400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ара мен шыбын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі Л.Қ.Нургазина

қысқа мерзімді жоспары



Күні:

Пәні: Әдебиеттік оқу


Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы:

Қауын мен қарбыз.

Жалпы мақсаты:

Оқушылар ертегінің мазмұнын меңгереді. Ертегі мазмұны мен таныса отырып негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға машықтанады.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу оқулығы.

Әдебиеттік оқулық әдістемесі.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ертегінің мазмұнын меңгерді. Ертегі мазмұны мен таныса отырып негізгі ойды, идеяны ұғынады. Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға машықтанды.

Негізгі идеялар:


Қолданылатын материалдар:

Оқулық, үлестірмелі материалдар, таныстырылымдар, тірек сызбалар, кестелер, жұмбақтар, т.б.

Оқыту әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)

Блум таксономиясы. СТО, АКТ.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

2 мин

Психологиялық дайындық



Түрлі –түсті стикерге жабыстырылған смайликтер арқылы топқа бөлу

Топтарға бөлініп орындарына жайғасады.

І. Білу

Үй тапсырмасын сұрақ –жауап әдісі арқылы сұрау

«Жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар»

1.Ақ қайың мен Қараағаш Тобылғы оларға келмегенге дейін қандай достар еді?

2.Ақ қайың мен Қараағаштың достығы неге үзілді деп ойлайсыздар?

3.Тобылғының:Ішсе –ішкенге, жесе- жегенге тоймайтын қанағатсыздар дегенін қалай түсіндіңіздер?

4.Сексеуілдің омыртқасы неге омырылады?

5.Қараағаштың қылығы көз алдарыңа қандай адамды елестетті?

6. Бұл ертегіден ойларыңа не түйдіңдер?





Оқушылар өткен сабақты қорыта сұрақтарға жауап береді.






ІІ.Түсіну

25 мин

Жаңа сабақ

Жұмбақпен жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Соғым үшін сайлап қойдым,

Бордақылап байлап қойдым.( қарбыз )


Іші жұмсақ,сырты қатты,Домаланған ала бас

Еті-шекер, сүті-тәтті дәмді шырын даяр ас.(қауын, қарбыз)

«ББҮ» стратегиясы

Білдім

Білгім келеді

үйрендім







Әр топқа мәтінді бөлімдерге бөліп,түсініп оқуын тапсыру.

Мәтін бойынша сұрақтар қойып, түсініктерін анықтау.(АВС оқушыларының мүмкіндігін ескеру)







Әр топ мәтінді өз беттерінше оқып, мағынасын ашады.








Мәтінді оқып,әңгімелейді.

ІІІ. Қолдану

Топтық жұмыс

І топ: «Дән-Қауынның жүрегі.Осы өлмесе,ол мәңгі жасайды» дегенді түсіндіріп беріңдер.

ІІтоп: Қарбыздың жалғыз қалып өкінген жерін ертегіден тауып оқы.

ІІІ топ:

Графити әдісі. Ертегі желісімен сурет салу.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

1-ші топ:

Мәтіннің ішінен тауып оқиды. Дәптерлеріне жазады

2-ші топ

Мәтіннің ішінен тауып дәптерлеріне жазады.


3-ші топ:

Суретті қорғайды.




ІҮ. Талдау



Шығармашылық жұмыс

Әр топтарға ертегідегі атаға, қауынға және қарбызға сөйлеген сөздеріне,істеген әрекеттеріне қарап үшеуіне мінездеме беріп постер құрау .

Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша ойларын ортаға салып талқылайды,дәлелдейді.







Ү.Жинақтау




Ертегіні кім жазған,авторы? (Жолтай Әлмашев)

Ертегіде неше кейіпкер бар?(қауын,қарбыз,ата,бала,автор)

Қауын кіммен кездесті? (баламен,атамен)


(Оқушылардың жауабын күту)


«Сұрақ жауап» әдісі бойынша тақырыппен жұмыс жүргізеді.

ҮІ.Бағалау




Ойын жинақтауға дағдыландыру.

Дүниетанымын кеңейту.

Оқушылар өзін өзі бағалайды және бір-бірін бағалайды.Бағалау парағына жазады.


V. Үйге тапсырмасын беру

«Қауын мен қарбыз » ертегісін түсініп оқу. Көкөністер туралы жұмбақтар жинақтау.



Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

VII. Рефлексия

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Оқушылар сабақты бағалайды

Сабақты басбармақтың көмегімен бағалайды

Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.












































Күні: 15.10.2014.

Пәні: Әдебиеттік оқу


Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы:

Ара мен шыбын.

Жалпы мақсаты:

О.Әубәкіров туралы түсіндіру.Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып мазмұнын ашу,негізгі идеясын түсіну.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу оқулығы. Алматы «Атамұра» 2011

Әдебиеттік оқу пәнінің әдістемесі

Күтілетін нәтижесі:

Қызғаншақ пен мақтаншақтықтың жағымсыз қасиет екенін ұғынады..Өз ойын еркін жетікзе алатын және сыни ойлай алатын тұлға қалыптасады.Топпен жұмыс істеуге қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Оқушылардың өмірдегі біліміне,білетініне сүйену.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларға жаңа ойлау дағдысын,мәнерін,амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Қолданылатын материалдар:

АКТ. Топпен жұмыс, модульдік технология, «Insert» старатегиясы. «Джиксо» ұжымдық оқыту әдісі (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)


Оқыту әдістері:

АКТ,миға шабуыл.Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)

Блум таксономиясы. «Фишбоун» стратегиясы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

Түстер арқылы топқа бөлу. «Қызығушылығын ояту» Кім жылдам? ойыны.

Музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды.

Түстер бойынша 3 топқа бөлінеді

І. Білу

2.Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық »


1 оқушы шығып орындыққа отырады, басқа оқушылар сұрақтар қояды.

ІІ.Түсіну

«Миға шабуыл» суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Ақын туралы түсінік беру.Оспанхан(1934-1986) Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.О:Әубәкіров-әзіл-сықақ жазудың шебері.Ол мысал өлеңдерді көп жазған.Онда ақылсыздарды,қызғаншақтар мен мақтаншақтарды сынайды.Оның «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Қоңырау», «Ұзын сөздің қысқасы»,т.б.жинақ кітаптары бар. «Ара мен Шыбын» мысалын оқу және содан түсінгендерін сұрау (кері байланыс )

Тақырыптың басты идеясын табу,түсіндіру.




Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ашу,түсіндіру. (АВС оқушыларының мүмкіндігін ескеру)


Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды.

ІІІ. Қолдану

Кубизм стратегиясы (топтық жұмыс)

  1. Талдау (Мәтінге мазмұндық жоспар құру)

  2. Сипаттау (Мысалдағы Ара мен Шыбынның әрекетіне баға бере отырып, олардың қандай екенін сипаттау.)

  3. Салыстыру («Аққу,Шортан һәм Шаян» мысалымен жаңа сабағымыз Ара мен Шыбын мысалын салыстыру)


Акт қолдану

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Топ басшысы бағалап отырады.








Сергіту сәтін өткіземіз

ІҮ. Талдау


Семантикалық карта.


Киелі құс

Аң патшасы

Бал жинайды

Сүйкімді жәндік

Суда жүзеді

Ұры жәндік

Шыбын







Ара







Көбелек







Аққу







Шортан







Арыстан








Сөздік жұмысы







Ү.Жинақтау

Шығармашылық жұмыс

Топтарға тапсырма.

1топ . Шыбын Араға не деді?

Ара оған неге бірден келісе салмады?

2 топ. Шығармадан ойларыңа не түйдіңдер? Жақсы,жаман қылықтарын байқадың ба? жазып бер.

3 топ. Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген? Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің?

Оқушылар орындайды

ҮІ.Бағалау




Сабақ сендерге ұнады ма?

Сендерге сабақ ұнаса не ұнамаса ,оны жапырақшаға жазып,ағашқа іліндер.

Топтағы балалар өз пікірлерін жапырақтарға жазып,ағаштарға іледі.Қай ағашта жапырақ көп болса,нәтиже сондай болады.


V. Үйге тапсырмасын беру

«Ара мен Шыбын» мысалды түсініп оқу және өз түсініктері бойынша шағын әңгіме құрау.


Оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.Олар оны күнделіктеріне жазып алады.

VII. Рефлексия


Ойтүйін


Сабақты сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындылаймын..




Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.

Бағалау парағында бағалайды






Күні: 13.09.2014.

Пәні: Әдебиеттік оқу


Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы:

Сауысқанның ұясы

Жалпы мақсаты:

Әдеби - көркем шығарманы сүйіп оқиды,құстарды қастерлей,құрметтей білу кеңірек түсіндіріледі.

Сілтеме:

Электрондық оқулық, әдебиеттік оқу оқулығы,

Әдебиеттік оқу пәнінің әдістемесі

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері

Күтілетін нәтижесі:

«Сауысқанның ұясы» ертегісін толық меңгереді. Топпен жұмыс істеуге қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Ертегілер туралы мәлімет беріп,алған білімдерін кеңейтеді.

Қолданылатын материалдар:

АКТ. Топпен жұмыс, интербелсенді әдістер, кері байланыс тәсілі. (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)

Оқыту әдістері:

Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)

Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

АКТ. Көңілді әуенді қосып, оқушылармен бірге би жаттығуларын жасау.

Оқушыларды жұмбақтарды шешу арқылы 4 топқа бөлу
Көлдің көркі сәні екен.
Ұшқанда сазды ән екен,
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Бұл қандай құс? (Аққу)

Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып,
Тоқ – тоқ соғады.
Жауабы: (Тоқылдақ)

Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.
Жауабы: (Қарлығаш(

Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық.
Ақ ниетті абзал жандар көбейсін.
(Көгершін)

Музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды.

Жұмбақтың шешулері бойынша 4топқа бөлінеді

І. Білу

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
«Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен жүріп адас»
Мақалдар арқылы халық топтық іс - әрекеттің жемісті болуы бірлікке байланысты екенін ертеден - ақ дәлелдеген. Осы мақалдардың бүгінгі сабаққа да қатысы бар.

Ой қозғау
Жұмбақ шешіп көрейік.
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?


ІІ.Түсіну

1 слайд Сауысқан жайында мағлұмат береді.
Сауысқан – сақ құс. Сауысқанды хабаршы құс деп те атайды. Ұсақ құстарға төнген қауіпті сезіп, оларға шықылықтап дыбыс береді. Ертеде үй маңына сауысқан келіп шықылықтаса, қонақ келеді деп болжаған. Сауысқан жылтыр заттарға өте құмар. Оның ұясынан алтын, моншақ, басқа да бағалы заттарды көруге болады. Құс жұмыртқаларын ұрлап жейді.












ІІІ. Қолдану

Оқулықпен жұмыс жүргізеді. Мәтінді бөліктерге бөліп, оқушыларға тарату.

1. Әр топ мәтінді оқып, түсінбеген сөздерді түртіп алады.
2. Мәтінді талдап, бөлікке ат қояды.
4. Бір оқушы мәтін мазмұнын баяндап береді.


Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Әр топ ертегіні өз беттерінше оқып, мағынасын ашады.

Оқушылар сұраққа толық жауап береді.

Топ мүшелері жауаптарды өзара бағалап отырады.




Сергіту сәтін өткіземіз

ІҮ. Талдау


Ыстық орындық




Сонымен ертегі кейіпкері сауысқан қандай екен?
Әр топ өз жазғандарын апарып іледі.
Өзін асқан білгір санаған
құстардан көмек сұрайды
әрі - бері секеңдеумен болады
әлі күнге ұя салуды білмейді







7 оқушы орындыққа дөңгеленіп отырады.

Оған 7 оқушы қарсы турып сурақтар қойып айналып шығады.

Топпен жұмыс жүргізу барысында,оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп,оларды сөйлеуге, ойлауға дағдыландырамын.







Ү.Жинақтау








Алған білімдерін тиянақтай отырып, шы ғармашылыққа баулу

Топтық тапсырма.
1 топ.
Сауысқанның әрекетіне, қылығына баға беріп, өз ойларын жазу (эссе)
2 топ
Ертегіден қандай ой түйдің? (жақсы, жаман жақтарын жазу)
3 топ
Сауысқанның менмендігі, өзімшілдігі қандай сөздер арқылы көрініп тұр? (Сауысқан ұясын суретпен бейнеле)
4 топ
Ертегідегі басқа құстарды ата, олар туралы не білесің?


Ситуациялық сұрақтар
- Сен сауысқанның орнында болсаң не істер едің?
- Сиықсыз, қисық ұяда тұрар ма едің?

(АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау)

Оқушылардың алған білімдеріне қорытынды жасап,оны қорытындылай білуге баулимын.


ҮІ.Бағалау


Ойын жинақтауға дағдыландыру. Дүниетанымын кеңейту.

Оқушылар өздерін және бір-бірін бағалайды.Оны бағалау парақтарына жазады.


V. Үйге тапсырмасын беру

Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге байланысты шығармашылық жұмыс беремін.Оқушылар сурет салып,өлең жолдарын жазып келуге тапсырамын.

Оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.Олар оны күнделіктеріне жазып алады.

VII. Рефлексия


Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылаймын.

Жұп бойынша бір бірін бағалады.

Оқушы үні АВС тобының оқушыларын бағалауы.















Семантикалық карта


Киелі құс

Аң патшасы

Бал жинайды

Сүйкімді жәндік

Суда жүзеді

Ұры жәндік

Шыбын







Ара







Көбелек







Аққу







Шортан







Арыстан











Семантикалық карта


Киелі құс

Аң патшасы

Бал жинайды

Сүйкімді жәндік

Суда жүзеді

Ұры жәндік

Шыбын







Ара







Көбелек







Аққу







Шортан







Арыстан





















1 топ

Шыбын Араға не деді?

Ара оған неге бірден келісе салмады?





2 топ

Шығармадан ойларыңа не түйдіңдер?

Мысалда жақсы ,жаман қылықтарды байқадың ба? жазып бер.



3 топ

Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?

Егер сен Араның орнында болсаң, не істер едің?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі