400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әр бала, болашақ данышпан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша педагогтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әр бала, болашақ данышпан»

Кусаинова Бибинур Абилгапаркызы № 184 бөбекжай балабақшасының әдіскері Алматы қаласы, Наурызбай ауданы

Мақсаты: Балалардың математикаға қызығушылығын арттыру. Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сандарды тура және кері санауға дағдыландыру. Биік - аласа, үлкен - кіші, ұзын - қысқа, жуан - жіңішке ұғымдарын қалыптастыру. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ғажайып сандық, сиқырлы шарлар, геометриялық пішіндер, түрлі - түсті ленталар, доптар. Түрі: Интеллектуалдық сайыс Тәрбиеші: Білім - деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім - деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - деп, бүгінгі «Әр бала, болашақ данышпан» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа үш топ қатысады. Әр топта алты баладан болады. Ойынымыз төрт кезеңнен тұрады. Өту барысы:

  1. «Сиқырлы шарлар»

  2. «Ойнай білмеген, ойлай білмейді» Ойлан тап: «Неге ұқсайды?»

  3. «Кім тапқыр?»

  4. «Логокалық есептер»Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазыларды тағайындап алайық.

1. «Нұр Отан» мүшесі

2. Медбике

3. Психолог

Тәрбиеші: Көңілді ойын жасайық,

Батыл қадам басайық.

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық.

1- бөлім: «Сиқырлы шарлар». Шарлардың ішінде тапсырмалар берілген. Балалар шарларды жарып, тапсырмаларды орындайды. 1.Тапсырма : 2.Тапсырма: 3.Тапсырма:

Ал келіңдер, келіңдер,

Бәрің, бәрің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Пішіндерді біліңдер

2 - бөлім: Шарты: үш топқа бірдей геометриялық пішіндер беріледі, сол пішіндерден суреттер құрастырады. 1.топ: Балық құрастырады.

2. топ: Балапан құрастырады.

3.топ: Үй құрастырады. 3- бөлім: «Кім тапқыр?» бұл бөлімде әр топқа екі математикалық жұмбақтар беріледі.

1.Табақта бір алма,

Ұолымда үш алма.

Барлығын қосқанда,

Шығады неше алма? (4)

2. Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? (3)

3.Ақ балапан,

Сары балапан.

Шұбар балапан,

Қара балапан.

Барлығы неше балапан?(4 )

4.Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (2)

5.Табақта тұр бес өрік,

Қандай тәтті жесе өрік.

Бесеуінде жеп қойсам,

Қалады сонда неше өрік?(0)

6.Көлден ұшты 4 қаз,

Қайтып келді 2 қаз.

Ұшып кетті нешеуі? (2)



Тәрбиеші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін балаларға берелік.

Арамызда тапқыр бала көп екен,

Солардың жауаптарын көрелік.

4-бөлім: Логикалық есептер: Шарты (қай топ бірінші жауап береді)

1 Ағашта екі торғай бар еді, оның біреуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды? (бир)

2.Құста неше тұмсық бар?(бир)

3.Адамда неше көз бар? (екі)

4.Үшбұрышта неше бұрыш бар? (үш)

5.Екі қоянның неше құлағы бар?(төрт)

6.Жұлдызда неше бұрыш бар? (бес)

7.Бос ыдыста неше алма бар?(нол)

8.Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе? (қоян)

9.Аулада бес балапан жүр. Тауық еліп бір балапанды ертіп кетті. Неше балапан қалды (төрт)

10.Геометриялық пішіндерді ата? (үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, бесбұрыш)

11.Ағылшынша бір ден бес ке дейін үш тілді санау. 12.Бес саусақты қолғапта неше саусақ бар?

13.Бір аптада неше күн бар?

14.Бағдаршамның неше көзі бар?

Тәрбиеші: Сайысымыз осымен аяқталды. Қай топ жеңіске жетті екен көрейік. Көп пішін жинаған топты жеңімпаз деп номинация бойынша мадақтау.

Тәрбиеші:Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегінде болсын кез.

Осымен «Әр бала, болашақ данышпан» атты сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі