400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақындар айтысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра уйірмесіне арналган ақындар айтысы сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мектеп директоры:

Ж.Қ.Уразбаева





25-қазан Республика күніне арналған мектепішілік «Жас ақындар» импровизатор ақындар айтысы іс-шарасының сценариі



Ақындар айтысы мақсаты:

Ұлттық рух пен патриотизмді,өз халқына және оның дәстүріне құрметтеуге тәрбиелеу,эмоционалды интеллекті қалыптастыру,айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы,шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.

Ақындар айтысы міндеттері:Балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту,қазақ тілінің ролін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу.



Реквизиттер: Домбыра,қатысушылардың ұлттық киімдері

Айтыс ережелері:

-Айтыс екі айналымда өткізіледі

1тур- сынып оқушылары арасында

2-тур финалға шығу ушін

-Іріктеу айтыстары раундтардан тұрады.Әр раундтқа әр турлі тақырып беріледі.

«Жаңа күн-жаңа қазақстан»

«Туған жерім-мақтанышым»

«Тілім-тұмарым»

«Тәуелсіздігім-тұғырым»

«Топырақ жыр,торқа жыр»

«Көк тудың желбірегені» т.б



Күй.Балбырауын. Орындайтын Оңғарбек Жұлдызай











1-Жүргізуші:

Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым!

2-жүргізуші:

Қазақтың қасиетті қара домбырасымен жырларын жырлаған Жамбыл мен Айкүмістің,Жамбыл мен Сүйінбайдай ақын бабаларымыздан қалған мұрамыз,Біржан мен сара салып кеткен сара жол ізімен Бүгінгі басталғалы отырған суырып-салма,импривизатор ақындардың мектепішілік «Жас ақындар» айтысына қош келдіңіздер!



1-жургізуші:

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.



2-жургізуші:

Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" . Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.



1-жургізуші:

Олай болса айтысты бастамас бұрын бүгінгі ақындар айтысына төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Мектеп директоры -Уразбаева Жауhар Құттықияқызы

2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –

Кемаладинов Рахымжан Қошқарбайұлы

3.Қосымша білім беру маманы-Сейтенов Жансерік

4.Ұйымдастырушы педагог,қазақ тілі пәні мұғалімі-Қожанова Нұргүл





2-жүргізуші:

Енді Айтыс ережелерімен таныстырып өтсек

-Айтыс екі айналымда өткізіледі

1тур- сынып оқушылары арасында

2-тур финалға шығу ушін жургізіледі.

-Іріктеу айтыстары раундтардан тұрады.Әр раундтқа әр турлі тақырып беріледі.

1-жүргізуші:

Айтыс десе қызықпайды қай кісі

Сөзге шешен,сөзге қазақ бай кісі.

Жамбыл ата мектебінің төрінде

Басталады «Жас ақындар» айтысы.



2-жүргізуші

Айтыс қазақ қанына сіңе білген

Елти тыңдар сөз десе журегімен

,Асылхан-Рахман,Дарын -Аяулымға

Қош келдің деп,сахна төрін берейін мен

1-жургізуші:

Ортада жас ақындар:

1.Асылхан 5-сынып

2.Жұматаев Рахман 6-сынып оқушысы

3.Матжан Дарын 8 сынып

4.Қаратай Аяулым- 8сынып

5.Қайратбек Тойбазар

2-жүргізуші:

Ендеше айтысымызды бастаймыз!

1жұп- Асылхан және Жұматаев Рахман

1-жургізуші:

2жұп-Матжан Дарын және Қаратай Аяулым









-Ендігі кезекті әділ қазылар алқасына берсек.

Сөз кезегі мектебіміздің директоры Уразбаева Жауhар Құттықияқызына беріледі.

Марапаттау

1-орын

2-орын

3-орын

1-жүргізуші:

. «Алдынғы толқын – ағалар, соңғы толқын – інілер» деп ақын Абай атамыз айтқандай, аға буын ақындар тобына жаңа буын – жас ақындар легі қосылды. Осындай жалынды, ұшқыр ойлы, қырағы жастарымыз барда ұлттық өнеріміз ешқашан өлмек емес.

2-жургізуші:

Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру басты мақсат.Бүгінгі «Жас ақындар» айтысын келіп тамашалағандарыңызға улкен алғыс білдіреміз! Келесі мерекелерде кездескенше сау-саламатта болайық!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.03.2026
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі