жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Әр бала бір жұлдыз » балабақшамен қоштасу сценарийі
«Әр бала бір жұлдыз »
1-жүргізуші:
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін ,
Бала емес пе, бал бұлақтан жалғайтын?
2- жүргізуші:
Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу» мерекесі.
Бала-біздің болашағымыз. Ал ,әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де,болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз.
1жүргізуші: Олай болса «Балақай» мектепалды тобының жарық жұлдыздарын ортаға шақыра отырып, «Әр бала бір жұлдыз атты» балабақшамен қоштасу шарамызды бастаймыз!
1. Алтыннан да ардақты,
Күмістен де салмақты.
Бақшамыздың мақтаныштары
Амина мен Сұлтанды
2. Әдемі ән айтатын
Көңілді боп үйге қайтатын
Бақшамыздың көңілді бүлдіршіндері
Ақниет пен Ерханды
Қарсы алайық қол соғып
3. Келіңіздер, қошеметпен.
Қол соғайық біз бүгін.
Сахна төрін сәндейді
Әзиз бен Айшагүл!
4.Ақылына көркі сай
Біліміне өзі сай
Бақшамыздың алғырлары
Мансур мен Кәусарды
Қарсы алайық шаршамай.
5.Асқан білімді болатын
Жақсы мақтау алатын
Бақшамыздың білімпаздары
Аруна мен Жанарысты.
Қарсы алайық қол соға!
6. Аспандағы жұлдыздай
Жағадағы құндыздай
Бақшамыздың ай-жұлдызы
Даяна мен Нурисламды
Қарсы алайық шаршамай!
7. Батырлық пен білімді,
Жинаған қос ілімді
Анар менен Батырхан
Болашақтың жыр үні
Қарсы алайық қол соға!
8. Ең ақылды жұбымыз-
Жарасып тұр қарашы
Ақылы мен сымбаты
Қарсы алайық қол соғып
Абулхаир мен Мариямды
Ән: Бақшамызға мың алғыс!
1-жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
2-жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Балалар тақпақтары:
1-бала Балабақша,балабақша Аруна
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Балабақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
2-бала Бұл қуаныш себебін Нурислам
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Ата-анам қуансын
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
3-бала Бір-бірімен сыйласты Ерхан
Татумыз біз баршамыз
Бал достықтың ұясы
Біздің балабақшамыз
Айтып ертегі,әңгіме
Үйретеді әнді де
Беріп кәмпит тамақта
Оқытады сабақты
Айналайын бақшасы
4-бала Балабақша базарлы үй Анар
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
Ән: Балабақша -бақытым!
5-бала Қош бол Айналайын бақшамыз Жанарыс
Естен кетпес есімің
Алғаш ашқан есігім
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
6-бала Сезімді туған баламыз Кәусар
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз
Қуантып әрі қинайды
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Теңізінен өткенім
7-бала Бұл екінші үйіміз Әзиз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер-білім үйреткен
Бақшамызды қимаймыз
Би: Ойыншықтарым
8-бала Балабақша есігін Айшагүл
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп-көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
9-бала Ботақаным бөбек деп Сұлтан
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
10-бала Детский сад,прощай,прощай Даяна
Школа новеньких встречай
Но скучать мы очень будем,
О тебе мы не забудем!
Көрініс: «Тәтті қыз»
Жүргізуші: Қуаныштан шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып,
Би билейік балақай!
Би: « Біріншіге барамын»
Жүргізуші:
«Айналайындай» балабақшаны,
Еңбегімен тәнті еткен.
Бар балаға өзінің,
Өнер жолын үйреткен.
Ұстаздарға арналған ,
Жыр маржанын шашайық!
Ұстаздарға жыр маржаны:
Аруна: Бақшамыздың тірегі
Ұлы -қызы сүйеді
Гүлдендірген
бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан
да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Нургул Габитовнаға мың алғыс
Кәусар: Ұстаздардың ұстазы
Маманы оның әдіскер
Апайларға қарасақ
Ақылына көркі сай
Мақтан етем әрдайым
Жұлдыз Бақытжановнаға мың алғыс!
Әзиз:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Анар апайға мың рахмет
Анар: Үйретіп әнді,билерді
Өткізуге кештерді
Дайындайтын біздерді
Толқын апайға мың алғыс
Сұлтан: Жаттығулар жасатып
Шынықтырар біздерді
Денемізді тік ұстап
Сұлу болып өстік біз
Айдос ағайға мың алғыс!
Ерхан:
Тәтті
тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы апайларымыз
Сіздерге де мың алғыс
Ақниет:
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Айгерім апайға көп рахмет
Амина:
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Айтамыз біз мың алғыс
Женни,Амандық апайға!
Барлық бала қосылып: «Барлығыңызға мың алғыс!»
Ән: «Тәрбиеші»
11-бала Мектепке енді барамыз Мансур
Оқимыз сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
12-бала Наш любимый детский сад Абулхаир
Всем гостям сегодня рад
Нас,детей,он проважает
На путь взрослый наставляет
Будем помнить мы всегда
Не забудем никогда
Как здесь время проводили
Как добром окружили!
13-бала Үлкендердей тап-таза Мариям
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз
Жүргізуші: Қарашы, бүгінгі күн қандай,
Қалайша қаласың нұрланбай?
Вальс билесе түлектер
Жер шары айналып тұрғандай!
Би: «Қоштасу вальсі»
Ән: Біз мектепке барамыз
Дипломдары,балаларға сыйлықтары
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Бүгін бақшамыздан ұшып бара жатқан түлектерімізге тек қана ақ жол тілеп, білім көгінде қанаттары талмай самғай берсін деген тілек айтамыз.
Келесі құттықтау сөз кезегін бақшамыздың меңгерушісі Нүргүл Габитовнаға береміз.
Марапаттау сәті
Бекітемін:
№42 «Айналайын»балабақшасы»МКҚК
меңгерушісі
Н.Г.Шугаева
«Әр бала бір жұлдыз!»
атты балабақшамен қоштасу салтанатына арналған сценарий
Тәрбиешілер: Абдуова Ж.А
Жусупова А.О
Ақтөбе- 2025

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген