400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Арал теңізі" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Жоспарда тапсырмалар түрлері қарастырылған. "Су-тіршілік көзі" бөлімі бойынша жасақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Су-тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен -көлдер

Қазақ тілі

Мектеп:


Шаған ЖОББМ

Күні:

14 қаңтар

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның су ресурстары: Арал теңізі

Сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.

Кейбір оқушылар: Детальді ақпаратты анықтап, түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

талдайды, қорытынды жасайды

Ойлау деңгейі

Қолдану

Бағалау критерийі

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді.

Құндылықтарға баулу

Су-тішілік көзі, су қорларын үнемдеу, таза ұстау

Пәнаралық байланыс

география, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім

Су-табиғат құбылысы

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут








5 минут

Қызығушылықты ояту. Сұрақтарға ойланып жауап беріңіз.

Су-тіршілік көзі ме? Қалай ойлайсың?

Суды қалай үнемдеуге болады?

Қазақстандағы өзен-көлдерді білесің бе?

Ерекше өзен, көлдерді есіңе түсіріп көрші.

Арал теңізі туралы естуің бар ма? Қайда орналасқан?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, осы арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Қ/б: мұғалімнің мадақтауы

Оқылымалды тапсырмасы

Жеке жұмыс, топтық жұмыс

«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі

Мұғалім «балық шаруашылығы», «су қоры», «тұйық көл», «су айдыны» деген сөздердің мағыналарын параққа жазып, қабырғаға іліп қояды.

Оқушылардың қолдарына «балық шаруашылығы», «су қоры», «тұйық көл», «су айдыны» деген сөздерді карточкаға жазып береді.

Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы сөзге қатысты жауап парақты табады. Жауап парақтан карточкаға жазылған сөздің мағынасын бірлесіп талқылап түсініп алады.

Қ/Б: Мұғалімнің мадақтауы, оқушының қошеметі

интербелсенді тақта





















таяқша


Сабақтың ортасы

10 минут

















10 минут



























10 минут
















Оқылым тапсырмасы.


Арал теңізінің экологиялық ахуалы


Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Ауыл шаруашылығының салалары дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал апатына себеп болған факторлар:

жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

1-тапсырма:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Өз ойыңызды мысал келтіре отырып дәлелдеуге тырысыңыз.

  1. Мәтін не туралы?

  2. Апатқа ұшырағанға дейінгі жағдайы қандай болды?

  3. Арал апатына себеп болған факторларды ата.










Оқылымнан кейінгі тапсырма: «Оқылым» картасы

2-тапсырма: Оқылған мәтін бойынша мәліметтерді кестеге салыңыз.

Shape1



---------------------------------------------------------------------


Мәтіндегі негізгі ой:


Shape2 Shape3

Қосымша ақпарат

1.________________2.____________________________________________________








Негізгі ақпарат

1.__________________2.________________

3.________________________















Shape5 Shape4

Мәтін бойынша өз пікірің/2сөйлем/_________________________________________________________________














Маңызды ақпарат

__________________________________________________________________
















Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

3-тапсырма: Мәтіндегі детальді ақпаратты табыңыз.

Топтық жұмыс. /Үлгі кестеде көрсетілген/

т


Қ/Б: оқушы қошеметі

Қ/Б:Парталас көршіңе бір пікір таңдаңыз!

https://www.youtube.com/watch?v=olgyWN73hEQ















«Тыңдалым картасы»





















Суреттер


Сабақтың соңы



3 минут

Рефлексия. «Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен сұрақтарға жиі ______________ сирек
жауап бердім.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
3211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі