400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ар-намысым, қасіретім, қуанышым–Желтоқсан!».docx

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиесағатыныңтақырыбы: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым–Желтоқсан!»

Мақсаты:

білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.

тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға,елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығымен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясымен интонациясын дамыту.

Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақылсөздер, кітапкөрмесі. 
Жүрубарысы: 
1-жүргізуші: Азамат 
Ассалаумағалейкум, халқымменің! 
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім. 
Мереке басы болсын берекенің, 
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін 
2-жүргізуші: Айзада 
Армысыздар, құрметтіұстаздар, ата-аналар және Тәуелсізеліміздің ұлағатты ұрпағы. Бүгін Отанымыз Қазақстанның 
Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл баршаңызға құтты болсын!
1-жүргізуші: Азамат 
Тарихымызда
ерекше орны бар, халқымыздың қасіретімен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға–бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы 
Әр
дәуірдің еркіне сай 
Нарқы
өзгерген алтынның. 
Айналайын,
алтын әнім, 
Жас өркені
халқымның. 
Желтоқсанда
шындық жырын 
Шырқаймын
деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда
егеменді, 
Ел болсақ
деп талпындың. 
2-жүргізуші: Айзада 
1986 жылы 17 – желтоқсанда
Алматықаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп, шеругешықты. Олар«қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. 
1-жүргізуші: Азамат 
Сол
кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өзелінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар»деген кінә тағылды.

Жеңісбек:


Нашақор деп, ұлтшылдеп, 
Қазаққа күйе жаққан күн 
Базары кетіп бір күнде 
Қайғыға халық батқан күн 
Әділдікпен шындықты 
Өтірік жала жапқан күн. 
Надан жасаған сұмдықтан 
Адамдар азап шекккен күн, 
Қасқалдақ ұшып көлінен 
Шүрегей келіп қонған күн. 
Қырандар қуып көгінен 
Қарғалар билік алған күн. 
Дана: 
Шектеліп ана тіліміз, 
Оқылмай өлең-жырымыз 
Жабылып жатса мектептер 
Жадырар қалай күніміз? 
Тарылып жатса даламыз 
Қайтіп біз тынысаламыз? 
Қақымызда жоқ айтуға 
Әділет қайдан табамыз? 
Сәбит: 
Бұрқетті қазақ баласы 
Кеудеге өршіп наласы 
Алаңға қарай ағылды 
Таусылып барлық шарасы 
Жанымыз жомарт қазақпыз 
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз 
Қосайық басты, бауырлар, 
Жанайық жансақ маздапбіз. 
Медет: 
Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар, 
Соққыға мұндай, қасап қақандай жаншыдар? 
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап, 
Ауылда жатқан мағанда тиді тамшылар. 
Динара: 
Қақап күннің ызғары 
Сүйектен өтіп кеткен күн. 
Қаракөз қазақ қыздарын 
ОМОН-дар бастан тепкен күн 
Қариялар итке таланып, 
Ер басын күрек шапқан күн 
Аппақ қар қанғабоялып, 
Қып-қызыл мұзбопжатқан күн 
Берікқали: 
Жас арудың жанарында–Желтоқсан, 
Қанды ғасыр табанында–Желтоқсан 
Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 
Қара тұман қабағында–Желтоқсан. 
Жауыздықты жасағанда-Желтоқсан 
Жаңа ғүмыр бастағанда–Желтоқсан 
Жазықсыздың көз жасына жуынып, 
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

2-жүргізуші: Хор: «Желтоқсанжелі»


1-жүргізуші: Азамат 
Иә, бұлкүнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. 
2-жүргізуші: Айзада 
Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы– 30 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. 
1-жүргізуші: Азамат 
Оның айғағы–дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.

Жәнібек 
Желтоқсан–тарихым да әйгілі күн,


Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін 
Ерлерім елдік үшін атой салып, 
Еншілер қайтарған бәйгелі күн. 
Сағыныш: 
Желтоқсан тағдырларға азалы күн, 
Қайраған намыстарын мазалы мұң. 
Қыршынынан қиылған боздақтары 
Қалар мәңгі есінде Қазағымның. 
Лаура: 
Желтоқсан–қайсар ерлік, қуаттыкүн, 
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым. 
Тәуелсіздік билігі қолға қонған- 
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн. 
Зоя: 
Желтоқсан–жадымызда жаралы күн 
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң 
Еркіндік, егемендік, елдігімді 
Емірене аңсады саналы ұғым.

Ақмарал: 
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға. 
Азаттық деген ұғымның 
Желтоқсан тұрар басында! 
2-жүргізуші: Айзада 
Ән: «Алға Қазақстан» 
Орындаушы: Өтебек Аслан 
1-жүргізуші: Азамат 
Күндік кешпей, мұз кешпей, 
Ат артында міңгеспей, 
Мұңдық болып мұңаймай. 
Тәкапәр нағыз құдайдай 
Қасқайып қарап тұратын 
Ағасы өлсе іні боп, 
Жауына қарсы шығатын, 
Арыстандай алысып, 
Жолбарыстай жұлысқан 
Қыздары көп қазақтың–демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік. 
Жұлдыз: 
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қазатапты. 
2-жүргізуші: Айзада 
Желтоқсанның қазаққа 
Ызғары көп тастаған 
Намыстан өлген ұлтымның 
Қыздары көп, қарағым 
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек. 
Жазира: 
Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз. 
1-жүргізуші: Азамат 
Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қан мен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті. 
Тәртіп қорғау санаға екті нені, 
Өз халқына ойпырмай кектіме еді? 
Азаматты сойылмен қанға бояп, 
Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік. 
Сағындық: 
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол–Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 20:00-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігерімен ерлігін мәңгі есімізде сақтап, аруағына басиеміз. 
2-жүргізуші: Айзада 
Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап босқалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жасөркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды. 
Соның бірі–Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді. 
Гүлназ: 
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны«Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады. 
1-жүргізуші: Көрініс: «Қайраттыңтұтқындалуы». 
2-жүргізуші: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбековте бар еді. 
Миллиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар! 
Савицкийді өлтірген сенбе ? 
Қайрат: - Жоқ, мен емес! 
Миллиционер: - Сен өлтірген мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір 
құтылмайсың бұзақы 
(Қайратты алып кетеді) 
1-жүргізуші: Би:
2-жүргізуші: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді. 
(жай музыка жүріп тұрады.) 
Жарасқан: «Түрмежыры» 
Тор темір жамбасыма тақылдайсың, 
Өзіммен бірге туған жақындайсың. 
Телміріп темір торға қаматқанша 
Сұм дүние, бұл жалғанна неге алмайсың, 
Ауылдағы жақсы екен ғойсалған әнім 
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін, 
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып, 
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім 
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік, 
Ас берер ортасында жалғыз тесік, 
Күніне ұстатады үш тілімнан 
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп 
1-жүргізуші: 
Көрініс: «Қайратты тергеу сәті». 
2-жүргізуші: Тұрыңдар! Сот келеді. 
Тергеуші: Сот процесін бастаймыз! 
1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат 
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба? 
1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында 
таяғымен түскен суреті бар. Ол–ұлтшылҚайрат оңбаған! 
Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың 
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па? 
2-куәгер: Рас– рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің 
қолымда түсірген бейне таспа бар. 
Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін. 
Қайрат: Мен ұлтшылда кінәліде емеспін. 
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп  табамын. 
Қайрат: Хақ. О халқым! 
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына 
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Меніңде соңғы ақтық сөзім 
бар. 
(Қайғырған музыка журіп түрады) 
Ақтық сөзі:Ақтық сөзін айтады 
Тергеуші: Сот процесі аяқталды. 
1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты. 
2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлт жанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік. 
1-жүргізуші:Ән «Көк тудың желбірегені» 





2-жүргізуші: Хор: «Атамекен» 
1-жүргізуші: ОсыменТәуелсіздікмерекесінеарналған«Арнамысым, қасіретім, қуанышым–Желтоқсан!»–атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі