Тақырыбы:
Арайлы алтын
күз
Мақсаты: Күз
мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
Күз өнімдерімен таныстыру, олардың
ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік
көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға,
би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту,
бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық
ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата
- аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас
қалыптастыру.
Барысы: Бөлме
мерекеге сай безендірілген.Сәлеметсіздерме
құрметті ұстаздар, оқушылар, ата
аналар!Мектепалды даярлық сыныбының
«Арайлы
алтын күз»
атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!Ал
енді олай болса оқушылар айтыңдаршы
қазір қай мезгіл?Қане күз айларын атап
беріңдерші. Өте тамаша жақсы.
Қыркүйек
– Аружан
Бірінші
қыркүйек
Білімге
бастады
Мал
мен жүр аң билеп
Құс
шарлап аспанды
Қазан
– Айзере
Жаңартқан
ғаламды
Жаңбырлы
ғажап ай
Осынау
заманды
Орнатқан
қазан ай
Қараша
– Нұрдәулет
Мол
байлық тергені
Шаттығы
қаншалық
Қарашы
өрледі
Қараша
ән салып
Ән:
«Құстар қайтып барады» орындайтын
Аружан, Айзере
Ортаға
3 бала шығады:
Елдос:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Әлихан:
Айнала сары ала
Қырманға
дән тола
Жемістер
пісіпті
Қоймаға
түсіпті!
Нұрислам:
Ендеше не тұрыс
Болмасын
жан қалыс
Тойлайық,
күлейік
Қуанып
билейік!
Би
"....................."
(Музыка
жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады.
Барлық балалар шығып көңілді би билейді.
Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей
құлайды)
Гүлайым:
Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан
әл құрып
Көздерім
бұлдырап
Басым
айналып барады!
(Басқа
балалар көмектесіп, демейді)
Милана:
Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған
баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?
Бахтияр:
Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Гүлайым:
Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір
өзім тұрамын тез!
Әбілмансұр:
Онда дәрі ішіп ал,
Менде
міне, көп дәрі бар!
Милана:
Ах!
Бәрі
бірге:
Дәрігер, дәрігер! ("Жедел
жәрдем" машинасының дыбысы естіледі.
Дәрігер киімін киген бала келеді)
Әмина
Дәрігер:
Мені неге шақырдыңдар,
Қандай
шағым, арыздар бар?
Бәрі
бірге:
(Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік
көмек керек!
Дәрігер:
Қазір қарап шығайын,
Неден
ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен
кеудесін тыңдайды)
Дәрігер:
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы......
(Тексереді)
Тістерің
орнында, тамағың іспеген
Қол
- аяғың әлсізденген
Қызуың
ыссы екен
Білдім,
неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті
мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер
жетіспеген!
Гүлайым:
Енді не істеймін?
Дәрігер:
Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп
- көп көкөніс, жемістер жеуге
тырыс!..
Нұрдәулет:
Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер
де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға
қоңырау шалайық
Күз
өнімдерін осында алдырайық!
Аружан:
Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау
шалады)
-
Алло, алло! Қойма ма?
Бізге
жемістер мен көкөністер керек
Машинаға
тиеп жіберіңіз
Мүмкін
болса тезірек!
(Машинаның
дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші
бала жемістер мен көкөністерді «тиеп»
алып келеді)
Аяла
Алма:
Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар
бал дәмім
Пісіп
толдым, мінекей!
Баптап
ерек бағбаным
Милана
Өрік:
Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен
тәтті еліттім
Сүйіктімін
сәбилерге
Айтпасам
да бөліп тым
Айзере
Жүзім:
Мені бәрі жүзім дер
Бір
- бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам
көркіммен
Қатар
- қатар тізілген
Елназым
Шие:
Мен шиемін, шиемін
Күннің
көзін сүйемін
Қажеттімін
адамға
Оны
жақсы білемін!
Бахтияр
Қияр:
Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың
сәнімін
Дәруменім
мол менің
Жегенге
қуат сыйлаймын!
Адилия
Асқабақ:
Таңдандырар бәрін
Асқабақпын
дәмді
Кептірілген
дәнім
Таптырмайтын
дәрі!
Ақжан
Картоп:
Мен картоппын, картоппын
Бір
қарасаң - доппын?!
Немен
жесең де жағам
Мені
қоссаң тәтті болар тағам!
Адия
Пияз
Асханадан
шықпаймын
Атам
пияз бұқпаймын
Көзден
жасты шығарамын
Тұмаудан
бірақ сақтаймын
Әбілмансұр
Қызанақ:
Менің атым - қызанақ
Тұзды
сеуіп молырақ
Банкілерге
салыңыз
Аузын
мықтап жабыңыз
Тағамға
дәм қосамын
Қыста
тәбет ашамын
Қайсар:
Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын
дәрі
Өнімдерді
ортаға ала
Тойлайық
енді шаттана!
Хор:
Жемісі мол теретін
Күз
дос екен бәрімен
Бәрін
тауып беретін
Жомарт
екен күз деген
Тәрбиеші:
Қане онда.....
Қызықтайық
бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы
қыздар биіне еріп!
Би
«Қолшатырлы қыздар биі»
Ән:
Әмина, Елназымның орындауында
«Ертегілер»
Тәрбиеші:
Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар
күздің көркі
Ойланайық,
толғанайық
Күз
туралы биге елтіп – демекші келесі
тыңдайтындарыңыз
би
«Жапырақтар» Гүлайым, Елназым, Адилия,
Ақжан
Тәрбиеші:
Ендігі
сөз кезекті мектеп директоры: Еркін
Тұрарбекұлы Ахметовке және мектеп
директорының бастауыш сынып орынбасары:
Тұрысбаева Балжан Әшірбекқызына
беріледі.Қайсар: Берекелі бақ дәулет,
арта түссін тойланып
Аяла:
Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл
айналып
Тәрбиеші:
Күз тойын осыменен тамамдайық. Қош сау
болыңыздар.