400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ар – ұждан үні 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: «М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ

Күні: 18.09.2018 жыл

№: 3

Мұғалімі: Шотамбекова Г.К.

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны: 24

Тақырыбы: Ар – ұждан үні

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Ойдың, сөздің және істің бірлігі, шыншылдық, өз – өзіне адал болу.

Мақсаты: Оқушылардың ар – ұждан туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды өз – өзіне адал болуға үйрету

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. http://bilim-all.kz

2.http://bilimsite.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №3 – сабақ. Шәкәрім аталарыңа хат жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №4, «Шын бақыттың айнасы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Шәкәрім өмірдің қандай «бақтары» туралы ой толғады?

  2. Ол өзінің ұзақ жылдары ізденісінің нәтижесінде ой – қортынды жасады?

  3. «Шын бақ айнасынан» қандай ақиқатқа көз жеткіздіңіздер?

  4. Ар – ұжданға сай өмір сүрудің маңызы қандай?

  5. Өзің өмірдің мәнін қалай түсінесің?

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Ақиқат- ар -ұжданның айнасы.

Халық мақалы

Сұрақтар:

  1. Неге ар- ұждан ақиқаттың айнасы?

  2. Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

«Ұят-жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар-адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Адамдық пен ар-ождан, әдептілік пен сыпайылық – сатылмайтын қымбат асыл тас.

Қорытынды: Ар,намыс,абырой – бұл адамның қадір қасиеті.Әрдайым қадір қасиетімізді бағалап,қадірлей білуіміз керек.Өз бойымызға әділдік,адалдық,ар-намыс,ұят ,абырой,жомарттық қасиеттерін сіңіре білген ұл қыздарымыз иманды да,әдепті деп танылатыны сөзсіз.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Тазалық.

 Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта   қомақты әмиан тауып алды.  Жан-жағына қараса ешкім көрінбейді. «Әмиан тауып алдым, кімдікі?» деп айқайлап үш рет айтқандай болды. Дегенмен өз даусын  басқалар түгілі өзі де естімеді. 
Былайырақ шығып алып әмианды ашып қараса ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып, бала шағасының былтырғы ескі ботинка мен киімдермен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та жемегені есіне түсті . «Алла тағала менің көз жасымды көріп осы несібені жіберген шығар»- деген ой келіп, Жаратқанға рахмет айта бергені сол еді, ботадай боздаған, киімі жұпынылау  кісіні көрді. 

--Айналайын адамдар-ау, қайырымды жандар, балаларымның анасы айықпас дертке шалдығып, соны емдету үшін ағайындарыммен жаны жайсаң адамдар  ауыздарынан жырып берген қаржымды әмианымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе балаларымның күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше   маған тезірек  өлім жібере қойшы тәңірім,--  деп  жылайды. 

Әмиан тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланып қалады .......

Ақыры нәпсісін ұяты мен имандылығы жеңіп ботадай боздаған кісінің жанына қалай жетіп барғанын, әмианды ақшасымен қосып қалай бергенін өзі де байқамай қалды.

Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келгенде әмиан тауып алған жігіт сасып қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып әмиан тапқан жігітті қапсыра құшақтай алып: 

---Бауырым, саған үлкен рахмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді, иманды жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, соңғы мокиган сияқты өткен ғасырларда ада болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң осы тұрған бәріміз жабылып саған он жылқы береміз. Ал таба алмасаң бар байлығыңды бізге бересің»- деп қоймаған соң  серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актеры. Өз ролін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де иманды адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмианыңды ақшасымен қоса саған бердім. Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін  он жылқысын  да саған бердім,--деді. 

       Қызық көрмекші болып келген тобырдың еңселері түсіп кетіпті. Өздерінің арасынан әмиан тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты.

    --  Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер бас заманда әлі де тазалықтың бар екенін  дәлелдеген АДАМ деген атыңнан айналайын, әмиан тауып алған жігіт, ---деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Ар»

2 – топ: «Намыс»

3 – топ: «Ұждан»

Тапсырма: «Мақалдарды толықтыру»

1. Жігітке жар қымбат, ... пен ... қымбат. (намыс, ар)

2. Жүйрік ...,
Жігіт намысқа шабады. (алысқа)

3. ... намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет. (жалған)

4. Ердің ... – намыс. (туы)

5. Ар-намысың, ... - ... қалай әмір етсе, солай істе. (жан – жүрегің)


  1. Топпен ән айту.

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Өлеңі мен әнін жазған Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл ән -Бұрынғы әннен өзгерек,

Бұған-Ұйқасты өлең сөз керек

Өзіне орайлы.

 

Денең-Жан нұрлы болса, жөнделмек,

Өлең-Әнге өлшеп айтса, өңделмек,

Ұйқасса қолайлы.

 

Ән - өлшеуіш, Өлең - күміс,

Қоспаңыз мыс,Аралас.

Артық алу, Не кем салу,

Қарпі қалу жарамас. 



  1. Үй тапсырмасы.

1. «Ар – ұжданыма саяхат» тақырыбына эссе жазып келу.

2. «Ұядан ұлы жолға» мәтінін оқып келу.

  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1871
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі