400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Арайлы ,алтын күз" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, балалардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Арайлы, алтын күз»


Мақсаты: Балалардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, балалардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ашық айтып,ортада өздерін еркін ұстай білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.


І жүргізуші Нұртілек: Қарсы алайық бәріміз,
                     Жасымыз бен кәріміз.
                    Қырдан кепті қыдырып,
                   Алтын күз бізге нұр төгіп.

ІІ жүргізуші  Алихан:   Тілегім аман болсын ел іргесі,
                   Алтын күз қайта келді берекесі.
                  Молшылықтың жаршысы бола білді,
                  Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

І жүргізуші Нұртілек: Армысыздар ата-аналар, бүлдіршіндер ! Бүгін «Күншуақ» тобының «Арайлы, алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші  Алихан:   -Бүгінгі «Арайлы, алтын күз» атты күзгі бал кешіне сайысқалы келген жұптарды қошеметпен ортаға шақырамыз:


№1. Жастлек Расул № 7. Гизаттуллин Алихан

Есенгельдықызы Камила Ишангалиева Мариям

№2 .Мұстахим Нұрмұхан № 8. Қанат Азиз

Тлепберген Нұрайна Сағынбай Көркем

№3. Ерболат Санжар № 9. Марат Нұрмұрат

Зинурова Залина Салауат Гулсая

№4 .Есенбекұлы Нұрсейт № 10. Руслан Нұрасыл

Батырбек Мейірлім Нигметова Аяулым

№5 .Ғаділбек Бақжан №11. Орынбасар Айбек

Даниял Айзере Құттыбай Диляра

№ 6 Кенжегали Саян

Орынбай Айша


Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері! Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқасымен таныстырып өтелік:

1. Балабақша әдіскері:Т.Кабдрахманова

2.Балабақша психологы: Қ.Қарабалаева

3.Орыс тілі пәні мұғалімі: А.Жұмағалиева


І жүргізуші Нұртілек: Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.
ІІ жүргізуші  Алихан:   Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.


Тәрбиеші:Сайыс бағдарламасы 8 кезеңнен тұрады.
1. «Кел, танысайық»
2. Бал биі
3. «Мерген жұп»

4. «Күз сыйы» үй тапсырмасы
5. «Сән және талғам»
6. «Көңілді аспазшы»




1 - кезең «Кел, танысайық» кезеңін бастаймыз. Шарты: қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады.


2- кезең Бал биі.
Шарты: әр жұп әр түрлі ұлттардың музыкасына би билейді.

1,2-кезеңдер нәтижесі бойынша қазылар алқасы сайыскерлердің ұпай сандарымен таныстырады.

Ән: «Жомарт күз» орындайтын Жеткеншеков Алихан


3 - кезең «Сұр мерген»
Шарты: Жұптардың қолдары байланады. Байланған қолдарымен себетке алманы лақтырып түсіруі керек.

4 - кезең «Күз сыйы» үй тапсырмасы

3,4-кезеңдер нәтижесі бойынша қазылар алқасы сайыскерлердің ұпай сандарымен таныстырады.

Ән: «Күзгі бақ» орындайтын Нұртілек Тлепберген


5-кезең «Сән және талғам»

Шарты:әр жұп өз талғамдарына сай үйлесімділікпен қалдық материалдарды пайдаланып сән үлгісін көрсетеді.

Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ - демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық


Күзгі жеміс - жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!
6 – кезеңіміз «Көңілді аспазшы» деп аталады.

Шарты: жұптар дайын тағамнан (көкөніс,жеміс-жидектерден) ертегі кейіпкерін бейнелейді.

5,6-кезеңдер нәтижесі бойынша қазылар алқасы сайыскерлердің ұпай сандарымен таныстырып және сайысты қорытындылау.

Топ би: «Көңілді бақшада»


І жүргізуші Нұртілек: Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын

ІІ жүргізуші  Алихан:  «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да


Марапттау.


Тәрбиеші: Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына сіңірген ұландарымызды және сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да парасатты қыздарымызды марапаттау кезеңінеде келіп жеттік.

Қымбатты көрермендер!
Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Жеңісті күндерде кездескенше достар!









Айзере :Айзеремін ән салып,би билейтін сызылып. Нұрасыл:Таныстырсам өзімді

Ата-әжем бар менің,Қуандықтың қызымын. Асқарұлы Нұрасыл

Руым табын болады,өсіп-өніп толамын, Ата-әжем бар менің

Алтын күздің бүгінгі,Ханшайымы боламын. Анам Айгүл жанашыр.


Аяулым:Таныстырсам өзімді,Ерболқызы Аяулым Мейірлім: Атым менің Мейірлім

Бұл сайысқа қатысып,талаптанып көремін. Жасым менің үште

Әнді жақсы айтамын,Болып жатқан сайыста. Қызы болам атамның

Бақты сынап мен бүгін,щзып шығам қалайда. Еркелеткен күнде


Нұрмұхан:Басымызға бақ қонған алла қалап, Саян:Ассалаумуғалейкум халқым менің

Алтын күз келді бүгін бұда ғажап. Көптоғайдай әдемі өскен жерім.

Мұстахим ата тегім,руым таз. Руым шеркеш болады сұрасаңыз.

Нұрмұханөз есімім,тегім қазақ. Саянмын Кенжеғалидан шыққан тегім.

Әкем аты рауан мақтанарым

Бала-бақтан өнеге ап шаттанамын.

Сайыста өнеріммен озып шықсам

Бойымнан ана сүтін ақтағаным.


Мариям: Армысыздар ағайын,амандасып алайын. Азиз:Сыңарласып әкелген

Қатысып мен байқауға, бар өнерді салайын. Менің құрбым бұл Көркем.

Жарасады ар-ибам, менің атым Мариям! Ағатай беріш ұранмен

Салават пен Арайлым,ата-анам дариям! Наурызбекқызы көк Көркем

Руым-жаппас,елімнің ,гүлі болғым келеді. Байқау өтер алтын күз

Алтын күздей жарқырап,нұры болғым келеді Біз келеміз қос егіз

Ал,достарым бәріңе,құтты болсын мереке,

Сәтті өтіп бұл сайыс,орнасын тек береке!


Айбек:Армысыздар қазағым Алихан Г: Бойына жиып өскен дала сырын,

Азаматұлы Айбек боламын. Отаным бала-бақша бар асылым.

Немересі Орынбасардың, Ғизат тегі, руым шеркеш,тегім қазақ

Алаша Руы боламын. Алихандай Асыланның баласымын.

Таудай биік талабым, Асыл әжем өсіріп баптағаным,

Сегіз қырлы өнермен Қайтпасын сайыстарда бақ талабым

Күзгі балға қатысып, Өнеріммен ел алдында озып шықсам

Бірінші орын аламын. Анашымның үмітін ақтағаным.


Нұрайна: Армысың,айналайын қазақ халқым

Көрінер топ ішінде жүзің жарқын.

Үш жастамын,ұямыз баалабақша

Нұрлыбектің қызымын Нұрай атым.


Нұрсейт:Таныстырсам өімді тегімменен

Руым Қосым шеркеш қиындықтан шегінбеген

Тегім Есенбекұлы Нұрсейтболам

Өнер менен білімді егіз көрген

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі