жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ар – ұждан және абырой туралы 13-сабақ 6-сынып
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: №25 «Жаңа жол» ЖОМ
Күні: 25.11.19ж.
№: 13сабақ
Тақырыбы: Ар – ұждан және абырой туралы
Оқушылардың саны: 17
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық
Мұғалімі: Урбаева Гүлмира
Сыныбы: 6 «А»
Мақсаты: : оқушыларға ар-ұжданын басшылыққа алып, абыройлы болу керектігін түсіндіре отырып, «Ақиқат» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: - "ар-ұждан" және "абырой" туралы түсінігін кеңейту; - шыншылдық қасиетін дамыту; - адалдық пен қарапайымдылыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 3.bilim-all.kz |
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәтi. Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз,
қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға
болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды
өтінемін. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №12 – сабақ. Оқулықта берілген 1 – тапсырманы орындау. 2. №13, «Қара құлып» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.Апасы сандыққа неге қара құлып салады? 2.Қара құлыпты ашар кезде балалар артын ойлады ма? 3.Жақанның бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады? 4.Апасы: «ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер» деген сөзі балаға қалай әсер етті? 5.Адамның бойындағы қандай қасиеттері оны абырой биігіне көтерді? 6.Өзіңнің осыған ұқсас жағдайларда кешірім сұраған кездер болды ма? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
Әбу Нәсір әл-Фараби (барлығы бірге 3 рет қайталайды, дәптерге жазады)
|
Әбу Насыр Әл-Фараби әлемге әйгілі ойшыл
|
Әңгімелеу «Өтірік және шындық» (өсиет әңгімесі) Үш бала орманға барады. Орманда саңырауқұлақтар, жидектер, құстар бар. Олар ойнап жүріп, уақыттарын өткізіп алады. Күннің батқанын байқамай қалады. Үйге бара жатып, қорқады: «Үйде таяқ жейтін болдық!» Бір сәтке жолда тоқтап, өтірікті немесе шындықты айту керектігін ойластырады.
Олардың барлығы үйлеріне тарап кетеді. Бірінші бала әкесіне қасқыр туралы айта бастағанда, орман сақшысы алдарынан шығып, орманда қасқырдың жоқтығын айтады. Баланың әкесі күн батқанша жүргені үшін және өтірік айтқаны үшін еке есе ашуланады. Екінші бала өз атасымен кездескені туралы айтып тұрғанда, олардың үйіне қонақ болып атасы келе қалады. Анасы оғанда екі есе ашуланады. Ал үшінші бала үйіне оралып, өзінің кінәсін мойындайды. Мамасы ашуланып, оны кешіреді. Сұрақтар: 1.Орманда қалып қойған балалар неге қорықты? 2. Ата-аналарына себеп айту үшін қандай амал ойластырды? 3. Үшінші бала неге шындықты айтуды ұйғарды? 4. Үшінші баланың анасы ашуланса да баласын неге кешірді? 5. Шындықты үнемі айту қажет пе? 6.Өздерің осыған ұқсас жағдайға тап болсаңдар, не істер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. |
|
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушылар стикер түстеріне қарай үш топқа бөлінеді. 1-топ: «Адалдық», 2-топ. «Қарапайымдылық», 3-топ: «Шыншылдық», «Шындық» шыңына шығу жолдары бар. Ендеше «Шындық шыңына» сапарымызды бастайық. Ойын-тапсырма Ойын-тапсырмада «Шындық шыңына» жету жолында кедергіден өту үшін әр топ берілген тапсырманы орындайды. Шың басына шығады
«ЖИГСО» әдісі арқылы топпен жұмыс. 1-топ. Баяндаушылар. Сурет қиындыларын құрастыра отырып, адалдыққа байланысты ертегі немесе әңгіме құрастырып жазады.
2-топ.Ізденушілер. «Қарапайымдылық – адамның ең асыл қасиеттерінің бірі» мақал-мәтелдің қиындыларын құрастыра отырып, мәнін ашып кластер әдісіне салып орындайды. 3-топ. Сарапшылар. Жоғарыдағы ой-тұжырымдарды негізге ала отырып «Ар-ұжданыма саяхат» шыншылдықты негізге ала отырып, постер қорғау. Міне, балалар, сендердің көмектеріңмен бәріміз бірге «Шындық шыңына» да шықтық. |
|
Топпен ән айту. Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы Әні: «Ертегілер әні» сазымен 1.Ақиқаттың әнін, Айтамын күнде мен. Бөбек әлемінің сырларын түсініп, Нұрына шомылдым күнні Тыныштық жан - көркем, Керемет ол неткен, Ар- ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп.
Қайырмасы: Құндылықтар – мәңгі әнім, Құндылықтар – өмір мәні Ізгіліктің ғажап күйіне Ертесіңдер сендер.
2. Дұрыс әрекеттер Сүйіспеншілік береді, Тыныштық орнайды, Қиянат болмайды, Адамзатқа әлемдегі. Керемет ол неткен, Ар- ұждан сөйлейді, Жүректі тербейді Бақытқа бізді жетелеп Қайырмасы: |
|
|
1. №13 – сабақ. «Ақылды болсаң, арыңды сақта» тақырыбына эссе жазу. 2. №14, 59-беттегі «Бір билеттің кесірі» мәтінін оқып келу. |
|
Осы сабақта меңгерген құндылықтармен қасиеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. «Біздің топтың жүрегі» топтар пікірлерін жазып қалдырады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген