жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Арайлы Алтын күз!»
«Арайлы Алтын күз!»
Мақсаты: Балабақшамен ата - ананың арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Сары
жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын
ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп
елімді күзім келді.
Нұр тамшысын
аспанның мөлдіретіп.
Құрметті
ата-аналар, әріптестер табиғатымыздың
бізге берер байлығы мен берекесін
сыйлайтын сары алтын күзіміз де келіп
жетті.Алтын күз мерекесі құтты болсын
демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта
табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір
адамның міндеті, өйткені бізді қоршаған
табиғат аман болса, бізде әрқашан
көңілдіміз. Сондай көңілді шағымызда
бүгін «Балапан»
тобының «Арайлы
алтын күз!»
атты ата – аналар сайысын бастауға
рұқсат етіңіздер.
-Бүгінгі сайысымыздың
әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен
таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар
алқасы:
1.Балабақша меңгерушісі: Айтолқын Ғариполлақызы
2.Балабақша әдіскері: Жанаргүл Айбарқызы
3.Балабақша шаруашылық меңгерушісі: Зухра Сайпеденқызы
Тәрбиеші:
Кірпігі
ине болып қадалды да,
Ұшқындап
көрермендер жанарында,
Балбұл жанып
сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай
қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып,
сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.
1-топ: «Балақай» тобы
2-топ: «Жапырақтар» тобы
3-топ: «Алтын күз» тобы
-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстыстырып өтейік.
1.Таныстыру.
2.
«Өнерлі өрге жүзер» Өз өнері (би,өлең,көркем
сөз оқу)
3.Білімді мыңды жығар, білекті
жығар. Сұрақ-жауап.(Күзге байланысты)
4.Шебердің
қолы алтын (бұйымдарын таныстыру)
5
Ас мәзірі.
Тәрбиеші:
Сайыскерлер
келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды
дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп
жетті
Әдеппен, ізетпенен танысуға
-дей
отырып сайысымыздың І-кезеңі «Жүздің
түсін танығанша, бірдің атын біл»дейді.
Таныстыру.
(әр
топ өздерін таныстыру)
1-топ:
«Балақай» тобы
2-топ: «Жапырақтар» тобы
3-топ: «Алтын күз» тобы
«Балақай» тобы – топтың аты Балақай, қол соғамыз алақай. Алтын күзді қарсы алып, Балапаннан келеміз, өнерлерін көрсетер балақайға сенеміз. Алтын күзді ардақтап, сөзге құлақ түрейік, балақаймен шаттанып бүгін ойнап күлейік. Балақайды қарайық неше бала санайық –
Исламбек, Бейбарыс, Хасан және Алдияр ортасында Саида, Абдуллаһ пен Ахмедияр.
«Жапырақтар» тобы –
Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Сәлеммен сөзді бастаған,
Өнердің өрін қоштаған,
Жапырақтар тобы боп,
Келіп тұрмыз ортаға.
Күздің тойын тойлауға,
Сәттіліктер тілейміз,
Осы отырған баршаңа,
Таныстырып өтейін,
Аналарды ардақты.
Асылназ атты балапанның,
Гүлбану атты анасы.
Сүйкімді қыз Райянаның,
Рима болады анасы.
Арай атты ананың,
Әбдіраһман атты ұлы бар.
Күндей күлген Күнсұлудың,
Раяна деген қызы бар.
Ерке мінез Балаусаның,
Айдана болады анасы.
Олжас деген балапанның,
Қарақат деген анасы.
«Алтын күз» тобы –
I кіші топтың балалары,
Сол бақытты балалардың аналары.
«Алтын күз» командасы келіп тұрмыз,
Ізетпен көпке сәлем беріп тұрмыз.
-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.
Тәрбиеші:
Жапқандай
жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен
ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін
елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-
ІІ-кезең
Тәрбиеші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би – билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты, - өнер сайысына кезек береміз.
1-топ: «Балақай» тобы – «Шалқан» ертегісі
2-топ: «Жапырақтар» тобы – «Қуыршақтар» биі
3-топ: «Алтын күз» тобы – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Әділқазылар
екінші бөліміне бағасын берсе.
ІІІ-кезең
Тәрбиеші:
«Білімді мыңды жығар,білекті бірді
жығар»демекші,келесі кезеңіміз
сұрақ—жауап
- -Әр топтан
бір адам келіп, әділқазылардың алдынан
бір сұрақтан алады. (сол сұраққа бірігіп
жауап беру).
1-топ: «Балақай» тобы
2-топ: «Жапырақтар» тобы
3-топ: «Алтын күз» тобы
1-тапсырма:
1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
2. Мақалды жалғастыр
Егіндікті күз суар................................
(Күз суарсаң, жүз суар)
3. Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? – (Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді).
2-тапсырма:
1.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не? (ой-қиял)
2. Бес көкөністерді атап беру. – (Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз).
3. Жұмбақ шешу:
Ағайынды
бәрі,
Шықса
– жасыл,
Түссе
– сары. Бұл не? (Жапырақ )
3-тапсырма:
1.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта
туып өмірге қайта келдім,- деген өлең
жолдарының авторы кім? (ж.м)
2. Күз мезгілі нешеге бөлінеді? – (Ерте күз, алтын күз, қара күз).
3. Бес жеміс - жидектерді атап беру. – (Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы).
-Барлығы тегістей сұраққа жауап берді,енді сөз кезегі өздеріңізде
ІV-кезең.
Тәрбиеші:
Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз-өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан
әр
топтан өз қолдарынан жасалынған бұйым
көрнекіліктерін (күзге байланысты)
көрсетіп таныстыру.
1-топ:
«Балақай» тобы
2-топ: «Жапырақтар» тобы
3-топ: «Алтын күз» тобы
Әділқазылар
төртінші кезеңнің бағасын беріңіздер.
Тәрбиеші:
V-кезең
«Ас мәзірі»
«Ас
адамның арқауы »демекші келесі кезеңде
үйден дайындап әкелінген ас мәзірлерін
қорғап,оны тапсыру.
1-топ: «Балақай» тобы
2-топ: «Жапырақтар» тобы
3-топ: «Алтын күз» тобы
Тәрбиеші:
Осымен
сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп
өздерінің бойларындағы бар өнерлерін
көрсетті,ендігі сайыстың қорытындысымен
таныстыру үшін әділқазы төрайымы
балабақша меңгерушісі - Айтолқын
Ғарифоллақызына сөз береміз.
(марапаттар
таратылады)
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі
«Арайлы Алтын күз!» атты сайысымызды осымен аяқтаймыз!
Жеңісті күндерде кездескенше!!!!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген