|
Сабақтың мақсаты: «Ар-ұждан» құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту, адам туы ар ұждан туралы түсінігін дамыта
отырып, ар-ұждан тазалығына баулу. Міндеттері: Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін
аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиетттердің өлшемі
екенін таныту; -Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап
кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен
көтерілуге баулу. Өзін тәрбиелеуге жетуі; - Өмірлік әрекетіне, өз
мінез-құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу,
мүмкіндігін дамыту.
|
Ресурстар:
оқулық,
дәптер,
баяу әуен,қима
қағаздар,
смайликтер
|
|
Сабақтың барысы: 1.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен
амандасып, Оқушылардың оқу құралдарын «5
затты» тексеріп, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5-Т»
(тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,
татулық) қайталау.
2.Тыныштық
сәті «СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА
САЯХАТ» Көзіңді жұмып, терең дем ал,
денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат
жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың
жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен
құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде
дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді.
Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның
арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында
жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай
керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі
жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған
сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып
балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен
қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен
тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд
үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға
дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара
және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер
береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне
шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны
сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше
секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз
бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
|
Сабақ барысын
талдау:
баяу әуен
қосылады
|
|
5. Әңгімелесу. Мұғалім
сыйы Өсиет
Тама
елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп
отырғанды. Сырым баланың әр сөзіне риза болып, оған мынандай өсиет
айтыпты.
- Балам,
бұл дүниеде алты ұлы сөзі бар , соны есіңнен шығармай жүрсең , ел
алдында беделді, сыйлы боласың. егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің
маңайыңа жоламай аулақ қашады.
Сырым:
- Ол
қандай сөз еді, ата, айтсаңызшы?
Сары
би:
- Арлы ұжданды
бол!
Елге деген парызыңды
ұмытпа!
Намысыңды жастан
сақта!
Халқыңды
жаралама!
Қалысыңды
қаралама!
Оқылған әңгімеден
сұрақ-жауап:
Сары бидің Сырым шешенге
айтқан өсиетін өз ойыңмен жалғастыр.
|
|