Алтын
күз.
Залдың
іші мерекеге сай безендірілген. Әдемі
музыка әуені орындалады. Ортаға балалар
тәрбиешімен бірге келеді. Залдың оң жақ
шетінде күзгі жапырақтармен безендірілген
үйшік тұрады. Жерде сары, жасыл, қызыл
түсті жапырақтар шашылып жатыр.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар
және қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі
«Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош
келіңіздер!
Тәр:
– Балалар
қараңдаршы күз мезгілі қандай әдемі
етіп безендірген. Ағаштағы жапрақтар
сап-сары, егін алқаптары астыққа толып
тұр, бау-бақшада жеміс – жидектер,
көкеністер пісіп жатыр. Күз мезгілі
қаншама көп жұмыс атқарған. Олай болса,
кәзір бәріміз мына жерде шашылып жатқан
күздің әдемі жапрақтарына арнап
«Қыдырамыз бақшада» әнін шырқап берейік.
Ән:
«Қыдырамыз бақшада»
Балалар
әнді жапырақтарды жинап жүріп орындайды.
Тәр:
– Балалар, мынау тұрған үй кімнің үйі
екен? Мүмкін бұл Күз Аруының үйі шығар?
Қанекей есігін қағып тарсылдатайық.
Есікті
қағып тарсылдатады,ешкім жауап бермейді.
Тәр:
– Балалар Күз Аруы шаршап ұйықтап қалған
сияқты, біз ән айтып көрейік,мүмкін
күзді оятып алармыз.
Тәр:
– Балалар енді Күз Аруын қалай оятамыз?
Осы
кезде ортаға тиын шығады.
Тиын:
– Күз Аруын оятайық!
Тәр:
– Тиын сен Күз Аруын қалай оятасың?
Тиын:
– Біз ойын ойнап асыр салайық. Күзде
мен көриктенетын бүрілер
піседы сол бүрілер букіл орманда шашылып
жатады соны маған жинауға көмектес
сеңдер
Ойын:
«Бүрілерды жинау»
Тәр:
– Балалар Күз Аруымыз әлі оянған жоқ,
енді не істейміз күз мерекесін қалай
жалғастырамыз?
Ортаға
саңырауқұлақ шығады.
Тәр:
– Саңырауқұлақ сен Күз Аруын қалай
оятасың?
Саңырауқұлақ:
– Мен күзге тақпақ айтамын, ойын
ойнаймын.
Менымен
бирге ойнайсындарма?
Ойын
«Саңырауқұлақтар»
Тәр:
–
Балалар Күз Аруы әліде оянған жоқ,мүмкін
бәріміз дауыстап шақырамыз?
Балалар:
–
Күз Аруы , Күз Аруы !!!
Әдемі
музыка әуенімен Күз Аруы оянып үйден
шығады.балалар кол шапалақтайды.
Күз
Аруы :
– Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіздер
ме, ата-аналар! Мен қатты шаршап ұйықтап
қалыппын, кешіріңдерші мені!
Тәр:-
Күз
Аруы, балалар сізге арнап өз тақпақтарын
айтып береді, қабыл алыңыз.
Күз
Аруы:- Қандай
керемет балалар, тақпақтарын жақсы
айтады екен.
Тәр:-
Күз Аруы енді біздің балалардың
орындауында «Берекелі күз» әнін қабыл
алыңыз.
Ән:
« Берекелі күз»
Күз
Аруы:- Балалар
енді сендермен тағыда ойын ойнаймыз.
Ойынның аты « Күн мен жаібыр» деп аталады.
Ойын:«
Күн мен жаңбыр» мен тәрбиеші жүргізеді.
Ойыннан кейін төрде қолшатырдың
астындасебетке салынған алмалар тұрады.
Тәр:-
Балалар мына қолшатырға қараңдар, қандай
үлкен. Оның астында не бар екен көрейік.
Тәрбиеші
қолшатырды алған кезде себетке салынған
алмалар тұрады.
Тәр:-
Қандай
керемет себет алмалар ғой!!!
Күз
Аруы:-Бұл
балаларыма арнаған берекелі жомарт
күздің сыйлығы. Бұл амалдардың бойынша
көп дәрумендері бар. Осы алмадай тәтті
болып, денсаулықтарың мықты болсын.
Себетті
тәрбиешіге ұсынады.
Тәр:-Балалар
Күз Аруына рахмет айтайық
Балалар:-
РАХМЕТ!!!
Тәр:-Балалар
Күз Арудың сыйлығына арнап «Апорт деген
тәтті алма» әнін шырқап берейік.
Ән:
«Апорт деген тәтті алма»
Күз
Аруы:-Балалар
сендерге үлкен рахмет, өте көңілді, өте
өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер.
Бүгінше сендермен қоштасамын, ал келесі
жылы тағыда кездесеміз. Сау болыңыздар!!!
Балалар:-
Сау
болыңыз Күз Аруы!!!
Күз
Аруы шығып кетеді.
Тәр:-
Күзгі
бақтағы қонақтар,
Айналайын
балалар.
Мерекеміз
бүгінгі,
Естен
кетпес күн болар- деп бүгінгі мерекемізді
аяқтап, келген ата-аналарымызға рахмет
атайық. Сау болыңыздар!!!