400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арайлы ,Алтын күз.

Материал туралы қысқаша түсінік
КІші топқа арналған күз мезгілі туралы ертеңгілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Арайлы,Алтын күз!»

Мақсат-міндеттері : балалардың күз туралы білімдерін бекіту. күзде табиғатта болатын күзгі белгілерді, құбылыстарды бекіту; балаларды өлеңдерді мәнерлеп оқуға үйрету, балаларға бірлескен іс-шарадан қуаныш сыйлау.

Мерекелік іс-шараны балалар бимен ашады.

Балалар қолдарына жапырақтарды ұстап , орындарына тұрып әуенге билейді.

Тәрбиеші: Балалар бізде бүгін қандай мереке?

Балалар : Алтын күз мерекесі. Молшылық мерекесі.

Тәрбиеші: Онда балалар тақпақ айтамыз ба?

Тақпақтар.: Али,Айя,Аян,Расул,Сұлтан,Айша,Ж.Айбар.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Күзде қандай құбылыстар болады?

Балалар: Күзде көкөністер мен жеміс –жидектер піседі. Күн салқындай бастайды. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жаңбыр жиі жауады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,балалар.

Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар мен қонақтар. Мен Күзбін . Әдемі әуенді естіп сендерге келіп қалдым балалар. Өнерлеріңді көргім келеді.

Тәрбиеші: Әрине, біздің сыйлы қонағымыз болыңыз.

Күз: Менің қолымда жапырақтар бар, олар жапырақ емес. Жапырақтарымда тапсырмалар бар. Орындасаңыздар мен сендерге тәтті сыйлық беремін. Жарайды ма?

Балалар: орындаймыз.

Күз: онда Ахмад қасыма келіп бір жапырақ таңдашы. (жапырақты таңдап ,тәрбиешіге береді)

Тәрбиеші: Қанеки,қанеки көрейік.

1 тапсырма: Күздің күні ағашта,

Көп жапырақ әдемі.

Күз туралы ән бастар.

Сүйкімді балалар.

Қараңдаршы балалар, Күз ән тыңдағысы келіп тұр.

Ән «Жапырақ»

Жаңбыр дыбысы естіледі.

Ортаға Бұлт жылап келеді.

Тәрбиеші: Салем бұлт. Неге көңілсізсің?

Бұлт: менімен ешкім ойнамайды. Мен келген кезде барлығы да қашып кетеді.

Тәрбиеші: Ал біздер жаңбырдан қорықпаймыз. Ия балалар?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Ендеше бұлт бізідң балалардың өнерін тамашала. Бірге ойна. (Бұлт қуанады)

Ал келесі жапырақты Тумаш таңдасын. (Жапырақты таңдап тәрбиешіге береді)

2 тапсырма: Ойын.

Мерекеміз қызықты,

Барлығы да көңілді.

Ойын ойнайық балалар,

Сергітіп бойымызды.

Ойын: «Көңілді бұлт»

Шарты: балалар әуенге билейді,әуен тоқтаған соң көздерін жұмып отырады. Бұлт кез –келген баланы жауып отырады. Кім бала екенін балалар табуы керек.

Бұлт: тамаша. Мен балалар жаңбырдан қорықпайтынын білген жоқпын. Рақмет ойын өте көңілді.

Күз: ия ,бұлт, балалар батыр екен. Ал енді келесі жапырақты кім алады? Айлин келе қойшы.

Тәрбиеші: Көрейік.

3 тапсырма: Алтын күзім тамаша,

Алтын болады айнала.

Ойын әрине керемет,

Би билейік жараса.

Би «Бұлт»

Бұлт: Ой тамаша,маған ұнады балалар. Биді де биледім.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Келесі жапырақты Ж.Айбар таңдасын.

4 тапсырма:

Би билеп, ән де айттық.

Көңіліміз тамаша.

Енді ойын кезегі,

Шаттанайық балаша.

Ойын «Көкөніс пен жемістер»

Шарты: бақшада жатқан жемістер мен көкөністерді жинап себетке салады.

Бұлт, балалармен ойна. Бұл өте көңілді ойын.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар , балалар.

Келесі жапырақты алып тезірек келесі тапсырма орындайық. Келесі жапырақты М.Айбар алсын.

5 тапсырма: Күз мезгіліне арналған тамаша ән орындау.

Ән « Күз,күз,күз»

Тәрбиеші: Ал ендеше Күз әдемі қыздарымыздың биін қабыл ал.

Би «Алма»

Тәрбиеші: Күз және Бұлт сіздерге рақмет. Біздің балалар өнерлі, тамаша.

Күз: ия сол үшін менің балаларға беретін тәтті сыйлықтарым бар.

Қоржынын сыйлап кетеді. Бұлт екеуі қоштасады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі