400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арайлы алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулы күз, алтын күз»  (сайыс )

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Аяулы күз,Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке , ынтымақтастыққа баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!  «Аяулы күз,алтын күз» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- жазира  даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,  

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап,\ тына қалыңыздар!

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,  

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.    

Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.  

Бірінші топ:"Цитрустар"тобы

Екінші топ: "Алма"тобы

 Үшінші топ:"Жүзімдер"тобы

Жүргізуші:  Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.  

 Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

әділқазы алқасын таныстырып,

кетейінші осы отырған баршаңызға,

-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

Биология пәнінің мұғалімі:Койшубаев Бауыржан Турарович

.   

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын жеребе тастау арқылы анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз топ басшылары..

   Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарын атап өтейік.

1-шарт   «Кел,танысайық»-бұл бөлімде  әр топ өздерінысайықн таныстырады.

2-шарт:" Өлең-сөздің патшасы"-бұл бөлімде әр топтан 1-2оқушы шығып мәнерлеп жатқа өлең оқу

3-шарт . «Кім білгір?»  (сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,мақал-мәтелді жалғастыру).

4-шарт."Күз патшалығына саяхат" Яғни,күзгі өнімдерінен бұйым (панно)жасау .

5-шарт. «Сымбат көрік ,сәндік өнер»

6-шарт. «Өнерлі өрге жүзер».

Жүргізуші:

  1. Ондай болса енді «Аяулы күз,Алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің …….. атты тобымыз өздерін таныстырсын.

 Жүргізуші:

Көк майсалы, көрікті

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін ,

Жүргізуші:   Бірінші сайысымыздың бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

 Жүргізуші:   Ойнайықта та ойлайық!

Қатардан  қалып қоймайық,

Белсенді болып  ортада,

Уақытты текке   жоймайық!

Жүргізуші: Кезекті бөлім «Өлең-сөздің патшасы» деп аталады. Бұл болімде әр топтан 1-2оқушы мәнерлеп өлең оқиды. Ендеше  топтарды   қарсы алайық!

Жүргізуші:   Екінші сайысымыздың бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

Жүргізуші: Кезекті бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл болімде әр топ  жұмбақтың  шешуін табады және жауабын үш тілде айтады. Ендеше  топтарды   қарсы алайық!

1 тапсырма жұмбақ шешу.

  1   Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтеді,

Түймелеуге жетпейді

(Қырыққабат,капуста,                      )

2    Қызыл-сары,қып-қызыл,

Сүйір тұмсық қып-қызыл

Төбесінде жалы бар

Дәруменді дәмі бал

(сәбіз,марковь,           )

3     Көк ала костюм киеді,

Күнің көзін сүйеді.

(Қарбыз,арбуз ,                  )

4    Күннен көзін алмайды

Мойны бірақ талмайды.

(Күнбағыс,  подсолнух,                   )

5    Қабығы қатты, Іші тәтті

(жаңғақ,орех,                      )

6    Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

(қызылша,свекла )

7     Қызыл болып піседі.

Тезірек жинап алмасаң,

Ұрлыққа торғай түседі.

(Шие,вишня,                         )

8    Түрлі — түрлі болатын.

Бірі ерте, бірі кеш,

Кезектесіп піседі.

(Алма,яблоко,эппел    )

9  Алма дерсің түсіне қарап,

Жүгері дерсің ішіңе қарап

Татсаң тәтті, бал шәрбәтты

(Анар,гранат,                          )

Тапсырма 5минут ішінде қай топ көп жауап берсе сол топ алға шығады.

1.Ең еңбексүйгіш жәндік.

2.Қазір қай ай?

3.Әр жыл мезгілінде неше ай болады?

4.Алтын түстес жыл мезгілі?

5.1 жылда неше ай бар?

6.Қазір жылдың қай мезгілі?

7.Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ

8.Шыршаны қашан сәндейді?

9.Жыл мезгілдері нешеу?

10.Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?

11.Қай айда"Алғашқы қоңырау"мерекесі тойланады 12.Аспанның көз жасы.

13.Қыста жауады.

14.Жылататын көкөніс

15.Көп киімді көкөніс

 Жүргізуші:  «Кім білгір?» бөлімі  аяқталды ,әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық.

 Жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,

  Жібектей майда шуақ алтын күні.

  Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,

 Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

 Сондықтан биылғы күз мерекелі,

 Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

 Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

 Табиғат өнімдерінен бұйым жасап.

 Қыздарымыз бармақтарын  майыстырып

Келесі бөлім  табиғат өнімдерінен бұйым (панно)жасау .

 Даярлық сыныбының орындауында «Күз»әні қабыл алыңыздар.

 Жүргізуші1 :Берекелі Күз-мерекеміз-дей отырып  келесі бөліміміз «Күз патшалығына саяхат» деп аталады.Күзгі жеміс-жидектерден ,көкөністерден мүсін дайындап,дайындау жолдары туралы әңгімелеу.

Даярлық сыныбының жеміс-жидектер туралы таптақтарын тыңдап алайық:.

 Ойын  Кім тапқыр аталады .Мен қойған сұрақтарға кім жылдам және дұрыс  жауап береді

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен —

деп сайыскерлерді«Сымбат көрік ,сәндік өнер» үлгісінде ортаға шақырамыз

 Жүргізуші:

Өнер жастан жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі — бірін

Өнерпаздар дарындылар

Көрейік, ән мен биді көрермендер

Көрсетсін сайыскерлер өнерін — деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз

 Жүргізуші:1Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)  

Даярлық сыныбының биші қыздарын орта шақырайық

Жүргізуші:

 Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз дейміз,  

Білімі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.  

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,

-деп отырып бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!  



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі