400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ар-ұждан және абырой туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: № 3 Ембі қалалық ЖББОМ КММ

Мерзімі: 14.12.18ж

Оқушылар саны:

Сыныбы: 6 «а,б,»

Тақырыбы:Ар-ұждан және абырой туралы №14

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік,мейірімділік,адалдық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ар-ұждан және абырой туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларға ар-ұждан және абырой туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды ар-ұжданын басшылыққа алып,абыройлы болуға баулу;

  • Оқушыларды арлылыққа, адалдыққа,әділдікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер,баяу әуен,қима қағаздар,

смайликтер

  1. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 5Т ережесі

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Т азалық

Татулық

2.Тыныштық сәті «СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ» Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талдау:

баяу әуен

3.Үй тапсырмасын тексеру. Құрманбай Толыбайдың«Бір билеттің кесірі» әңгімесі


4.Дәйексөз . «Адамның ең биік жетістігі- адамдық борышты атқару»

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

(Дәптерлеріне жаздырып, ұлдарға 2 рет, қыздарға екі рет оқытамын)



5. Әңгімелесу. Мұғалім сыйы.   Бос қайық 

Бір данышпан өз оқушыларына былай деді:– Мен жас кезімде қайықпен жалғыз өзім жиі серуенге шығатынмын. Онда мен керемет рақатқа бөленетін едім. Мен ұзақ уақыт өзенде жүзіп жүретінмін.Бір күні мен көзімді жұмып, қайық үстінде терең ойға шомып кеткен екенмін. Кенеттен ағыспен жүзіп келе жатқан бір қайық қайығымды соғып кетті. Мен ызаға булығып кеттім. Көзімді ашып, мазамды алған адаммен ұрыспақ болып, басымды көтеріп едім, қайық бос екен. Өшімді алар ешкім болмаған соң, қайта көзімді жұмып, өз ашуыммен бетпе - бет жалғыз қалдым.Оны көрген сәттен бастап, мен өзімді өзім тануға бірінші қадам жасадым. Бос қайық маған өмірлік сабақ болды. Содан бері мен біреуге ренжіп, ашу - ыза қыса бастаса, өзімнен - өзім күлемін де: «Бұл да бос қайық!» деп, сабама түсемін.

• Аңызда адам көңіл күйінің қандай сәті сөз болады?

• Өздерің аңыздан қандай қорытынды жасар едіңдер?

• «Бос қайық» әдісін өмірде қалай қолдануға болады?

• Сендер кішіпейіл жандарсыңдар ма?

• Имандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Мейрімді адамдардың қатарына кімдерді жатқызар едіңдер?


6.Шығармашылық жұмыс. Топтық, жеке жұмыс

Оқушылар топтарға бөлінеді.Тапсырмалар орындайды

1 топ:Адалдық. 2-топ:Сүйіспеншілік 3-топ:Ақиқат топтары постер жасау


топқа бөлінеді

7. Үйге тапсырма беру. Мұхтар Құрманалиннің «Серттессең-сөзіңе тұр» әңгімесі


8. Топпен ән айту «Өмір жайлы» әні

Сөзін жазған: Ринат Зайытов Әнін жазған: Ілияс Әбдірзақов


9. Сабақтың соңғы минутасы

Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Сабақ аяқталды.

баяу музыка қосылады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі