Ақын қыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақын қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебіміздің мақтанышы Айда деген ақын қыз туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы №34 Бірлік жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Пошанова Айжан Шарибаевна





Ақын қыз



Осы күні мектебіміздің мақтанышына айналған 11-сынып оқушысы Рахматуллаева Айда туралы ой қозғағым келді.

Айда-руханият пен әдебиетке ерекше жақын жас тұлға.11-сынып оқушысы бола тұра,ол жас шамасына қарамастан поэзия әлемінде өзіндік орнын тапқан.Төменгі сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ терең мағыналы өлеңдер жаза бастаған бұл қыздың шығармашылығы оның ішкі сезімдері мен ой-толғаныстарын бейнелейді.Айданың бойындағы осындай ақындықты байқаған ұстазы Сандуғаш Абишева оны дамытуға жол ашты,оған дұрыс бағыт-бағдар беріп отырды.Өзінің бір сұхбатында Айда мұғалімін сағына есіне алып: «Болашақта Сандуғаш апайымдай болсам деп,қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдадым»,- деген еді.

Айда мектеп қабырғасында жүріп,әдеби байқаулар мен шығармашылық кездесулерге белсене қатысады.Оның туындылары мектепте ғана емес,аудандық,облыстық деңгейге де танылып жүр.Биылғы оқу жылының басында ғана аудандық «Махамбет оқулары» байқауының жеңімпазы атанып,облыстан 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жастайынан оқырманның жүрегін баурап алатын ақын қыз өмір мен махаббат,достық пен адалдық,болашаққа деген үміт туралы ойларын өлең жолдары арқылы жеткізеді. Оның өлеңдері классикалық және заманауи стильдердің үйлесімін көрсетеді.Айда қазақ поэзиясының терең тамырын сақтай отырып,жаңа заманның үнін сезінеді.Оның шығармаларында адамның ішкі дүниесі,сезімдік әлемі ерекше бейнеленген,ал поэзиясы арқылы өз буынына үн қатып,өз көзқарасын білдіреді.Ақын қыздың өлеңдерінде табиғатқа,туған жерге деген ерекше сүйіспеншілік байқалады.Айданың бойында әдебиетке деген таланты мен тұрақты еңбекқорлығы оны болашақта ірі ақындар қатарына қосатынына және үлкен әдебиет әлемінде есімі жарық жұлдыздай жарқырайтынына сенім зор.

Бүгінгі мектеп жиынында Рахматуллаева Айданың марапатары беріліп,ол өзінің шығармашылығынан өлеңін оқып,өз замандастарына үлгі бола білді.Облыстық «Ақберен» байқауына аудандық кезеңнен оза шауып шыққан ақын қызымыз тағы да жолы болып,2-дәрежелі дипломмен оралды.Айданың алдағы уақытта да биік белесті бағындырарына сеніміміз мол.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2024
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі