жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Әр жыл мезгіліндегі құбылыстар
Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Сабақтың оқытылу мақсаты: Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау.
Күтілетін нәтиже:
Барлық балалар:
бақылауға қатыса алады;
маусымдық өзгерістерді атай алады;
табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;
Көпшілік балалар:
маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін анықтай алады;
маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін айта алады;
практикалық жұмысты орындай алады;
Кейбір балалар:
бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.
Тілдік мақсат: Дағдыны дамыту: маусымдық өзгерістерді бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту,ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.
Көптілділік:
Жыл мезгілдері- времена года-seasons
Қыс- зима
Көктем- весна
Жаз –лето
Күз – осень
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Маусым, маусымдық өзгерістер, жыл мезгілдері, табиғат құбылысы т.б.
Өткен сабақтардан алған алған білім: Маусымдық өзгерістер туралы ұғымдар: қарапайым бақылау дағдылары.
Жоспар
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
1.Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату. 0-5 минут |
Шаттық шеңбері. Көкке шуақ шашылып Армысың шұғылалы Алтын-күнім, Армысың еңселі елім менің, Армысың бақ дәулетті жерім менің Армысың асқар тауым, көлім менің. Армысың дос-жараным Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздерме қонақтар.
«Ойыншық ілу» ойыны. /Өткен тақырыпты пысықтау./ Балалар, табиғат құбылысы дегеніміз не? Табиғат құбылыстарына қандай құбылыстар жатады? Табиғат дегеніміз не? Қар қай мезгілде жауады? Жаңбыр қалай пайда болады? Жаңбырдан соң не пайда болады? Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? |
Шаттық шеңберін жасайды.
Сұрақтарға жауап береді. |
||||||||||||||||||||||
6-8 минут |
Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді. |
Топтарға бөлінеді. |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы 8--28 минут |
1-тапсырма бойынша жұмыс. «Маусымдық өзгерістер» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу. Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру.
Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Сай-салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Көктем)
3.Өрік,алма, Жидек жүзім піседі. Қауын-қарбыз. Қияр,сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп, Қырман дәнге толады. Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Жаз)
4.Бұлттар төніп, жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай мезгіл болады? (Күз)
Слайдтан сурет арқылы әңгімелету. Балаларға жыл мезгілдері туралы сұрақтар қою.
Ертегі: «Жыл атайдың төрт баласы» Ерте, ерте, ертеде Жыл атай өмір сүріпті. Ол бүкіл табиғат құбылыстарының иесі болыпты. Табиғаттың әрбір мүшесі Жыл атайдың құзырында екен. Жыл атайдың мінездері әртүрлі төрт баласы болып-ты. Бірінші баласының аты – Қыс екен. Оның мінезі өте қатал, ашушаң болған екен. Мінезінің қатты болғанымен, көңілі пәк, ниеті түзу екен. Бірақ ашуланса, бүкіл әлемді өзінің суық ызғарымен тоңдырып тастай-тын көрінеді. Ал үлкен баласынан кейінгі баласының аты – Көктем екен. Көктем өте көңілді, жайдары, жан-жағына шуағын, нұрын төгіп жүреді екен. Қыс ағасының ашуланған кезінде осы Көктем ашуын басып, сабырға келтіріп отыратын көрінеді. Көктемнің ерекшелігі бүкіл тіршілік иелеріне мейірлене қарап, жан бітіреді екен. Сондықтан оны жануарлар мен өсімдіктер патшалығы ерекше құрметтейді екен. Бірақ Көктем кейде мұңайып та қалады екен. Осындай мұңайған сәтте көмекке келетін үшінші баласы Жаз екен. Жаз Жыл атайдың барлық балаларының ішінде ең жайдары, ең мейірімдісі екен. Жаз бүкіл жер бетіне өзінің ыстық шуағын төгіп, жеміс-жидектердің пісуіне септігін тигізеді екен. Жазға бүкіл гүлдер патшалығы бағынатын көрінеді. Бүкіл жәндіктер мен жануарлар да оған дән риза. Жыл атайдың ең кенже баласы – Күз екен. Күз үнемі мұңайып, томсырай-ып жүреді екен. Бірақ кейде қуанышты сәттері де болады. Томаға тұйық мінезіне қарамастан, Күз өте жомарт, қолы ашық екен. Әсіресе, оған Адамдар патшалығы дән риза. Өйткені астықпен, жеміс-жидектермен, көкөністермен қамтамасыз ететін осы Күз екен. Жыл атай әр баласының мінездерінің ерекшеліктеріне қарамастан, оларды өте жақсы көріпті. – Ертегі не жайында айтылған? – Жыл атайдың қанша баласы бар екен?– Ертегіде қандай мезгілдер туралы айтылған? |
Әліппе дәптер (1-тапсырма)
Жұмбақтардың жауабына байланысты суреттер /слайд арқылы/
Мұқият тыңдайды. |
||||||||||||||||||||||
|
2-тапсырма бойынша жұмыс. Көктем мезгіліне тән құбылысты тап. Мезгілдегі өзгерістер туралы әңгімеле. Көктемде ең алғаш шығатын қандай гүл? Сергіту сәті.
3-тапсырма бойынша жұмыс. Әліппе дәптермен жұмыс. Балалар жылдың қай мезгіліне сай киінген? Сәйкестендіру.
Дидактикалық ойын. « Суретті жалғастыр». 1-топ. Жаз мезгілінің суретін салу. 2-топ. Көктем мезгілінің суретін салу. 3-топ. Күз мезгілінің суретін салу. 4-топ. Қыс мезгілінің суретін салу. Балалар суреттерді аяқтау арқылы 4 жыл мезгілін шығарады. Кім қандай жыл мезгілін құрағанын айтып береді. (кімнің салған суреті, қай мезгілін салғандарын сұрау) |
Әліппе дәптермен жұмыс.
Қимыл қозғалыс арқылы жасайды.
Сәйкестендіреді.
Балалар талдайды.
|
||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау. 28-30 минут |
«Саяхатқа шығайық». Далаға бір сәт саяхат жасайықшы.
«Жетістік» баспалдағы. Өте жақсы түсіндім- қарды жабыстырады. Жақсы түсіндім – жапырақты жабыстырады. Орташа түсіндім – себелеп тұрған жаңбырды жабыстырады. Ештеңе түсінбедім - алманы жабыстырады. Мадақтау. Жарайсыңдар балалар! Сау болыңыздар.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген