400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Арайлы алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Арайлы, Алтын күз» Тақырыбы: «Арайлы, Алтын күз» Мақсаты: Балалардың әртістік қабілетін дамыту, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Әнге, биге деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арайлы, Алтын күз»

Тақырыбы: «Арайлы, Алтын күз»

Мақсаты: Балалардың әртістік қабілетін дамыту, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Әнге, биге деген қызығушылығын арттыру.

Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Жүргізуші: Құрметті, қонақтар мен балалар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Арайлы, Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған, берекелі де мерекелі күз құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды.

Бүгінгі мерекелік кешіміздің шымылдығын ашуға орталығымыздың басшысы Нуртаева Жарқын Андрейқызына сөз береміз.

Жүргізуші:

Келді, міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын жүз.

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Ортада 12-топ бүлдіршіндері мен Күз ханшайымы «Күз» биін билейді.

(музыка ырғағымен қолдарына жапырақтар ұстаған балалар залға кіріп, орындарына отырады).

(Тосын сәт: көңілді әуен ойналады, Қоян асығып секеңдеп кіріп келеді).

Қоян:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендердің көңілді дауыстарыңызды алыстан естіп келдім. Мерекеңіз құтты болсын! Бірақ мен мерекеге үлгермей қалмадым ба? Менің де өнерім бар еді, мен би билеп берейін.

Жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде,

Би билейік бәріміз,-деп Қоянмен бірге 2-топ бүлдіршіндерін «Жемістер» биімен ортаға шақырамыз.

Күз ханшайымы:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен- Күз Ханшайымын. Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым. Қамбаға астықты толтырдым.

(балаларға жеміс пен көкөніс толы кәрзеңкесін көрсетіп шығады).

Жүргізуші:

Балдырғандар бүгінгі

Еркелігін тастайды.

Күз туралы сіздерге,

Тақпақтарын бастайды,-деп, өлең шумақтарына кезек береміз.

Тақпақтар:

Раяна:

Мен-алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмін.

Мына тәтті бал дәмді,

Дастарханға арнадым.

Камшат:

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге келеді.

Ерасыл:

Мен-шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін

Ернат:

Алақай, алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дәм пісті,

Айтамыз алғысты.

Ән: «Жаушы, жаңбыр көлдерге»

Орындайтын: Алмас Раяна

Келесі би: «Саңырауқұлақтар», орындайтын 1-топ бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Аман болсын ел іргесі

Алтын күз, қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз, ырыс,бірлік ала келді,-деп, осымен «Арайлы, Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Елімізде береке, тыныштық, молшылық болсын. Сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.11.2021
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі