Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Арайлы алтын күз"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бекітемін»
Мектеп директоры м.а: Қ.Жолдасов
«_____»_________ 2018 жыл
Тақырыбы: «Арайлы алтын күз- 2018»
Күні: 29.10.2018 жыл сағат 15.00
Болатын жері: СПОРТ ЗАЛ
1-ж. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі
«Арайлы алтын күз- 2018» байқауына қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші.
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді
соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған
жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және
сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
Армысыздар ағайын, құрбы –
құрдас,
Бармысыздар жан күйер, әз
қауымдас.
Бүгінгі кеш әуенін біз
бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе,
құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош
келдіңіздер!
1 –
жүргізуші:
Біздерде ойын сауық
басталады,
Тамаша күй тартылып ән
салады.
Қошеметтеп қол соғып
отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы
шаршағанды!!!
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған
мақсатымыз бүгінгі Күзгі бал сайысының Ханзадасы мен Ханшайымын
іріктеп шығару.
1-жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу
жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа
таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең
ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз- демекші олай
болса ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен
ортаға қатысушы жұптар
шақырылады).
Сайыс бағдарламасы мен таныстырып өтейін.
Сайыс 6 кезеңнен
тұрады.
1. «Кел, танысайық» (өздерін
таныстыруы)
2. «Қас қағым сәт» (сұрақ -
жауап)
3. «Өз өнері» (қатысушы жұптар өз өнерлерін
көрсетеді)
4. Күзгі тарту» (тағам болмаса қолынан шыққан өз туындысы)
5. Сән үлгісі
6. «Ханшайым» мен «Ханзада» сайлау
2-жүргізуші. Әділқазы , ақ қазыға бір
сәлем
Әділдікке бас иеді күллі
әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше
бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе
бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс
болыңыздар!
1.
2.
3.
1-жүргізуші:
Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен
қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен
біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем
биді,
Сіздерге тарту етіп келіп
тұрмыз.
2-жүргізуші:
Көп сөйлеп жан жобадан аспайық
біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық
біз.
Ал, енді сіздер рұқсат
етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық
біз.
1-жүргіуші:
Деген екен қазақ халқы «Сәлем - сөздің
анасы»,
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген
баласы.
Амандасу - ізгіліктің, сыпайылықтың
белгісі,
Сәлем достар? Амансың ба? Қалайсың? –
дегендей,
1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз.
Шарты: әр сыныптан қатысушы жұптар өздерін таныстырып
шығады.
2-жүргізуші. Білім ой мен арымыз
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз, дегендей келесі 2 - кезең Сұрақ - жауап. (Шарты: 1мин. ішінде сұрақтарға жауап беру керек).
1-жүргізуші: Өнерімен танысайық
Тілекші боп көңілден, демекші келесі 3-кезең «Өз өнері» (Мұнда қатысушы жұптарымыз өз өнерлерін көрсетеді)
2-жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу
керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң
текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым,
қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей
келе 4-кезеңді бастаймыз, яғни «Күзгі тарту»
(қатысушы жұптарымыздың қолынан шыққан өз туындылары
көрсетіледі)
Жарайсыңдар қатысушы жұптарымыз. Барлығыңда кереметсіздер, өнерлісіздер. Келесі кезең «Сән» үлгісі деп аталады. (мұнда қатысушы жұптарымыз сән үлгісін көрсетеді)
6-кезең ақтық сайыс «Ханшайым» мен «Ханзаданы» анықтау.
Қорытынды.
Марапаттау.
1-жүргізуші:
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар
бар,
Өнерлерің шыңдала берсін,
қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен -
күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп
бүгінгі сайысымызды
аяқтаймыз.
Сұрақтар
-
Барлық әлемде бір қазан бар. Сол қазанға барлық зат сияды, тек не симайды?
-
Жеті жұтты атаңыз?
-
Екі адам бес партиядан дойбы ойнады. Әрқайсысы бес реттен жеңді. Бұл мүмкін бе?
-
Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам?
-
Бәсіре дегеніміз не?
-
Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады?
-
Патша қайтыс болғаннан кейін оның ұлы не болады?
-
Адам аттан неге құлайды?
-
Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады?
-
Кәде (дәстүр) дегеніміз не?
-
Түлкі мінезді адам қандай адам?
-
Қандай ыдыстан тамақ іші алмаймыз?
-
Адам оның қосылғанын қалайды. Алайда қосылған кезде ашуланып, өшіріп тастайды. Ол не?
-
Оны жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын?
-
Бір жылда неше жексенбі бар болуы мүмкін?
-
Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз?
-
Табиғаттағы жеті қазынаны ата?
-
Теңізде қандай тас болмайды?
-
Төрт қонақ түрін атаңдар?
-
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Сұрақтар мен жауаптары
-
Барлық әлемде бір қазан бар. Сол қазанға барлық зат сияды, тек не симайды? (қазанның қақпағы)
-
Жеті жұтты атаңыз? (құрғақшылық жер сеелкіну, сел, мал жұту,оба,өрт,соғыс)
-
Екі адам бес партиядан дойбы ойнады. Әрқайсысы бес реттен жеңді. Бұл мүмкін бе? (Ия, өйткені олар әр түрлі адамдармен ойнады)
-
Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам? (құрт)
-
Бәсіре дегеніміз не? (ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады. Соны айтамыз)
-
Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады? (су)
-
Патша қайтыс болғаннан кейін оның ұлы не болады? (жетім)
-
Адам аттан неге құлайды? (жерге)
-
Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады? (көз)
-
Кәде (дәстүр) дегеніміз не? (Айтта,ойын тойда басқа да мерекелерде берілетін сый)
-
Түлкі мінезді адам қандай адам? (айлакер)
-
Қандай ыдыстан тамақ іші алмаймыз? (Бос ыдыстан)
-
Адам оның қосылғанын қалайды. Алайда қосылған кезде ашуланып, өшіріп тастайды. Ол не? (Оятқыш)
-
Оны жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын? (мамық)
-
Бір жылда неше жексенбі бар болуы мүмкін? (53)
-
Үнемі дұрыс айтылмайтын сөз? (дұрыс емес)
-
Табиғаттағы жеті қазынаны ата?(көк,аспан, күн, от, су, ит, жер, ай)
-
Теңізде қандай тас болмайды? (құрғақ)
-
Төрт қонақ түрін атаңдар?(арнайы, құдайы,қыдырма,қылғыма қонақтар)
-
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3)
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
«АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ»
Бағдарламасы
.
1. «Кел, танысайық» (өздерін
таныстыруы)
2. «Қас қағым сәт» (сұрақ -
жауап)
3. Өз өнері (қатысушы жұптар өз өнерлерін
көрсетеді)
4. «Күзгі тарту» (қолынан шыққан өз туындысын таныстырады)
5. Сән үлгісі
6. «Ханшайым» мен «Ханзада» сайлау
Қатысушы: 9-11 сыныптар
Болатын жері: Спорт зал
Болатын күні: 26.10.2018 жыл, сағат 15.00
«Бейнеу ауданының әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Арайлы алтын күз»
Дайындаған: МДТЖО
2018-2019 оқу жылы
«Бейнеу ауданының әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
«Ұстаз-ұлы есім»
Дайындаған: МДТЖО
2018-2019 оқу жылы
1-билет
1.Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды?
2. Жеті жұтты атаңыз?
2-билет
1. Қазақстан Республикасының президенті тұңғыш рет қай жылы қай күні сайланды?
2.Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам?
3-билет
1.Астана Қазақстанның нешінші астанасы?
2.Жеті қазынаны атаңыз?
4-билет
1.Қай елде елбасымызға ескерткіш орнатылды?
2.Қазақтардың ертеден келе жатқан мейрамдарын ата?
5-билет
1.Қазақстанның Конституциясы қай жылы қай күні қабылданды?
2.Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
6-билет
1.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
2.Аспанда үш қаз ұшып батыр аңшы бір
қазды атты сонда неше қаз
қалды
7-билет
1. Байғазы (дәстүр) дегеніміз не?
2. Мақалды жалғастыр.... Ата... бала.......?
8-билет
1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
2. Мақалды жалғастыр.... Мысыққа..., тышқанға.....?.
9-билет
1.Бес дұшпанды ата?
2.
Жолың болсын
деселік,
Жолыңа нұр
төселік.
Жарылқасын
алдыңнан,
Тұсауыңды
кесейік,
Күрмеуіңді шешейік. Қандай салт-дәстүрге
жатады?
10-билет
1. Төрт қонақ түрін атаңдар?
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
11- билет
1.Төрт құбыланы ата?
2.Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілерді арнайы дастарқанға шақырып, сый-құрмет көрсетіп тамақ беретін болған.Бұл қандай салт-дәстүр
12-билет
1.Бәсіре дегеніміз не?
2. Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады?
13-билет
1.Патша қайтыс болғаннан кейін оның ұлы не болады
2. Адам аттан неге құлайды
14-билет
1. Адам тамақ пісірерде ең бірінші қазанға не салады?
2. Кәде (дәстүр) дегеніміз не?
15-билет
1.Табиғаттағы жеті қазынаны ата?
2. Теңізде қандай тас болмайды?
1.16 желтоқсан 1991ж
2.құрғақшылық жер сеелкіну, сел, мал жұту,оба,өрт,соғыс
2-билет
-
желтоқсан 1991жыл
2.құрт
3-билет
1.4
2.ер жігіт,сұлу әйел, ілім білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық
4-билет
1.Түркия
2.наурыз,ораза айт,құрбан айт
5-билет
1.30 тамыз 1995 жыл
2.саукеле,тақия,камзол,шапан,мәсі,кимешек
6-билет
1.3
2.қаз ұшпайт
7-билет
1.балалардың,жастардың жаңа киімі,заты үшінберілетін ақшалай сыйлық
2.ата-байтерек,бала-жапырақ
8-билет
1.шырпы
2.мысыққа ойын керек,тышқанға өлім керек
9-билет
1.өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ
2.тұсаукесер
10-билет
1.арнайы қонақ,құдайы қонақ,қыдырма қонақ,қылғыма қонақ
2.3
11-билет
1.батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік.
2. ерулік
12-билет
1. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды
2. (су)
13-билет
1. жетім
2. жерге
14-билет
1. көз
2. айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды
15-билет
1. көк аспан, Күн, От, Су, Ит, Жер., Ай.
2.Құрғақ