ӘР ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӘР ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақта танымдық материал ретінде пайдалануға болатын презентация. Бастауыш сынып оқушыларына сөзбен жеткізгеннен гөрі көру арқылы есте сақтауға тиімді. Әрі өткенсабақты қайталай отыра жаңа сабақпен сабақтастыруға болады.Презентацияда берілген суреттер арқылы оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеуге болады. Уақыт үнемдейтін ұстаздарға көмек болса деймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» бөлімдері бойынша №1 жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және


нақты ақпаратты анықтау


А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру,


шағын диалогке қатысу

Бағалау критерийі

Білім алушы


Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын


ажыратады


Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді


анықтайды


Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты


түсінгендігін көрсетеді

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма



Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.


Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.

Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.

Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап.

Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.


Ақпараттар

+ дұрыс

- бұрыс

Мақсаттың әкесі әбден қартайды.


-

Ұлы мен келіні атасына тамақты

+


бөлмесіне апарып берді.



Қарт ыдысты сындырып алды.

+


Мақсат темірмен ойнап отырды.


-

Ұлы мен келіні атасына қамқорлық

+


жасайтын болды.









2-тапсырма

Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.









3-тапсырма

Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз (әр жұпқа 2 минут беріледі).

  1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары).

  2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).

  3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар).

  4. Менің сыныптастарым (достық).

  5. Бағалау критерийі

    Дескриптор


    Балл



    тапсырма






    Білім алушы




    Ақпараттардың

    1

    мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды:



    мәтінге қатысты


    1-ақпарат


    1


    дұрыс-бұрыстығын


    2-ақпарат


    1


    белгілейді


    3-ақпарат


    1


    Мәтіндегі негізгі

    2

    мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты

    төрт



    ақпаратқа қатысты


    сөз немесе сөз тіркестерін анықтайды:




    тірек сөздерді


    1-сөз, сөз тіркесі


    1


    анықтайды


    2-сөз, сөз тіркесі


    1




    3-сөз, сөз тіркесі


    1




    4-сөз, сөз тіркесі


    1


    Шағын диалогке

    3

    тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды;


    1


    қатысу арқылы







    сұрақтарға лайықты жауап береді;


    1


    сұрақты







    шағын диалогке қатысады.


    1


    түсінгендігін






    көрсетеді






    Барлығы




    10








    Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік).
  6. Менің мектебім (мектеп ғимараты, сынып бөлмелері).

«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби


шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау


Ж2. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты,


белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу


ТБ1.1. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата


білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау

Бағалау критерийі

Білім алушы


Мәтін тақырыбын анықтап, кейіпкерлер мен


олардың әрекетін сәйкестендіреді


Мәтіндегі жалпы, жалқы есімдерді анықтайды


Суретке қатысты оқиғаны сипаттап, құрылымы


сақталған мәтін жазады

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут


1-тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.


_____________________


Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан  көршісіне:

-Екеуміз  бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-дейді. Көкек:

-Менің ұя салатын қуатым да,  қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға  кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.

2-тапсырма

Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.


Кейіпкер


Әрекеті

Сауысқан


Даусы қарлығып, тілі сақау болды.



Ұясы да, үй-іші де жоқ.

Көкек


Көкектің көмегін күтпей ұя салуға кіріседі.



Ұяның астына мамықтан төсек төседі.





3-тапсырма

Мәтіннен жалпы есімдерді теріп жазыңыз.


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________


4-тапсырма

Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі үй жануарлары және олардың пайдасы туралы шағын мәтін жазыңыз (50-60 сөз).


Тірек сөздер: Төрт түлік мал, сүт, ет, мекен етеді, қорек, мейірімді , қамқорлық танытады, ауыл адамдары, таңғалады, қызмет етеді



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл



тапсырма





Білім алушы



Мәтін тақырыбын анықтап,

1

мәтінге ат қояды;

1


кейіпкерлер мен олардың








әрекетін сәйкестендіреді





2

кейіпкерлер мен олардың әрекетін

1



сәйкестендіреді;







Мәтіндегі жалпы есімдерді


мәтіннен 5 жалпы есімді анықтайды;



анықтайды


1 жалпы есім

1



3

2 жалпы есім

1



3 жалпы есім

1







4 жалпы есім

1




5 жалпы есім

1


Суретке қатысты оқиғаны


мәтінді кіріспе, негізгі, қорытынды

1


сипаттап, құрылымы

4

бөлімдерге бөліп жазады;



сақталған мәтін жазады






суретке сай оқиға құрастырады.

1


Барлығы



9



2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша №1 жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың


синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану,


ойын жеткізе білу


А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,


соған сүйеніп баяндау


Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты


ақпаратты анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы


Сөздерді антоним, омоним, синонимдерімен қатар



қолданады


Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады


Жоспарға сай баяндайды


Нақты ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі



Орындау уақыты

15-20 минут


1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып айтыңыз.


Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. «Нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.
«Ұлы Жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон Рихттофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.



Халық _________________________

Жеткізген _________________________

Бұрыңғы _________________________

Атақты _________________________











2-тапсырма

Мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз. Жоспарға сай мәтінді жұбыңызға мазмұндаңыз.


Кіріспе бөлім _________________________

Негізгі бөлім _________________________

Қорытынды бөлім _________________________


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл



тапсырма





Білім алушы



Сөздерді

1


нақты ақпараттардың синонимін



синонимдерімен



табады;



қатар қолданады



1-синоним

1





2-синоним

1





3-синоним

1





4-синоним

1





сөздерді синонимімен бірге баяндауда

1





қолданады;



Мәтін мазмұнына сай

2


мәтін мазмұны бойынша шағын

1


жоспар құрады


жоспар құрады;



Жоспарға сай



жоспар бойынша мәтінді

1


баяндайды



мазмұндайды.









Барлығы




7




Оқу мақсаты

О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби


шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау


Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп,


үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс


жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды


қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы


Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды


Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін


орынды қолданады

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі


Орындау уақаты

15-20 минут

«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық №2 бағалау


1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.

Көп тамшыдан су пайда болады. Сусыз өмір жоқ. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.

Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

Су – тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз,шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан – жануарлар,балықтар, құстар да ауыз сусыз өмір сүре алмайды. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2,5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға қоқысты тастауға болмайды,жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз «Суды бекерге төкпе», «Судың да сұрауы бар» деп айтатыны сондықтан.



Ақпараттар


+ дұрыс

- бұрыс



Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды


+




бола бермейді






Көп тамшыдан су пайда болмайды.



-



Ауыз су сулардың 2,5 пайызын құрайды.


+










Суға қоқысты тастауға болады.



-









Жан –жануарлар,балықтар,құстар да ауыз сусыз өмір сүре алады.



-





2-тапсырма

Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.


_______________________________________________


3-тапсырма

Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.

Мәтіндегі тірек сөздер (5)












4-тапсырма

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Тыныс белгі мен орфографиялық нормаға сай жазуға тырысыңыз.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл



тапсырма





Білім алушы



Әдеби мəтіннің

1

мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты



тақырыбын


белгілейді;



анықтайды

2

1-ақпарат

1



2-ақпарат

1





Орфографиялық


негізгі тақырыпты анықтайды;

1


норманы сақтайды,





3

мәтіндегі бес тірек сөзді табады;



тыныс белгілерін




1 тірек сөз

1


орынды қолданады.




2 тірек сөз

1




3 тірек сөз

1




4 тірек сөз

1




5 тірек сөз

1



4

тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін

1




жазады;

1




тыныс белгісін дұрыс қояды;

1




орфографиялық нормаға сай жазады.

1







Барлығы



12





3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Денсаулық зор байлық» бөлімі бойынша №1 жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

5Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде


сұрақтарға жауап беру


5. А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру,


соған сүйеніп баяндау

Бағалау критерийі

Білім алушы


Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді


Жоспар бойынша баяндайды

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі әрі нәзігі. Мұнысы, әсіресе , дене шынықтыру сабағында аңғарылатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанатын.

Тез өсіп, үлкен болу – оның арманы еді. Ағалары ауланың бір бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды. Дене шынықтыру, спортпен айналасу Бейбіттің бұлжамас әдетіне айналды. Бейбіт мектепті бітірген жылдың жазында бокс үйірмесіне қатысатын болды. Оның бокс өнеріне деген ынта-ықыласы арта түсті.



Сұрақ

Жауап

1

Бейбіт нені арманды?



2

Бейбіттің бұлжымас әдеті не болды?


2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Спорт – денсаулық кепілі

Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Оқушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.

Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз. Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.


Жоспар

1._________________________


2._________________________


3._______________________


3-тапсырма


1-тапсырмадағы мәтінге сүйеніп, мәтінге ат қой.

Бағалау критерийі

Дескриптор


Балл




тапсырма








Білім алушы





Мазмұнға

бағытталған

1

сұрақтарға

мәтін

мазмұны



сұрақтарға жауап береді


бойынша 1

сөйлеммен жауап






береді;








1-сұрақ



1





2-сұрақ



1


Мәтін мазмұнына жоспар

2

мәтінге жоспар құрады;


1


құрады,

соған сүйеніп





1


баяндайды





1




3

жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын

1





баяндайды.





Барлығы






6





3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Аспан әлемінің құпиялары» бөлімібойынша №2 жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

5.О1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау


5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен


талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама,


хабарландыру, хат жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы


Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды


Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс


қолданып, хабарландыру, хат, хабарлама жазады

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут



1-тапсырма

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Шоқжұлдыздар.
Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқ жұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқ жұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп жорамалдаған. Аристотель заманынан бастап ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді деп ойлаған. Аспан хрусталь сфера, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамалдаған. 16 ғасырдың соңында Джордано Бруно жұлдыздар Күн сияқты аспан денелері деген пікір айтқан. 

Қазақстанда жұлдыздарды астрофизика институтында зерттейді. Неміс ғалымы Бессель аспан әлемін зерттеген. Бессель жаңа апсан денелерін ашқан. Ғалым әлемдегі бірінші астроном. Ол 75 мың жұлдыздың орналасуын анықтаған. 
Ол Каперниктің ілімін дәлелдеген. Каперник бірінші рет жердің дөңгелек 
екенін айтқан. Бессель Кенинсберг обсерваториясында жұмыс істеген. Бессель 
19 ғасырда ғылымды дамытуға көпеңбек еткен.


1.Мәтіндегі 3маңыздыақпаратты анықтаңыз.

Маңызды ақпараттар

1


2


3


















  1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.



____________________________________________________________________



3. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр.



3.

Бағалау критерийі


Дескриптор

Балл



тапсырма







Білімалушы





Мәтіндегімаңызды

1

мәтіндегі

екі

маңыздыақпаратты



ақпараттардыанықтайды


анықтап, өзсөзіменжазады;





1-ақпарат




1




2-ақпарат




1




мәтіннің

негізгі

тақырыбынсөз

1




тіркесіменбереді;




Сұраулы сөйлемнің ерекшеліктері

2

тапсырмаға

сай


1


мен талаптарын дұрыс


сұраулы сөйлемдер құрастырады


1


қолданып, сұрақ құрастырады






1








Сөйлем жазудың талаптарын

1




сақтайды.














Барлығы






7







4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша №1жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

5Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде


сұрақтарға жауап беру


5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру,


шағын диалогке қатысу

Бағалау критерийі

Білім алушы


Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді


Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты


түсінгендігін көрсетеді

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут




1-тапсырма

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған.Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ , Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды.

(http://baiganin.aktobe.gov.kz/kk/node/6822)


  1. 1 мамыр қандай мейрам?


____________________________________________________________________


  1. 1995 жыл - Қазақстан үшін қандай жыл?


_____________________________________________________________________











2-тапсырма


Дескриптор

Балл


Бағалау критерийі

тапсырма




Білім алушы








Мазмұнға бағытталған

1

сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1



сұрақтарға жауап


сөйлеммен жауап береді;



береді


1-сөйлем

1




2-сөйлем

1


Шағын диалогке

2

тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар

1


қатысу арқылы


қояды;

1


сұрақты түсінгендігін






жұбының қойған сұрақтарына жауап

1


көрсетеді


береді.

1


Барлығы



6


Жұпта «1 мамыр мерекесі » деген тақырыпта диалог құру.



4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Ер есімі – ел есінде!» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

5.О1

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау


5.Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін


ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай


дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді


орынды қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы


• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды


• Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады


•

Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қояды

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут



1-тапсырма


Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


1945 жылы мамырдың 9-нда Ұлы Отан Соғысы Кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді.

Бұл күн – Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндердің бірі.

Қазақстандықтар соғысқа қатысып,ерлік көрсетті. Көптеген жауынгерлер теңдесі жоқ ерліктер жасады. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова – Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алды. Бұл атаққа Т.Бегелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов екі мәрте ие болды.


  1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.


Ақпараттар

+ дұрыс

- бұрыс

9 мамыр Жеңіс күнін халықтар жыл сайын мейрамдайды.

+


625 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.


-

Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова – Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алды.

+





Қазақстандықтар соғысқа қатыспады.





-










2.Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.


р/с

Маңызды ақпараттар

1


2


3



  1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.


2-тапсырма

Мектебіңіздегі 9 мамыр мерекесінің тойлануы туралы мәтін құрап жазыңыз (50-60 сөз).



Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл



тапсырма





Білім алушы



Мәтіндегі маңызды

1

мәтін мазмұнына сай 2 ақпаратты



ақпаратты анықтайды


белгілейді;





1-ақпарат

1




2-ақпарат

1




мәтіндегі үш маңызды ақпаратты





жазады;





1-ақпарат

1




2-ақпарат

1




3-ақпарат

1




негізгі тақырыпты анықтайды;

1


Жалғауларды

2

мәтін құрамында жалғауларды

1


орфографиялық нормаға сай


дұрыс қолданады;



қолданады










Сөйлем соңындағы тыныс


сөйлем соңындағы лепті, сұраулы,

1


белгілерді қолданады


хабарлы сөйлемдерге қатысты





тыныс белгілерді дұрыс қояды.








Барлығы



9
































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
1784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі