Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда қаласы Батыржан Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тілеубай Баян Сәрсенбайқызы



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Оқушыларға айтыс өнері туралы толық мағлұмат беріп, оның түрлерімен таныстыру. халық - ақындық жанр мен әншілік, ақындар, аспаптық орындаушылық арасындағы өзара байланысты ояту.
2. Тәрбиелік. Қазақ халық ақындарын оқушыларға таныстыру. Айтыс өнерін қадірлей білуге үйрету. Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын жетілдіріп, қазақтың атадан балаға мирас болып қалған айтыс өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Оқушылардың білімдерін жан - жақты дамыту. Ата – бабаларымыздың салт - дәстүрінен көп мағлұмат беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Нота сауатына арналған кестелер, плакат, буклет.
Ақындар суреті, карточкалар үнтаспа, музыка аспаптары суреттері, слайдтар.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған.Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. 

Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей елі, Дауқара ауылы – 1891, Аягөз) – айтыскер ақынжырауәншісазгер. Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Ол. ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім. 13-14 жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеум. мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтансайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ болыстыққа талас емес”), бақ-дәулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ “Адамның жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. О-дың “Жазы биге”, “Шоң биге айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар. Ол Ш.Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған (“Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты”). Ол. өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б. ақындармен айтысқан.

Жаңа сабақ

Оқушылар, сендер ақынның кім екенін білесіңдер ме? Ақын өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі. Ал енді сол ақындар өзінің суырып салма өлеңге қаншалықты шешен екендігін көрсету үшін арнайы сөз сайысына, яғни айтысқа қатысқан. Ал, айтыс дегеніміз не, балалар?
Айтыс «айтысу» деген сөзден шыққан. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болады.
Айтыстың қандай түрлерін білеміз?
1. Бәдік айтысы Ата бабаларымыз сөзбен ауруды аластап, малды емдемек болған.
2. Жар - жар айтысы. Ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі. Өлең құрлысы 7 - 8 буынды.
Жар - жар әнін айтқызу
өлеңде «қаранасар» деген не мағынаны білдіреді?
Қара жібек кездеме, мата деген мағынаны білдіреді.
3. Қыз бен жігіт айтысы. Ойын - сауықта айтылады. 11 буынды. Басы қайталанып, негізгі ой үшінші, төртінші жолдарында айтылады. Әр әуенге салынып айтыла беріледі.
4. Мақал - мәтел айтысы, жұмбақ айтысы, күй тартысу айтысы, оқушылар айтысы бар.
Ал енді біз ақындар айтысына тоқталайық. Ақындар айтысына сөз өнерін шебер меңгерген суырыпсалма, тез арада жауап бере білетін ақындар қатысады. Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Айтыскер ел тарихы, жер жайын білуі керек. әсерлі болуы үшін домбыра, гармон, қобыздың сүйемелдеуімен орындаған.
Слайдтардан түрлі аспаптардың суреттерін көрсету. Ақындармен таныстыру.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Ой толғаныс

-Балалар біз бүгін қандай тақырыпта жұмыс жүргіздік?

Ортақ тапсырма:

Айтыс ұйымдастыру.

Үйге тапсырма

Ақындар айтысы туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
1764
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11