400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арайлы таңдай - сұлу Астана!

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге практикант студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арайлы таңдай - сұлу Астана!

Тақырыбы: Арайлы таңдай – сұлу Астана!
Мақсаты: Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
ә.Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Б.Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі:
«Астана – Қазақстан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны»; Шиырма, «Кешегі Ақмола – бүгінгі Астана», Суреттер, « Егемен Қазақстан » газеті.
Әдісі: Әңгіме, Сұрақ-жауап, Мәнерлеп оқу.
Түрі: Танымдық сабақ.

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
А.Оқушылардың жазғы демалысы туралы сұрақтар.
Ә.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Біз – Қазақстан атты байтақ елдің ұландарымыз.
Осы Қазақстан Республикасының елордасы қай қала еді?
- Әрине, Астана.Мұны бәрімізде жақсы білеміз.
Астанаға биыл қанша жыл толды?
- Дұрыс.10жыл.Қай айда екенін кім айтады?
- Әрине.Мұны ұмытуға болмайды.Бұл біздің елбасымыздың туған күнімен тұспа-тұс келген 6 шілдеде.
«Астана-асқақ абыройымыздың айғағы», - деді елбасымыздың Н.Ә.Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойындағы ашылу салтанатында.

Ардақты ағайын!
Құрметті (достар) қонақтар!
Қадірлі отандастарым!
Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойына жиналып отырмыз.
Астананың 10 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық.Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті.Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты.Біздер, қазақстандықтар, Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді –келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.
Той құтты болсын, ағайын!

Осыдан 14 жыл бұрын, 1994 жылдық 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім болды.Бұл шешім тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі еді.

Осы он жылдың ішінде әлемге танылған Астана Қазақстанды да әлемге әйгілі етті.Сарыарқа төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр.
Жасампаздың істерде жасқанбай, ата-баба аманатына адалдығын танытты.

...Өркениет көшіне еркін қосылған ұлт ретінде білімділікте, біліктілік те, жүректілік те көрсетті.Сын сағатта сыр бермеді халқымыз.
Сол үшін де мен ел-жұртыма ризамын, алдарыңызда иіліп тағзым етемін.

Ертегідей елорда
Нұрғожа Ораз, ақын
Бала қиял баяғы ғажап екен
Кимелейтін киелі маза бөтен -
Көз алдымда шынылы шаһар салып
Жер жаһанда кезікпес бағалы етем...

Сол қиялды өңімде көргендеймін,
Өзім жырдан жайнағып өргендеймін.
Таңғажайып бір қала келеді өсіп.
Қалайша мен лапылдап өртенбеймін.

Бұқар жырау жырындай әр ғимарат,
Құйылып кеп түскендей ән ғибадат.
Енді келіп Еуропа елеңдейді,
Жүрген бұрын біздерге қалғи қарап.

Күмбездерін күн нұры сүйіп жатыр,
Көре алмаған жат дұшпан күйіп пақыр.
Ай-жұлдыздар қарап ап сіңлісіне,
Түннің сәнін үйреніп түйіп атыр.

Бір күнінен бір күні салтанатты.
Керек қылмас көпір ме жалған атты,
Көз қуаныш сыйлады келгендерге,
Сүйсіндіре санатып сан қабаты.

Сән-салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым - жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп
«Астанам!»- деп ардақтап жүгінеді.
«Егемен Қазақстан» газеті №206-207 6 шілде 2008жыл 8-бет.

Елімнің алтын шаңырағы
Егінді, малды, кенді алып жазық.
Толағай толғауларды жатыр жазып
Айсыз түнде жол сілтеп адастырмас,
Астана –ел көгінде Темірқазық.

Қабыл боп ата-баба, ел тілегі,
Биіктен нұры шалқып Күн күледі.
Қан беріп халқымыздың тамырына,
Астана – соғып тұрған нұр жүрегі!

Есілдің ақ тұмасы ағылады,
Тамшылар күміс сырға тағынады.
Кереге, уығынан кие қонған,
Астана – елдің алтын Шаңырағы!

Ақ нұры аппақ Айдың ақтарылған,
Басына «Бәйтеректің» құт дарыған
Шапағат шам шырағы тарап жатыр,
Алыстан шырай шашқан оттарынан
Көк ту ұстап ұлы ғасыр көшінде,
Құйылғандай мұхит суы Есілге
Қазақ елін кең әлемге танытып,
Астана тұр Сарыарқаның төсінде.

«Егемен Қазақстан» газетті №206-207 6 шілде 2008жыл 4-бет.
Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін! Келген әрбір қонақтарды шаттыққа бөлейтін жерлері көп болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі