Арайлы күз - Алтын күз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Арайлы күз - Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аяулы күз – Алтын күз”



Тәрбиеші:

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс
берген сыйдай.

Армысыздар құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және қонақтар! Табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық пен береке ала келетін ерекше мезгіл. Сондықтанда , бәрімізде күз мезгілін берекелі күз немесе алтын күз деп атаймыз. Бүгінгі “Балдәурен” тобының “Аяулы күз -Алтын күз” атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!!

Выход

Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәрімізде асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.


{Сахнаның ортасында орманшы атай отырады. Екі бала ойнап жүріп атайды көреді. Атайға жақындап келіп неге көңілсіз отырғанын сұрайды.}

(Нұрберген)Балалар: Сәлеметсізбе Орманшы атай?? Неге көңілсіз отырсыз?

(Жанар апай)Орманшы атай: Амансыңдарма қарақтарым! Күз келді, күн суытты. Мына бақшамдағы жемістерімді жинау керекпін, бірақ жалғыз өзімнің шамам келмейтін сияқты.

(Алим)Балалар: Ата, уайымдамаңыз біз сізге көмектесеміз.

(Нұрберген)Балалар: Ата, сіз мұңаймаңыз біз сізге ән шырқап берейік


{Балалар топ болып ортаға шығып ән шырқайды және жерде шашылып жатқан жемістерді себетке жинайды}

Ән: ”Жемістер”


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!! Әнді керемет орындадыңдар және Орманшы атайға көмектестіңдер!!


Орманшы атай: Рахмет сендерге балаларым! Күзгі жемістерімді қалай жинасам екен деп уайымдап отырған едім, өздеріңдей мейірімді қамқор балалар жылдам жинап бердіңдер. Енді мен бұл жемістерді үйдегі кемпіріме апарып бір қуантайын. Сау болыңдар балалар!!

Тәрбиеші:

Бүгін мейрам бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Жыр айтамыз ұғып қой дей келе тәтті балапандарымыздың Күз мезгіліне арнап жаттаған жыр-тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Күлімдесін халқымыз. (Ерасыл)

О,алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші күлімдеп

Жайнай түсті жарқырап. (Айша)

Ағаштарда жапырақ

Ұшып-ұшып азайды

Тырау тырау тырналар

Туған жерден ұзайды. (Аликош)

Берекелі мерекелі

Келді жомарт Алтын күз

Қалада да, далада да

Жанның бәрі жарқын күз. (Алим)

Күз әкелді байлықты

Жайдарымыз бәріміз

Дастарханда дәміміз

Қауын,қарбыз дәміміз. (Муслим)

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып. (Амир)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал, балалар мен сендерге қызықты жұмбақ жасырайын сендер жұмбақтың жауабын табыңдар!

Көшіп жүрген желменен

Сеуіп шықты тамшысын

Қыраттарға шөлдеген

Жаңбырменен емдеген. (Бұлт)

{Көңілді музыка ырғағымен ортаға Бұлт кіреді}

Бұлт: (Перизат апай)

Күзгі көк бұлт мен болам

Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын

Қаласам қазір сендерге

Жаңбыр болып жауамын

Сәлеметсіңдер балалар?! Мені таныдыңдар ма? Ия,мен қара түнек бұлтпын. Бірде жаңбыр жауғызамын, бірде найзағай шашамын. Бәрі менің қолымда, мен күштімін. Мен бүгінгі кештің ауа-райын бұзамын.

Тәрбиеші: Бұлт, ақылға келіңіз. Бүгінгі мерекеміздің ауа-райын бұзбай, керісінше мерекеде қонақ болып көңіл көтеріңіз. Ал біздің өнерлі балаларымыз сізге би билеп өнерлерін көрсетсін.

Би: “Қырманшылар” {Нұрберген-Сабина,Әлімжан-Томирис,Амир-Ақниет,Оспан-Аяла,Алихан-Аяна}

Бұлт: Балалар сендер өте керемет биледіңдер. Менің көңілімді көтеріп жібердіңдер. Енді мерекенің ауа-райын бұзбаймын. Мен басқада құрғап қалған жерлерге жаңбыр болып жауайын. Сау болыңдар балалар!


Тәрбиеші:

Жарқыратып маңайды

Нұрландырып сарайды

Сәуле шашқан күлімдеп

Күнде келді жайдары


{Көңілді музыкамен күн келеді}

Күн: (Гүлбаршын апай)

Мен жарқырап төбеде

Нұрымды төгіп тұрамын

Шуақ шашып бәріне

Бала жанын ұғамын

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сәулелі күнмін. Жер шарына сәуле шашып нұрландырып тұрамын.


Тәрбиеші: Қош келдіңіз Күн ханшайымы! Аяулы күн ханшайымы сіз қызанақтың неліктен қызыл болғандығын білесіз бе?


Күн: Әрине, ол оқиға менің көз алдымда болды емес пе?

Тәрбиеші: Олай болса біздің балақайлар сол оқиғаны сізге сахналап берсін. Қабыл алыңыздар назарларыңызда “Қызанақ неге қызыл” көрінісі

Көрініс: “Қызанақ неге қызыл”


Тәрбиеші: Ертеде кішкентай қыз өмір сүріпті. Ол бау-бақшада жемістер өсіргенді ұнатады екен. Кішкентай қыз күнде бақшасын өзі күтіп, жемістер мен көкөністерді суарады екен. Ал ол кезде қызнақ қызыл емес ақ болған екен. Күндердің бір күнінде қызанақ басын көтеріп сөйлей жөнеледі.

Қызанақ: (Айжұлдыз)

Менің атым Қызанақ. Мені адамдардың бәрі жақсы көреді. Мен өте дәмді, әрі әдемімін.

Тәрбиеші:

Ал қалған көкөністер мен жемістер басын көтеріп оған қарап.

Пияз: (Ақниет)

Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын

Картоп: (Ұлпан)

Картоп бізбің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

Ау, қызанақ неге сонша мақтанасың?

Қызанақ: Мен сондай тәтті әрі дәмдімін. Сондықтан мені бәрі жақсы көреді.Оған ешкімнің таласы жоқ.

Сәбіз:(Айбек)

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

Алма: (Нариман)

Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бар дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым

Шие: (Аяна)

Мен моншақты шиемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім

Өрік: (Сабина)

Дөп-дөңгелек, сап-сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік

Қызанақ: Мен бәрібірде әдемімін,әрі сұлумын.

Тәрбиеші: кішкентай қыз бақшасына келіп жемістерін жинайды. Ал ағарып тұрған қызаннаққа қарап бұл әлі піспеген екен келесі жиынға қалсын деп қалдырып барады.

Қызанақ: Достар,достар кешіріңдерші! Мен қатты мақтанып, асыра сілтеп жібердім енді мақтанбаймын! Мені де өздеріңмен ала кетіңдерші.

Тәрбиеші: Осылайша, қызанақ мақтанып, өзін қатты жақсы көріп басқа жемістер мен көкністерді ескермегеніне қатты ұялып қызарып кетіпті.Мінекей сол күннен бастап қызанақ ақ емес қызыл түсті болған екен.

Тәрбиеші:

Өнер десе жайнаймыз

Сандуғаштай сайраймыз

Алтын күзге арналған

Жыр-тақпақты шырқаймыз дей келе бүлдіршіндеріміздің жыр тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақ

Күн суытып

Жапырақтар түседі

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құылды. (Сезім)


Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып. (Алихан)

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізде

Қызық көп күзде. (Айшабибі)

Ай жапырақ, сары алтын

Айналаның бәрі алтын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді. (Усимхан Айкөркем))

Табиғат-Ана ғой

Тамаша күз деген

Сарғайып бар әлем

Күлімдеп нұр берген. (Аяла)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ал келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің “ сүйкімді күндер” биіне берсек

Би: “Сүйкімді күндер” {Айбек,Алим,Алим,Әлихан,Ерасыл,Ерсайын,Сайд,Нариман,Муслим,}

Тәрбиеші:

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырайды Алтын күз

Сайрандадық күліп-ойнап

Келді міне Алтын күз

{Көңілді музыка ырғағымен Күз ханшайымы келеді}

Күз ханшайымы:

Аққудай әдемімін, сұлу жанмын

Әр үйде шыға тұғын жаңа таңмын

Жер мен көктің сұлулығын тепе-тең ғып,

Еріксіз өзіме мен қаратамын

Сәлеметсіңдер ме балалар!! Мен Күз ханшайымы боламын!! Жер мен көкті сұлулыққа бөлеп, сары түске бояған менмін. Жайдары жазық даламызға молшылық пен береке алып келген де менмін!

Тәрбиеші: Қош келдіңіз Алтын күз!! Алтын күз сізбен бірге еріп келген қандай сүйкімді қонақтар?

Алтын күз: Ия, балалар мен бүгін өзіммен бірге үш айымды қонаққа алып келдім.


Қыркүйек: (Оспан)

Мен қыркүйек айымын

Жылы күн райымын

Білім күнмен басталып

Шашарлаймын зырлаймын

Қазан: (Томирис)

Қазанда халқымыз

Тойлаған мереке

Ән салу салтымыз

Қуаныш, береке

Қараша: (Әлихан)

Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Күн суынып жаңаша

Қыс келеді жарыса.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар қандай керемет орындадыңдар.

Аштын күз: Балалар сендер білесіңдер ме күз мезгілінде дала қандай болады?

-суық

Құстар қайда ұшады?

-Жылы жаққа ұшады

Ия балалар дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі мерекемізге досымыз торғай да келе жатыр.

{Көңілді музыкамен Торғай келеді}

Торғай: Сәлеметсіңдерме балалар!! Мен жыл құсы қараторғай боламын. Бүгінгі мерекелеріңе арнайы қонақ болып келдім.

Тәрбиеші: қош келдіңіз қараторғай!! Мерекеміздің қонағы болыңыз, бүлдіршіндеріміз сізге арнап керемет ән орындап берсін.

Әуелетіп әнге салса

Әнші балдар ортада

Қошеметпен қол соғыңдарc

Жиналған мынау баршаңда қабыл алыңыздар бүлдіршіндеріміздің орындауында Ән:“Торғай ” әні


Торғай: Жарайсыңдар балалар! Әнді өте керемет айттыңдар.Балалар біздіңде кететін уақытымыз таяды. Сендермен қызықты уақыт өткіздім. Биледік ән айттық. Бірақ далаға қараңдаршы күз келді,күн суытты. Менің жылы жаққа ұшатын уақытым да келді. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар балалар!!

{Алтын күз бен Торғай музыкамен сахнадан шығып кетеді}

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мерекелеріңе тағы бір қонақ жетіспейтін секілді. Ол қонақ сиқыр жасағанды ұнатады. Ия,балалар бүгінгі мерекемізге арнайылап бізге Фея ханшайымы келе жатыр.

{Фея ханшайымы музыкамен кіреді}

Фея ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар. Мен Фея ханшайымы боламын. Бүгінгі мерекелерің құтты болсын. Сендер қандай әдемі әрі ерекше құлпырып тұрсыңдар.

Тәрбиеші:

Кіп-кішкене бөбектер

Би билейді дөңгелеп

Биші топтар ортаңда

Би өнерін көрсетед қабыл алыңыздар бүлдіршіндеріміздің орындауында “Күзгі балл” биі

Би: “Күзгі балл” {Айжұлдыз,Ұлпан,Айкөркем,Айкөркем,Нұрай,Сезім,Айша}

Фея ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Сендер өте керемет биледіңдер. Балалар қараңдаршы менің сиқырлы таяқшам бар мен қазір сиқыр жасап сендердің көйлектеріңді сәнді күздік дәнді дақылдардан немесе жапырақтардан жасалған көйлектерге айналдыра аламын.

1,2,3

Балдәуреннің ұл-қызы

Жұлдыз болып ұш

Сән үлгісі

{Нұрберген-Аяна, Айжұлдыз-Әлімжан, Айкөркем-Әлихан, Айша-Алихан, Аяла-Сабина,Айкөркем-Ұлпан}

Фея ханшайымы: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер әнді де биді де керемет орындадыңдар. Бірақ менің сендермен қоштасуым керек, басқа балалар да менің сиқырымды көргілері келіп тағатсыз күтіп отыр. Сау болыңдар балалар!!!

{Фея сахнадан шығады}

Тәрбиеші:

Мерекнні гүлдендіріп, сәндеген

Балдәурен топ біздеген

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Балдәуреннің қызығын

Есте сақта балдырған дей келе бүлдіршіндеріміздің “Алтын күз” атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: “Алтын күз”

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, қадірменді ата-аналар бүгінгі “Аяулы күз – Алтын күз” атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқтай отырып, күз мезгілі берекелі және астықты болсын деп тілейміз.

Берекелі бақ дәулет,арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып!!!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2025
16
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі