"Арайлы алтын күз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Арайлы алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы сценарий ортаңғы топқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:___________ директор Тлебалиева А .А

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю,қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері,көкөніс,жемістер салынған себеттер,

Қатысқандар:Балалар ,жүргізуші, күз ханзадасы, күз ханшайымы, мыстан,ата- аналар.













































Әсем әуен ойналып тұрады. Балалар залға қолұстасып әсем музыкамен көңілді кіреді.

Би: «Күзгі вальс»

Балалар орындарына жайғасып отырады.

Жүргізуші: Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар, және « Зерек»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Арайлы Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,  сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Арайлы Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.

-Ал енді балалар біздер ормандағы күз ханзадасы мен ханшайымының сарайына саяхатқа шығамыз.

Балалар біз күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен?

Қане, қарайықшы? Жапырақтары сары, қызыл, қызғылт. Өте әдемі екен ия балалар. Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдерме?

Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.

Жүргізуші: Дұрыс балалар

Тыңдаңдаршы жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік (Үф -.......ффф)үрлейді

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы желмен бірге бізге кім келе жатыр.

Залға желмен бірге күз ханзадасы келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, куз ханзадасы көңіл күйіңіз қалай?

Күз ханзадасы: Сәлеметсіздерме!Құрметті қонақтар, балалар

Жүргізуші: Күз ханзадасы сіздің неге көңіл- күйіңіз жоқ ?

Күз ханзадасы: балалар мен орманда жүріп күз ханшайымын жоғалтып алдым.

Сол үшін көңіл -күйім болмай тұр.

Жүргізуші:Ендеше балалар біз күз ханзадасына ханшайымын табуға бәріміз көмектесейік өз өнерімізді көрсетіп көңіл күйін көтерейік.

Ал балалар біздер күзге арнап өзіміздің тақпақтарымызды айтайық.

Зара

Сап сары маңай, Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып ,құс келді кайтып

Альтаир

Падают с веткит ,Золотые монетки

Под ногоми целый клад ,Это осень золотая

Дарит листья не считая

М Гүлім

Думан толы асқарлы, Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды

Рахим

Берекесін сыйлауга ,өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға, шақырады біздерді

Ақан

Құстар қайтты ән салып, Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып, Күзгі суық басталды

С гүлім

Күздің қазан айында, Алма алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып ,сыбдыр сыбдыр етеді

Аяулым

Қуандырып біздерді ,кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз

Әдемі

Алтын сары қызыл көк, алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп ,көз тартады атырап

Ерке

Күзде дала жаурайды, көкте бұлттар аунайды

Бұтағынан үзіліп, жапырақтар саулайды

Самира

Көрініп еліме, күндері мереке

Келдіғой жеріме, күз дейтін мереке

Диас

Алақай алақай, шаттанды балақай

Күз түсті дән пісті, айтамыз алғысты

Аядиль

Көбейді құт береке ,астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз

Али

Жетті желмен алтын кү,з жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң ,той жасайды халқымыз

Хамза

Келді міне күз, айнала сары түс

Керемет тамаша ,қандай әсем күз

Сафина

Айнала жым жырт, көк аспан сұрғылт,

Жер жыртқан тыңда, трактор қырда

Адия

Қамба толы астыққа ,алғыс саған алтын куз

Бір уыс дән шаштықта ,қап қап қауын алдық біз

Айым

Алқаптағы бидайды, қоймаға ел жинайды

Тырнасы тізілген, ұнатамын күзді мен

Альфараби

Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті ,сары жібек көйлегін

Сардар

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сондада бізге, қызық көп күзде

Ермурат

Берекесін сыйлауга, өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға, шақырады біздерді

Айкөркем

Күн суытып, жапырақтар түседі

Астық жеміс жиылды, қамбамызға құйылды

Жүргізуші Ал балалар енді бір сергіп алайық

Сергіту сәті

«Жаңбыр»

Жүргізуші: Балалар күз ханзадасының көңілі көтерілуі үшін әсем әнімізге кезек берейік

Ән Жаңбыр

Жүргізуші: Бәрекелді балалар.

Күз ханзадасы: балалар сендер өте өнерлі екенсіңдер,зерек тобында осындай өнерлі балалар барына өте қуаныштымын

Залға мыстан келеді.

Мыстан:тарқылдап,қарқылдап күледі,балалар сендер күз ханшайымын іздеп жатырсыңдарма ?Мен оны ұстап алып, қамап қойдым,егер оны басатсын десеңіздер сендер менімен бір ойын ойнауларың керек,содан соң мен оны босатамын.

Жүргізуші: балалар мыстан кемпірмен ойын ойнаймызба?

Балалар: ия ойнаймыз.

Ойын:«лабиринт»

Мыстан : Балалар жарайсыңдар сендер өте өнерлі ақылды балалар екенсіңдер,осындай балалармен ойын ойнағаныма қуанып қалдым мен сендерге күз ханшайымын қайтарамын маған ренжімеңіздер( мыстан залдан шығып кетеді)

Залға күз ханшайымы кіреді

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздерме, балалар қонақтар мені күтіп қалдыңыздарма?

Мен орманда адасып,мыстан кемпірге тап болып қалдым,ол мені ұстап алып,сендердің көмектеріңмен мені жіберді. Сіздерге асығып келдім. Күз мерекесін бірге жалғастырып тойлайық.

Жүргізуші: Күз ханшайымы қош келдің! Сен келіп мерекеміздің сәні кірді, кел ортаға орналаса ғой.

Балалар ендеше ханшайыммен ханзадаға бір көңілді әнімізді орындап берейік.

(Ағылшын тілінде күз туралы ән)

Жүргізуші: Ал енді бізге қонаққа келген ата аналармен көңілді ойын ойнайық.

Әр ата- ананың көзін жауып балаларын тану.

(ортаға ата –аналармен балалары шығады)

Ән: «Осень»

Жүргізуші:Күз ханзадасы мен күз ханшайымы сіздерге біздің мереке ұнадыма?

Ханзада мен ханшайым:

Балалар сендерге көп рахмет, бізге мереке өте қатты ұнады. Енді біздің орманға қайтатын уақытымыз болды.Қош сау болыңыздар!

Жүргізуші: Осымен балалар «Арайлы алтын күз» ертеңгілігіміз өз міресене жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет,балалар өз өнерлеріңді жақсы көрсеткендеріңіз үшін сіздерге көп рахмет.

Балалармен орындарынан тұрып залдан қол бұлғап шығып кетеді.











«Галактика2»бөбекжай бақшасы





«Арайлы Алтын күз»

Мектепалды «Зерек» тобы







Дайындаған :Лукпанова И. А









Атырау- 2024 жыл

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі