жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№74 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебі
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

Абай ауылы
2017-2018 оқу жылы
Мақсаты:
-
Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында еліміздің тарихына шолу жасау.
-
Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды,елін сүю, еліне,халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
-
Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру .
Көрнекілігі : Үнтаспа, слайд, кітап көрмесі, түрлі қанатты сөздер.
«Желтоқсан желі ызғарлы»
«Желтоқсан жылнамасы»
«16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні»
«Желтоқсан ерік тарихымыз»
Жүргізушілер:
Қуандықов Сүндет 9 б сынып оқушысы
Әмірбек Аружан 9 а сынып оқушысы
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар!
2 жүргізуші: Қайырлы күн ел тарихын зердесіне тоқыған мектеп оқушылары!
1 жүрг: Бүгін мектеп қабырғасында ерекше күн. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі-әр Қазақстандықтың жүрегін шаттыққа бөлейтін дүбірлі оқиға. Егемен еліміздің бүгінгі шуақты күндеріне жету оңай балмағаны баршамызға мәлім.
2 жүрг: Баянды тәуелсіздігімізге жол ашқан тарихымыздың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының барлық қатысушыларына мың алгыс.
АӘД жетекшісі: Мектеп! Түзел, тік тұр!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына
қарап сап түзендер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
енгізілсін!
(Туды енгізу
рәсімі)
2
жүрг:
Туды
шығарушылар:
Әбдікерім Асан 11а сынып оқушысы
Маханбет Аягөз 11ә сынып оқушысы
Әмзе Шырынгүл 11а сынып оқушысы
1
жүрг:
Шайқалмасын ешкімнің
шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан
ұланы.
Енді ағайын, көгінде
қалықтасын,
Қазағымның қастерлі -
Әнұраны!
ҚР-ның Әнұраны
орындалады.
1
жүрг:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі
қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз
көтерілістің
бірі.
2
жүрг:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне
қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық
уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол
жеткізді.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, айналайын жас Қайраты
халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей
маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым
бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан
алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
2-оқушы:
Жас арудың жанарында –
Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –
Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған
халқымның,
Қара тұман қабағында –
Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да –
Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да –
Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына
жуынып,
Абақтыға тастаған да –
Желтоқсан.
Намысымның шырағы да –
Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да –
Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да -
Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да –
Желтоқсан.
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей
ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді
нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан
келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді
бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен
келмейді,
Бізге оны ешкім аяп
бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат,
Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп
өлгені.
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып
көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге
келгелі.
Қайғы шаңы басты менің
денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен
енді.
Жолдаған сәлемімді дос
алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп
қалғаны.
Айта берем, айта берем
қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің
тағдырым.
Тағдыр мені аямады,
қорлады,
Жалынсам да, жыласамда
болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ
менің,
Армандаған ақ сәулеге
жетпедім.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр
басын,
Қазаққа бақыт
орнасын.
Сексен алтыншы
жылғыдай,
Желтоқсан желі
болмасын!
Күн кешіп лапылдаған
жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның
аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба
дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар
бастарын.
2
жүрг:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан
қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері
қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады.
Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал
шыбықтай жастарымыздың өмірін
үзді.
1
жүрг:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы
үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат.
Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін
тебірентеді.
2
жүрг:
Осы өлең жолдарында Қайраттың қатты қиналып
Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге
болады.
Орыны ағалардың бізбен
толсын,
Сәбилер ағалардың жолын
қусын.
1минут үнсіздікпен еске
алайық,
Аруақ ағалардың ырза
болсын.
1 минут үнсіздік
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
Музыкалық номер: ән «Желтоқсан желі»
Жолдасова Жанерке, Төрехан
Данияр
Видео ролик «Желтоқсан
желі»
2
жүрг:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған
айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ
ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған
жоқ.
1
жүрг:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың
орнына Колбин келіп, 17-сі күні жастар Брежнев атындағы алаңға
бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік
күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б.
таратады.
2
жүрг:
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан
байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана
болса да, осы 26 жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен
өрнектейміз.
1-
жүрг:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет
Н.Ә.Назарбаевты президент етіп
сайлады.
Видеоролик «Тәуелсіздік күніне арналған»
Музыкалық номер№ Флешмоб
2 -жүрг: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
1 -жүрг:1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
2 -жүрг: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
1- жүрг: 2011 жылғы 6 шілдесінде, яғни Елорда күнінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды
2-жүрг: «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Ал бүгін «Жас Ұлан» ұйымына жас бүлдіршіндеріміз 2 а,ә,б сыныптарының оқушыларын «Жас Қыран» тобына қабылдағалы отырмыз.
1-жүрг:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері – ұйымға қабылданушы оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар
2-жүрг:
Бүгінгі жиынымыздың тағы бір жауапты сәті, ант тапсыру рәсімі «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
-
2 «А» сынып оқушыларының ант берулерін тыңдаймыз
-
2 «Ә» сынып оқушылары
-
2 «Б» сынып оқушылары
1
жүрг:
Құрметті оқушылар «Жас Ұлан» балалар ұйымының
«Жас Қыран» тобына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді
еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға
тілектеспіз.
2-жүрг:
Есті ерлер жүрмейді желік
ертіп,
Елеулі іске қосар
емірентіп.
Бүгінгі кеш директор
апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей
отырып,Селтанова Бебіткүл Алтынбекқызына сөз
береміз.
Келген қонақтарымызға сөз береміз
1-жүрг:
ҚР Туы шығарылсын
АӘД жетекшісі: Мектеп! Түзел, тік тұр!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарап сап түзендер!
Гимн
Көк ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді.
Музыкалық номер № Бектан Ғазиза
«___________________»
әні
1
жүрг:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан
оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас.
Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы
наразылықтың көрінісі болмаса
керек.
2
жүрг:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына
31 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты
болсын!
Енді тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген