Арайлы-Алтын
күз
Перде жабулы. Сахна мерекеге
сай безендірілген.
Перде
ашылады:
1 жүргізуші:
Нұрислам
Төңірек толы сары
алтын
Күз келді туған
жеріме
Шуағы нұрлы
жайнаған
Алтын күз
айналам.
2 жүргізуші:
Еркеназ
-Сәлеметсіздер ме құрметті де,
аяулы ата-аналар! Биыл «Шұғыла
1» Балабақшасына 9 жыл толып
отыр. Осыдан 9 жыл бұрын бақшамызда, ең алғаш балалардың
сыңғырлаған күлкісі мен әсем дауыстары естілді. Біз балабақшамызды
әр кез мақтан тұтамыз.
Үшеуі
бірге: Туылған күніңмен – Сүйікті
Балабақшам!
3 жүргізуші:
Айбибі
Армысыздар құрметті қонақтар,
ата-аналар, баршаңызды балабақшамыздың туылған күнімен қатар
келген, күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз. Құттықтай отырып
бүгінгі біздің «Күншуақ» тобының «Арайлы-Алтын күз» атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
1 жүргізуші:
Нұрислам
Олай
болса,
Мерекесі
халықтың
Алтын күзді
бастайық
Алтын күзге
арналған
Ертеңгілігімізді
ашайық
2жүргізуші:
Еркеназ Білесіңдер ме қыздар алтын күз
мерекесіне орай барлық қалалар мен ауылдарда күзгі жәрмеңке
ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы жаңалықтарда не дейді екен?
Экранға назар аударайық.
3 жүргізуші:
Айбибі Жүріңдер олай болса жәрмеңкеге
бірге барайық. Жәрмеңкеге барып, көкөністер алайық.
Жүріңдер
Үшеуі
бірге: Жүріңдер, бірге
барайық
Жәрмеңкенің дауысы
шығады
Перде
ашылады
Қызанақ сатушы:
Тоғжан
Қызанағым қып
қызыл
Дәмі тілді
үйірген
Келіңіздер
қалайық
Қызанақ алайық
баршамыз
Қызанақ аламыз, қызанақ.
Келіңіздер келіңіздер!
Картоп сатушы:
Інжу
Картоптарым
дәмдірек
Бәрінен де
күштірек
Тағам дәмін
келтірер
Картоп алайық
халайық
Келіңіздер,
келіңіздер!
Қияр сатушы:
Алисұлтан
Жасыл түсті
қиярым
Жесем қатты
ұнадың
Салат дәмін
келтірген
Менің жасыл
қиярым
Қияр алайық, қияр
алайық!
Сәбіз сатушы:
Ақниет
Тамақ дәмін
келтірер
Салат дәмін
келтірер
Бойды ұзын
өсірер
Сәбіз алайық
бәріміз
Сәбіз алайық, сәбіз
алайық!
Айбибі: -Сәлеметсіз
бе?
-Қызанағыңыздың дәмі
қандай?
Сатушы
-Тоғжан: Дәмі өте жақсы. Дәмі тілді
үйіреді. Салып берейін.
Еркеназ:
- Қайырлы
күн
-Қиярыңыздың дәмі қандай
екен?
Сатушы
-Алисұлтан: Қиярдың дәмі өте тамаша, салып
берейін.
Нұрислам: Сәлеметсіз бе? Сәбізіңіздің
дәмі қандай?
Сатушы
-Ақниет: Өте керемет. Салып
берейін.
(балалар көкөністерді алып
кіріп кетеді)
Перде
жабылады:
Фар фар
қосылады
1жүргізуші:
Нұрислам
Сары алтындай Алтын
күз
Жарқыраған Жарқын
күз
Алтын күзге
арналған
Бүгінгі шырқар
әніміз.
Перде
ашылады: Әсем әуенмен балалар ортаға
қолдарына жапырақ ұстап шығып, үш қатар болып
тұрады.
Барлығы
бірге: Қуандырып
біздерді,
Берекелі күз
келді.
Хор:
«Күз
тамаша»
Тоғжан:
Как осенние
грибы
Зонтики мы
носим
Потому что на
дворе
Барлығы: Наступила
осень
Хор:
«Колючий
дождик»
(Жаңбырдың дауысы
естіледі)
Балалар артқа қарай шегініп,
орындықтарына отырады.
Ортаға жаңбыр жүгіріп
шығады
Айқын:
Мен жаңбырмын,
жаңбырмын,
Тырсылдап, құйып
жауатын
Күз мезгілі
келгенде
Тоқтамаймын мен
мүлде.
Еркеназ:
Жаңбыр, жаңбыр жаумай
тұр
Дабылыңды соқпай
тұр
Жаңбыр біздің балалардың сізге
дайындаған керемет биі бар тамашалаңыз.
Би:
«Қолшатыр
биі»
(Алисұлтан Ақниет, Айбар
Тоғжан, Алинұр Айбибі, Нұрәли Інжу, Айқын
Еркеназ)
Нұркен:
Шоғы толған гүлдей
жайнап
Жарқырады жарқын
күз
Сайраңдап күліп
ойнап
Келді,міне,алтын
күз.
Інжу:
Күзім,күзім,күзім
Пісті алма
жүзім
Тұрғанда бәрін күз
беріп
Кел алайық біз
теріп.
Бағдат:
Қарсы алайық
бәріміз
Жасымыз бен
кәріміз
Қырдан кепті
қыдырып,
Алтын күз бізге нұр
төгіп.
Алинұр: Алма пісіп,алмұрт
түсіп
Күзде бақтар
жайнайды
Құстар қайтып қош
айтысып
Қимас үнмен
сайрайды.
Баймұрат: Жетті желмен алтын
күз
Жеміс жинау
салтымыз,
Жиып теріп болған
соң
Той жасайды
халқымыз.
Хор: «Золотые
листики»
Би:
«Саңырауқұлақтар»
(Бағдат,Айзат,Төреғали,Баймұрат)
Төреғали:
Алтын, сары, қызыл
көк
Алуан алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп
Көз тартады
атырап.
Нұрәли:
Алтын нұрдай
тамшылап
Жапырақтар
төгіліп
Біздің өмір таң
шуақ
Біздің өмір
көңілді.
Айбар:
Сары алтындай сары
күз
Қамбағы
дәніміз
Шелек-шелек
дәніміз
Ағыл-тегіл
аламыз.
Айзат:
Көктемде егін
егетін,
Күзде жиып
беретін
Біздің дала бай
дала
Алтын астық
айнала.
Жүргізуші:
Еркеназ
Біз өнерлі
баламыз
Көңілді аулай
аламыз
Балабақша
төрінде
Әсем әнге
саламыз.
Осы балабақша мерекесіне
арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
Хор:
«Балабақшам -
ғажап»
Жүргізуші:
Айбибі
Біз әншіміз
бишіміз,
Ақылдымыз
бәріміз
Шаттанамыз әнге
біз
Шаттанамыз биге біз – дей
келе, биші балаларды ортаға шақырайық.
Би:
«Жемістер»
(қызанақ –Тоғжан, қияр
–Нұрислам, картоп –Інжу, қырыққабат –Нүркен, сәбіз -Еркеназ
)
Ән:
«Бау
-Бақша»
Жүргізуші:
Нұрислам
Ал халайық, ықыласпен
демейік,
Арулардың сән үлгісін
көрейік.
«Сән
үлгісін» көрсету
Ән:
«Золотые
листики»
Жүргізуші:
Еркеназ
Құрметті ата-аналар, қонақтар!
Баршаңызды тағы да күз мерекесімен құттықтаймыз. Осымен бүгінгі
«Арайлы – Алтын күз» атты ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
Жүргізуші:
Нұрислам
Зейін қойып тыңдағандарыңызға
рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!