400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Арайлы Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек тәрбиешілерге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,

Балқаш ауданы,

Бақанас ауылы

«Жасұлан» балалар бақшасы

Тәрбиеші Сыдыкова Галия Мырзахановна


Ортаңғы «Айгөлек»тобы.

Ертеңгілік тақырыбы: «Арайлы, Алтын күз!»


Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар!«Арайлы, Алтын күз!» мерекемізге қош келдіңіздер.

Әсем безендірілген залға көлікке отырған «Айгөлек» тобының кішкентай балалары кіреді.

-Балалар, бүгін біз қайда келдік? Бүгін қандай мереке екен,қандай мерекені тойлауға келдік?

-Алтын күз мерекесін тойлуға келдік. Осы күз мезгілінде табиғатта ерекше құбылыс болады. жауын жауады,күн күркірейді, жел соғады екен.

-Ия, балалар біз «Арайлы, Алтын күз» мерекесін қарсы алуға музыка залына келдік.Осында біз ән айтып, би билейміз.

Ой балалар, балалар,

Өлкемізге күз келді.

Жапырақтар солыпты,

Ел егінін орыпты.

-Енді балалар, бәріміз алын күзді қарсы алайық.

Бәрі:Берекелі, мерекелі күз келді.

-Балалар естіп тұрсыңдар ма?Бір дауыс естілетін сияқты.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?Бүгінгі мерекелеріңмен сіздерді құттықтаймын.

Жүргізуші: Қош келдің, Арайлы ,Алтын күз, төрлет жоғары шық.

Алтын күз біздің балалар сізге арнап«Балақан» әнін орындап береді.

Санжар: Қызыл, жасыл, сары, көк

Алуан, алуан, жапырақ

О,Алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Сара: Келді міне күз.

Айнала сары күз,

Керемет тамаша қандай әсем күз

Меруерт: Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз келіпті,

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Жанат: Сапсары маңай, сапсары тоғай.

Соңғы әнін айтып, кұс кетті қайтып.

Айбарша:Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты.

Жүргізуші: Қане, балалар осындакй молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Көкөністерді жина» Құрсауға көкөністерді жинау.

Ұлан: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді.

Аспанда жәй шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Алан: Қыры толы егіске , бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті, қолы ашық періште.

Алтынбек: Жапырақ ұшты, суықта түсті.

Сондада бізге, қызық көп күзде.

Әрсен: Алма, алмұрт албырап .

Жеміс жидек пісіпті.

Қауын-қарбыз балбырап,

Қамбаларға түсіпті.

Жантөре: Алтын күзде атырап,

Аздап тыныс алыпты.

Жапырақтар қалтырап,

Жерге түсіп қалыпты.

Ақниет: Келді міне алтын күз

Сары шашты, жарқын жүз

Мол өнімді, әр ісімен.

Риза етіп халқын қыз.

Жүргізуші: алтын күз біздің балардың тақпақтары сізге ұнады ма?

Ойын «Алуан түрлі жапырақ»

Шарты: алаңға түрлі жапырақтар шашылады, балалар түстеріне қарай себетке жапырақтарды жинайды.

Жүргізуші: Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз

Молшылығыңды тарту ет.

Би : «Күзгі вальс»

Жүргізуші: Балалар сағына күткен мерекемізде міне келді,бізге сый құрметін, молшылығын, базарлығын беріп жатыр. Біздің де қоштасатын уақытымыз да келіп жетті.

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз. Сау болыңыздар!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі