Сабақтың тақырыбы: Алтын
күз
Оқу іс-әрекетінің
мақсаты:
1.Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру.Күзгі табиғат
ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата
білуге үйрету. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға
тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы:
сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт
күз.
Оқу іс-әрекетінің
көрнекіліктері:
күз мезгілінің суреттері,бақшадағы көкөністер,баудағы жемістер
суреттері.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу, тыңдау.
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар,ұзтаздар және оқушылар. Бүгінгі «Алтын күз» атты
ертеңгілігімізге хош келдіңіздер. Күз жыл мезгілінің бірі. Күз
мерекелі,берекелі ай. Олай болса күздеріңіз мерекелі де берекелі
болсын.
2-жүргізуші:
Армысыздар көпшілік өнер сүйер.
Тамашаға тоярлық болар бір ел,
Біздің топтың балалары
көрерменге,
Құрметпенен сәлем беріп басын
иер.
Алтын күзді қарсы
алып,
Би билейміз ән
салып
Ұлы
тойдай ұлы есім,
Жаралған ел жыр үшін- деп
кезекті кішкентай бүлдіршіндерге береміз.
1-жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды
алар
Әсем ән мен,тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең,менше
сүй-деп
Ән : «Кап
кап»
1.Жұлып едім
жүзімді
Жүзі бірден
үзілді
Жүзінде жеп
қойыппын
Өзім әбден
тойыппын
2. Мен шиемін
,шиемін
Күннің көзін
сүйемін
Балақайлар жақын
келсе
Басымды мен
иемін
3. Уылжыған
өрікпін
Мен бау- бақшаға
көрікпін
Бал татыған дәмім
бар
Көктемде ерте
гүлдеймін
Піспей тұрған
кезімде
Меннен аулақ жүр
деймін
4
Сап-сары
маңай
Сап- сары
тоғай
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті
қайтып
5
Жеміс –жидек
пісіпті
Қамбаға астық
түсіпті
Қызу жұмыс
басталып
Жинап алды жан
салып
6
Күздің қазан
айында
Алма алмұрт
піседі
Жапырақтар
сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр
түседі
7.
Жетті желмен алтын
күз
Жеміс жинау
салтымыз
Жиып-теріп болған
соң
Той жасайды
халқымыз
8.
Қарашы күз келді күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді
Құс біткен керуен
тізеді
Қара бұлт қабағын
түйеді
2-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар
қаншалықты
Би билеп,ал біреулер ән
салыпты
Бүгінгі «Алтын күз»
мерекеге
Бүлдіршіндер аямай жан
салыпты.
1-жүргізуші: Жоғары шық кел
төрлет
Абыройың, бағың
бұл
Көңілдерді ән
тербеп
Арнадық саған бұл
кешті
Хор: «Алтын
күз»
Би: Индия биі
Дильназ
Ән : «Қырманға кел
қалқатай»
2-жүргізуші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі
бар
Оның сырын ашқанға жұрт
қызығар
Жауаптарын табар ма екен
бүлдіршіндер
Сол себептен қоятын көрінісі
бар.
«Шалқан
ертегісі»
Тәрбиеші: Ерте,
ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй
шаруашылығымен айналысыпты. Ата есіктің алдына шалқан егіпті.
Күндердің бір күнінде шалқан күнің ыстық сәулесімен үлкен болып
өсіпті. Осы кезде Атай шалқанға тамсанып
қарайды.
Ата: Ой бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен
болып өсіп қалыпты ғой.
Тәрбиеші: Осылай ата енбегіне қуанып шалқанды
тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады шалқанды жұла
алмайды.Сөйтіп көмекке кемпірін
шақырады.
Ата: Ойбай,шаршап кеттім, белім де ауырды.
қой көмекке, кемпірмді
шақырайын.
Кемпірім, кемпірім,келші қарашы шалқанымыз
үлкен болып өсіпті, жалғыз өзім тарта алмай қалдым.Кел екеуміз
бірге тартайық.
Кемпір: Ой шынында да, үлкен болып өсіпті
ғой, кел тарсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап әрі
тартады. Бірақ шалқанды орынан қозғалта алмайды. Кемпір қызың
көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші.
Атаң еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Қыз: жарайды апа сізге
көмектесейін.
Тәрбиеші: қыз көмекке келіп, шалқанды рет
ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен көмекке итін
шақырады.
Қыз: Ақтөс, ақтөс, көмекке
келші.
Ит: Аф, аф, аф, көмектес, десендер
көмектесейін.
Тәрбиеші:Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің
етегінен, кемпір шалдаң, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері
тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке ит мысықты
шақырады.
Ит: мысық, мысық бізге көмекке келші, атам
еккен шалқанды жұла алмай
жатырмыз.
Мысық: мияу, мяу, көмектесіп
жіберейін.
Енді мысық көмекке тышқанды
шақырады.
Тышқан: әрине көмектесіп
жіберемін.
Олар, тарта, тарта шалқанды суырып
алады.
1-жүргізуші: Баршаға өнер сүйер жар
саламыз
Би билейтін бүлдіршіндерді
қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше
бір
Сіздер үшін би билеп, ән
саламыз.
Би :
Аяулым
2-жүргізуші: Қазір біз сіздермен « Күз
мезгілі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне қатысты
сөздер айтамын, сіздер аяқтайсыздар.
- Күзде жапырақтар
(сарғаяды)
- Күзде күн (суытып, жаңбыр
жауады)
- Күзде құстар (жылы жаққа
ұшып кетеді)
Күзде көкөністер мен жемістер (
піседі)
1-жүргізуші:Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң
шуақ
Біздің өмір
көңілді
Хор:
«Мектебім»
Хор :
«Ұстаз-ана»
2-жүргізуші:
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән
саламыз бір сенің көркің үшін
Жан-жануар табынып бір
өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар
тынысын
Жүргізуші. Жел тұрады
жалықпайды
Күн жылытып
жарытпайды,
Жапырықтар жерге
қарай
Қалықтайды,
қалықтайды—дегендей біздің дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз
аяқталды.
Қош сау
болыңыздар!!!