жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Арайлы алтын күз

Төреғалиева Айнұр Маратқызы
Ақмола обл.Талапкер ауылы.
«Әсем-Ай» экологиялық балабақшасының тәрбиешісі.
«Үздік балабақша педагогі»
«Шығармашыл ұстаз» төсбелгілерінің иегері.
І-санатты.
Арайлы алтын күз.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! балалар!Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!Ел байлығын арттырған берекелі де,мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті,
Күз байлық береке.
Алтын күз мереке
Би: «Ай будет круто»
Ән: «Күзгі вальс»
Тақпақтар:
Бүгін мейрам бүгін той.
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой.
Айлин:
Сары жібек көйлегін желбіретіп
Жапырағын ағаштың селдіретіп,
Тойға бөлеп елімді,күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Салауат:
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс,бірлік ала келді.
Анел:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Аянат қ и Әбілмансұр:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін Халқымыз.
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші:
Қане кім күз айларын атап шығады.?
-
Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүйек айы: Менің атым Қыркүйек.
Күздің бірінші айымын,
Байлықтың,барлықтың айымын.
Сендер мен туралы не білесіңдер?
Айрис:
Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек
Қоңырау соғылды
Күміс күй төгілді.
Білімге талпынған
Балалар жиылды.
Қазан айы:
Менің атым Қазан.Жиын терімнің соңғы айымын.!
Еңбекқор елді той думанға кенелтемін,
Балалар менде қандай мерекелік күндер бар.?
- Ұстаздар күні,Қарттар күні бар.
Қараша айы;
Күздің соңғы айы Қараша деген мен боламын!
Күннің суып,қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Қыркүйек пен Қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар?Кім біледі?
Темірлан:
Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші:
Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.
( осы кезде әуенмен Күз ханшайымы ортамызға шығады.қолында күзгі базарлығы бар.)
Күз ханшайымы:
Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
-
Көп рахмет сізге Алтын күз.(бәрі хормен)
Жүргізуші: Күз ханшайымы мына сыйлықтарды балаларға берсек болады ма?
Күз ханшайымы: Балалар оны еңбекпен алулары керек.
Жүргізуші: Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті,шешуін тапқандарға сыйымды беремін дейді.
Жұмбақтар:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе сары. (жапырақ)
Көкала кастюм киеді,
Күннің көзін сүйеді. (қарбыз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)
Би: «Құстар биі»
-Балалар,мен жаңа қолындағы себетімді асығып жүріп ұмытып кетіппін. Ішіндеге сендерге деген сыйым да бар еді.
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты:ортаға 6 бала шығады,әуен қосылған кезде қолшатырларды айналып менімен бірге билейді.әуен тоқтаған кезде қолшатырларды қолымызға аламыз.кім алып үлгермеді ол бала орнына отырады.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар,Қолшатырды біз не үшін пайдаланамыз?
Балалар: Жаңбырда су болып қалмау үшін.
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар. келесі кезекте біздің қыздардың «Құстар»биін тамашалайық.
Ән: «Уражайная»
Жүргізуші:
Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.
Пияз:Айару
Асханадан шықпаймын
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Асқабақ:Мирас
Күзді күтіп жатамын.
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын жараймын,
Қыста сақтап қоюға.
Қауын:Адия
Исім жұпар аңқыған
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Қарбыз: А Аянат
Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалмағын,
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.
Қырыққабат:Айзере
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді де тамашалайық.
Алма:Қ.Кәусар
Нарттай қызыл алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем.
Тілді балдай үйірем.
Алмұрт:Шұғыла
Мен алмұртпын,алмұртпын.
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қалатын.
Күз ханшайымы:
Балалар, Сендердің өнерлеріңді көрдім,енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрейік. мен бұл ойынымды ата аналармен ойнағым келеді.
Ойын: «Жаңбыр суы»
Шарты: Мына екі шелектегі суды қасықпен келесі шелекке тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса сол адам менің сыйлығыма ие болады. ендеше ойынымызды бастайық.
Жүргізуші;
Рахмеет, Күз ханшайымы,Балалардың өнері әлі таусылған жоқ,төрімізге шығып тамашалаңыз!
Нұрсезім:
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған Алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та.
Қап,қап астық алдық біз.
Асанәлі:
О,балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Гүл жапырақ солыпты,
Ел егінін жиыпты.
Сәбина. Айым:
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады даланы.
Айсұлтан:
Жарып шыққан қауызын,
Дән өмірлік азығың
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
Ерте тұрып ақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын диханнан,
Егін егіп ,нан жиған.
Есназар:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Күз ханшайымы:
Би: «Вальс»
Айналайын балалар!Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңдар!
Жүргізуші;
Білім теңіз,бақшаны кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,- дей келе Балдырған тобының «Алтын күз»ертеңгілігін аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген