көрсетіліп тұрады\

2-жүргізуші:

Шексіз сүйсе, перзент болып кім елін,

Замананың талап пенен тілегін.

Орындауға талпынады тырысып,

Туған жерге жамағандар жүрегін.

1-жүргізуші:

Біздің ғасыр жиырма бірдің бастауы,

Ел басқарған озық ойлы жастауы.

Жеткіншегін компьютермен жетілтіп,

Өрендерін өркениетке бастады - деп жырлайтын ақын-ұстаз Сарин Ермек Сәрсенбайұлы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Сарыкөл аулында дүниеге келген. Әкесі –соғыс ардагері, анасы әнді келістіріп айтатын әрі әңгімешіл адам болған екен.

2-жүргізуші:

1968 жылы отбасы жағдайымен осы Қарағанды облысы Ульнов ауданы/қазіргі Бұқар жырау \ Победа совхозына/қазіргі Доскей ауылы\ көшіп келеді. Ульянов ауданына қарасты Елтай орта мектебіне 7-ші сыныпқа кіреді. Осы аталған мектепті 1972 жылы аяқтап, Теміртау қаласындағы Жоғары техникалық оқу орнына оқуға түседі. Бірақ өлеңге деген құштарлығы оны Қарағанды мемлекеттік университетіне жетелейді.

1-жүргізуші:

Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланады. Осыдан бастап ақын жырлары «Орталық Қазақстан», «Сарыарқа», «Қазақстан мұғалімдері», «Мәдениет және тұрмыс» газет-журналдарында жиі жарияланып тұрады.

2-жүргізуші:

Ұстаздық жұмысын атқара жүріп, өлең жазудан қол үзбейді. 1991 жылы «Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.

Ал 1994 жылы ақын-ұстаз Елтай орта мектебіне директоры болып тағайындалады. Денсаулығына байланысты 2004 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметіне ауысады.Талмай еңбек ете жүріп, тіл жанашыры, ақын-ұстаз «Қазақ тілі» қоғамын басқарады.

1-жүргізуші:

Өлең жазам көңілім алабұртып,

Жыр жолдары туады жан ауыртып.

Ол сәтте бұл фәниді ұмытамын,

Түрлі дүние жоқтайын қарауытып.

2-жүргізуші:

Шабыт буып тебіреніп теңіздейін,

Ой толқының тоқтатпас жер іздеймін.

Өнер көгін кезгенде күні-түні,

«Абай жаққан бір сәуле...» сені іздеймін – деп жырлайтын ақын өлеңдеріне кезек берейік 2 бөлім. Ақынның жыр-жолдары


Оқушылар ақынның өлең шумақтарын жатқа айтады.

1.Балташева Дильназ 7 сынып

2Досмағамбетова Мөлдір 7 сынып

3.Мауленова Әсем 7 сынып

4.Жұмағалиева Наргиз 6 сынып

5.Айткенова Меруерт 6 сынып

Құрметті Ермек Сәрсенбайұлы оқушылардың да сізге қоятын сұрақтары да бар екен. Оған кезек берейік./Ақынға сұрақ.\

  •  Ермек Сәрсенбайұлы, сіздің ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты, алғашқы ұстаздарыңыз кім болды? 

  • Алғашқы жазған өлеңдеріңіз есіңізде ме? Ол кезде неше жаста едіңіз?

  • Өзіңіздің шығарған өлеңдеріңіздің ішінде жаныңызға жақыны қайсысы? Оқып бере аласыз ба? /Өз өлеңінен үзінділер оқиды.\

Рымтаева Мадина-халық әні.


3 бөлім. Ұстаз тәрбиелеген жас ақындар, ізбасарлары.

1-жүргізуші:

Мектеп деген-оқу-білім қайнары,

Шәкірт оның алтын шашақ айдары.

Асып түссе өз тілегі өзінен,

Ұстаздың да көңіл-күйі жайдары.

2-жүргізуші:

Мектеп деген тәлім менен тәрбие,

Өнегесін тарататын әр үйге.

Көшелі қарт қат болған бұл заманда,

Халықтың бай әдеп қоры әрине.

1-жүргізуші:

Мектеп деген мәңгі жастық мекені,

Қызығы да, қызуы да жетеді.

Дүниеге көзін ашып адамның,

Анықталған көп сұрақтың не екені.

2-жүргізуші:

Ермек Сәрсенбайұлы ұстаз ғана емес, ақын екенін баршамыз білеміз. Көп жылдан бері осы мектепте «Жас қалам» атты жас ақындар үйірмесін басқара отырып, өзінің осы бір қасиетін оқушыларының бойына сіңіре білген. Қазіргі таңда ақынның жырларынан қуат алып, қаламын ұштаған ізбасарлары да жеткілікті. Солардың біразы осы кешіміздің қадірлі қонағы. Сөз кезегін ақынның ізбасарларына берейік..

Сөз кезегін ұстаздың ізбасарлары алады

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
деп Абай атамыз айтқандай, осы талантты ақындарымыздың қаламдары мұқалмасын. Жас ақындарымызға болашақта сәттілік тілейміз

  • Сіздің жиналған қауым ға– Отанымыздың болашақ жастарына айтар қандай тілегіңіз бар?/ Өзінің ізгі тілектерін айтады\

Сізге еңбегіңіз жана берсің, ізбасарларыңыз көбее берсін, денсаулығыңыз мықты болсын!- деген тілекпен бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.

Кеш «Я солай » әнімен аяқталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі