400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Арайлы алтын күз» күзгі бал кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал бастауыш сынып мұғаліміне «Алтын күз» мерекесін кеш ретінде өткізуіне көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО. Семей қаласы. «№27 ЖОББМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Медеуқанова Лаура Қайнарқызы


«Арайлы алтын күз» күзгі бал кеші

Кештің мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу.

Кештің өтілу барысы:

Алинұр М.: Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.


Саяжан: Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.


Алинұр М.: Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.


Саяжан:Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Бірге: Мерекелі, берекелі алтын күз құтты болсын.


Әдеби монтаж:

 

Заңғар Ә:Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені


Ерасыл:Листопад, листопад,

Листья желтые летят.

Желтый клен, желтый бук,

Желтый в небе солнца круг.

Желтый двор, желтый дом.

Вся земля желта кругом.

Желтизна, желтизна,

Значит, осень –не весна.


Нұрали: Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.



Алима:All the leaves are falling down,

Orange, yellow, red and brown.

Falling softly as they do,

Over me and over you.

All the leaves are falling down,

Orange, yellow, red and brown.


Ерзат:Келдімінекүз,

Айналасарытүс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Жеміс-жидекпісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызужұмысбасталып,

Жинапалдыжансалып.

Зангар Т.:Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлейік,
Мәз боп, бірге жүрелік.


Ақылжан:Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!

Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.


Ануар:Осень! Славная пора! 
Любит осень детвора. 
Сливы, груши, виноград - 
Всё поспело для ребят. 
И арбуз увидев важный, 
Оживится детвора. 
И радушно скажет каждый: 
Все: Здравствуй, осени пора!


Далида:Да, Осень, самое живописное время года. Она радует нас своими красками. Когда выдаются ясные и тихие дни, в душе каждого, кто встречается с природой, поселяется покой и тихая радость.
Көптен күткен мереке-Алтын күз құтты болсын!


Елдар: Бүгінгі «Аорайлы, Алтын Күз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін ардайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін


Далида: Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:


Елдар: Ал енді, жарысқа түскен әр жұпқа сәттілік тілеңіздер!


Далида: Оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.


Вальс


Айша: Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй кентіміздің ағасы
Би билеп мың бұралған  қыз бен жігіт,
Өздеріңді көрерменге таныстыршы


Алинұр Қ.:Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.


1 –ші жұп: Альтаир мен Жанелья

Альтаир: Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз

Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.

Қасымда жұбым бар Жанелья атты

Сұлу да сымбатты, инабатты


Жанелья:Бүгін біз Сіздерді таң қалдырайық!

Сахнаның төрінде сән құрайық

Әлтаир екеуіміз бүгін бірге

Кішіге үлгі, өнеге көрсетейік



2 –ші жұп: Ерназар мен Диана

Диана:Армысың, ағайын, жиылған жұрт,

Сіздермен әркез бірге береке-құт

Бақ сынап алдыңызға келіп тұрмыз

Қуаныштан жүрегіміз алып--ұшып.


Ерназар:Келдік біз бүгін сайысуға

Есіміміз Ерназар мен Диана

Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,

Көрсетеміз үздік өнер намысына.


3–ші жұп: Айым-Нұрасыл

Айым: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,

Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.

Дамир атты жұбыммен келдім бүгін

Көрінерміз біз бүгін жеңістің тұғырынан


Нұрасыл: Жүзіңде күннің нұры ұялаған
Мұндай жан жер бетінде туылмаған
Көркіңде тұрар мәңгі арай шашып
Танысыңдар міне Айым осындай жан


4-ші жұп: Ерболат- Еркеназ

Ерболат: Аманбысың ағайын құрбы құрдас.

Тілегі бір замандас ізгі сырлас

Кезекті берейік танысуға

Біз келдік бүгінгі күн сайысуға


Еркеназ:

Армысыздар, барша қауым, қазыларым,

Сайыскерлер сайыста сынар бағын.

Атым менің Еркеназ, жұбым Данияр

Көрермен қошеметпен қабыл алғын.

Ерболат: Ортаға қол ұстасып біз шығайық

Өмірдің шапағатын біз құрайық

Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа

Иемденіп бас жүлдені біз алайық

5–ші жұп: Исмина-Дамир

Дамир:Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қолпаштап бізді бүгін,

Бөленерсіз Сіз бүгін шат күлкіге.


Исмина:Сөз бастайын,тобымызды таныстыра

Боламыз біз Дамир менен Исмина

Біз білгірміз, біліміміз жер жарардай,

Ұстазымыз Лаура апай мақтанардай 

Бүгін біз би де билеп, ән айтармыз,

Қуаныштан Сіздерді шалқытамыз.


Алинұр Қ.: Сынбымыздың әншілері Мадияр, Айша, Камиланың орындауында «Туған жер» әнін өарсы алыңыздар


Айша:

Көрсетедіөнерәрсаладасайысып,

Қимылдарыжүргендейбіржайұшып

Мерекелік ас мәзірінжасапты,

Қыздарымызбармақтарымайысып.

Келесі бөліміміз мерекелік дастархан мәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін.

 

Алинұр Қ.:

О замандақазақөнерсырын,

«Өнержастан» жаныңдар

Шақырғансайыстарғабірі-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейіктамашалап, көрермендер,

Көрсетсінсайыскерлерөздерідайындағанқолөнерін. «Үйтапсырмасы» бөлімідеқатысушыларымыз  күзгіжапырақтарданөзшығармашылықтарыбойыншадайындапәкелгенжапырақтарыментаныстырсын.



Мадияр:Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша,сыныбымыздың мақтанышы спортшыларымыздыңөнерін қарсы алыңыздар.

Каратэ – спортшылар.


Шырын: Біз, спортшыларымызды мақтан етеміз. Жақында Ресейде, Рубцовск қаласында өткен ашық турнирде жүлделі орынға ие болды. Спортшыларымызды құттықтау үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шіріпхан Динараға беріледі.


Мадияр: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әрсұлуәсемболарөзжанымен

Өзқолынаншығарғанкиімүлгісін

Сіздергекөрсетедіөзсәнімен,-дейкелекелесікезектесән үлгісі.

Қатысушыларымыз өзшығармашылықтарыменжасағанкиімүлгілерінкөрсетеді.Сайыскерлеріміз дайын болса сахна төріне шақырамыз. (музыка ойнап тұрады сайыскерлеріміз ортаны айналып өтеді)

 

Хор. Алтын күз


Алинұр М.: Міне, біз бүгін көптен бері ізденіп, тынбай дайындалған «Алтын күз» мерекесіне байланысты өтіп жатқан сайысымыз өз мәресіне жетті.
Әділ қазы алқасы
Берсін әділ бағасын - деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.


Сайыс қорытындыланып, қатысқан ханшайым мен ханзадалар номинациямен марапатталады.

«Өнерлі ханшайым» мен «Өнерлі ханзада»

«Инабатты ханшайым» мен «Ибалы ханзада»

«Мәдениетті ханшайым» мен «Мәдениетті ханзада»

«Ажарлы ханшайым» мен «Шебер ханзада» номинациясы беріліп,марапатталады.


Саяжан:Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да біржеңіс, жанболсаң сен ұғатын.

Қошдемейміз, әліталайсайыстар бар

Өнерлеріңөрлейберсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсінкүннен-күнге

Өскен елдіңжұртынанқалыспаңдар,-депотырыпбүгінгі «Арайлы алтын күз» аттыкешіміздіаяқтаймыз. Жеңістікүндердекездескенше, достар!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі