Материалдар / "Арайлы Амангелдім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Арайлы Амангелдім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Амангелді ауданы жайлы мағлұмат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағаты : Арайлы Арқалығым !Мақсаты : Оқушылардың туған жерге, туған қалаға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған қаламыздың өткен тарихын біле отырып, қазіргі қалаөмірін зерттеу және қаланың болашағын оқушылар көзімен болжау. І.Кіріспе: ( М. Беспаев Туған жер) - Балалар, бір сәтке барлығың көздеріңді жұмып, мына күйді тыңдай отырып, өздеріңді болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші. Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не елестейді? - Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе бастайды. - Неге ең бірінші топырақ ойларыңа келді? - Жер деген сөзді топырақпен байланыстырдым. - Екі күн бұрын біздің Сапабеков Ермек тоғызқұмалақтан жарысқа қатысып, 10 күндей Астана қаласына барып келді. Бұл сенің үйден алыс сапарға шыққаның бірінші рет шығар, сол туралы айтып берсең. Алыста жүргенде,одан қайтып келгенде қандай сезімде болың? - Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Арайлы Арқалығым!» атты болмақ. Енді үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы суреттер салу және шағын шығарма жазу, өлең жолдарын жазу немесе кластер құру берілген. Біз оның нәтижесіннен көрме жасадық. Осының ішінен ең үздік шағын шығарманы оқып береміз (Жұмабекова Гүлім) Гүлім :Табиғаттың тамаша жазы қандай, Айналама көк кілем жазылғандай. Сымбатыңнан айналдым, туған жерім, Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп. Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Фаина Өлең жолдары Отан деген – атамекен Отан деген – туған ел Отан – ана Отан үлкен Қазақстан деген жер! Дулат. Кластер Отан деген – ол туған жер, ата-ана, туыс-бауырлар, мектеп, достар, ауыл, көшең. ҚР Ата Заңының 36-бабында: Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті, – делінген. - Балалар, Отаның, туған жерің қайда дегенде, неден бастауларың керек? 1. Мемлекетіңді атайсың 2. Облысыңды атайсың (қаласын) 3. Ауылыңды (ауданыңды) Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, 175 аудан, 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар. Сайя. Қазақстанның ежелгі алдыннан келе жатқан қалаларының бірі - Тараз қаласы. Тарихи деректерге сүйенсек 1856 жылы қала Әулие – Ата атымен, 1856 жылы қаңтарда Мирзоян аты беріледі. Ал 1938 жылы мамыр айында ақын Жамбыл тамыздың аты берілді. 1997 жылы 8 қаңтарда Жамбыл қаласына өзінің тарихи аты Тараз қайтарылды. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде қала өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Облыс Жамбыл облысы болып қалдырылды. Осы тарихи –киелі өңір атақты ақын атамыз Жамбыл Жабаевтің туған өңірі. «Пірім менің Сүйінбай, Жыр айтпаймын сиынбай»,-деп Жамбыл атамыз ақын Сүйінбай Аронұлын өзіне ұстаз тұтқан . Айдана : «Арқалық арайланған арман қала» тақырыбында слайд шоу жасады. Соны тыңдайық.

Жәнібек :Көп аузынан түспейтін Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым, білгің келе ме?

Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң Отан – аудан ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл, Жазған елің, ер халқың, Отан – өлең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын.

Мақал-мәтелдерді аяқта  Ел мен жер егіз  Жұрт дегенде жұмылып,  Ел дегенде егіліп  Туған жер - тұғырың,  Туған ел – қыдырың.  Ел қадірін көрген біледі,  Жер қадірін жүрген біледі.  Адам елінде көгерер,  қоға көлінде көгерер.  Бөтен жердің гүлінен,  Туған жердің тікені артық.  Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.  Ел болам десең, бесігіңді түзе.

 Отан – елдің анасы,  Ел – ердің анасы.  Туған жердей жер болмас,  Туған елдей ел болмас.  Отанды сүю – от басынан басталады.

 Пәлен жерде алтын бар,  Өз еліңдей қайда бар.  Туған жердің жуасы да тәтті.

 Өз елінің иті де (қадірлі.)

 Отан үшін күрес,  Ерге тиген үлес.

-Рахмет, балалар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық.

Клип. Қоңыр тобы. «Туған жер» - Балалар, айтыңдаршы, әннің мәтінінде қандай сөз қайталанып отырды? - « Жер» - Қандай жер екен? - Шөбі майсаң, жұрты жайсаң, туып, кіндік кескен жер Қорытынды: - Балалар, осы сабақтан сендердің бойларыңда біраз патриоттық сезім қалыптасты деп ойлаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын – «Арайлы Арқалығым!» – деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек – деп отырып сабағымызды «Туған жер» атты әнімен аяқтаймыз. Орындаушылар біздің сыныптың жігіттер мен қыздар тобы. Балалар, бүгінгі сабақты мен өзімнің жүрекжарды шығармаммен аяқтағым келіп тұр : Арқалық арайланған арман қалаАрқалық арайланған арман қала,Бағы да әр заманда жанған қала. Туған күні бүгінгі құтты болып,Тойлап жүрсін күніңді әрбір бала.

Арқалық Торғайымның астанасы,Басқа елдерге өнеге бола білген.Арқалық киелі орда, құт мекенім.Жасы да, кәрісі де құрметтеген.

58 жыл толды бүгінгі күн,Қуанышпен тойлайды жұртың бүгін.Әсем ән де, би де жыр да орындалар,Лайықсын жазсадағы жыр үздігін.

Арқалық ажар берген Сарыарқаға,Өзіңдей жер бетінде бар ма қала?Көркейіп, гүлдене бер сен әрқашан.Туған күнің құтты болсын, туған қала!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!