400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға 7 сыныпқа қажет материялдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

36 -сабақ


Пәні: Биология

Сыныбы : 7 Күні:28 .01.2016

Сабақ тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері.Мінез-құлықтары.Түйсігі (инстинкт) Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақтың мақсаты: 1. Аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасы құру ерекшеліктерін және мінез - құлықтары мен түйсігі жайлы мәлімет алу.
2. Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылық тарын іздену, құру және салыстыруға тапсырмалар беру арқылы дамыту.
3. Олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірде қолдана білуге үйрету және оларды қорғауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: бейнефильм, жобалар, суреттер, тест парақтары.
Дамытушылық: Оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу. 
Тәрбиелік: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге, 
өз бетімен білім алуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпараттық оқыту , сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Иинтерактивті тақта, электрондық оқулық, кестелер.
Сабақтың брысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі . 
    2. Үй тапсырмасын сұрау. 
    3. Жаңа сабақ 
    4. Сабақты қорытындылау.

5.Тест сұрақтарын беру. 
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгелдеу. 
Сәйкестендіру тесті : «Зиянкестер» А. Өсімдік Б. Жануар В. Адам
1. Саяқ 2. Тарақан 3. Мамықжегі 4. Қандала 5. Бүрге 6. Маса
7. Жібеккөбелегі 8. Бұзаубас 9. Шіркей 10. Сона Жауап: А - 1, 4, 7, 8 Б - 3, 5, 9, 10 В - 2, 4, 5, 6

Сабақтың барысы:

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Олар достық қарым-қатынаста  қауымдасып тіршілік етеді. Құмырсқалар  нағыз еңбекқор жәндіктердің бірі. Әрбір құмырсқа өзінің салмағынан 150 есе ауыр нәрсені илеуіне әкеле алады екен. 

Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу  жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.

Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар –феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін  емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады. Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.



Аралардың мүлтіксіз тәртібі

        Ұядағы әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Бір маусымда  ара ұясы 100-200 келі бал жинайды. Яғни дала кезіп тынымсыз сірне таситын жұмысшы ересек ара аптасына 6-7 келі балды қорға қосады. Аса шебер Алла тағала өз құдыретімен араның ауыз қуысын бал жасау үдерісінің алғашқы буыны өтетін кішігірім «цех» етіп қойған.

         Ондағы қалыпты жылу деңгейі ауыз қуысындағы шырындардың біртіндеп балға айналуының алғашқы әрекеттеріне жағдай жасайды. Құдды бір ұшып жүрген тірі зауыт. Ал ұяда жас аралар сірнені тор көзшелерге салып, желдетіп, артық ылғалын жояды. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды. Көзшелер балға толғаннан кейін, оны балауыз қақпақшамен жабады.

         Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екенін және әрбір қабырғасы мен бұрыштарының өлшемі бір-бірімен керемет үйлесімділікпен дәл келетінін байқайсыз. Бұндай дәлдікті аралар кімнен үйренді? Неге ол үш бұрыш немесе бес бұрыш емес?

          Тор клеткалар бір-біріне үйлесімділікпен жабысатын балауызға бал сыйымдылығы молырақ болатынын қайдан білді? Қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған құрылысшылар миллиметрлік дәлдікпен алты бұрышты үйлерді жапсарлап сала алар ма еді?

        Жаратушының түйсіктеріне салуының арқасында бал аралары шырынды гүл мен шүйгінді шөп атаулыны тез-ақ табады. Және оны өз қауымдастығындағы өзге араларға жедел хабарлайды. Шуақты күндері ауа райы аяқ асты бұзылып жаңбыр жауып, құбыла қалу біздің таулы аймақта қалыпты жағдай. Осындай күндердің бірінде әкем ара ұясы тұрған жердегі ілініп тұрған шойын темірді қатты затпен бір ұрып қоятын. Әлгінің үні біразға дейін гуілдеп тұратын. Сөйтсек, жаңбырдың астында, тұманда қалған аралар осы дыбыс арқылы өз ұясын табатын көрінеді.

«Ақылы асқан» аралар тобы

       Аралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 триллиондық амал жасайтыны анықталды.

         Аралар және олардың балының емдік қасиеті туралы адамдар ертеден білген. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта адамдар араның ұясына ұқсас қолдан қа­лыптар жасап, оған жабайы араларды отырғызып, балын алып, түрлі ауруларға ем ретінде қолданып келген. Жалпы, әлемдегі қай халық немесе қай дін болмасын араларға жақсы жағынан қараған. Өйткені, аралар адамның жаны деген түсінік берік қалыптасқан.

           Аралардың  маңызды қызметі. Араның балын былай қой­ғанда, электротехникалық және бояу шығару өндірістеріне керекті маңызды шикізат қоры болып табылатын балауыз жасалады екен. Ал ара уынан бірнеше дәрі-дәрмектер жасауға болады. Бәрінен де бұрын аралардың мәдени өсімдіктерді тозаңдандыруда алатын орны зор. Осы уақытқа дейін ара өсірушілер олардың не үшін билейтінінің сырын аша алмай келген. Жуырда мұның сыры да ашылғандай болыпты. Яғни гүлдер көп орын ұяға жақын болса, аралар шеңбер жасап ұшады екен. Ал бұл би барлық араларды сол жаққа шақырғаны, сондай-ақ сегіздік жасап ұшатын болса, азықтық орынның алыс екенін көрсеткені болып табылады екен.

           Осы жуырда ғана зерттеушілер араларды контрабанда мен лаңкестікке қарсы күресте, есірткі саудасында қолдануға болатынын анықтады. Өйткені, өзіне жағымды иісті сезген аралар тілдерін шығарып, шәрбәт нәрін іздей бастайды. Сондықтан қажет етілген иіске араларды өте жеңіл үйретуге болады. Ол үшін аралар бірнеше иіс араластырылып жіберілген бөлмеге қамалады. Осында ол өзіне қажет еткен иісті ажыратып, тауып ала-алады. Осындай жолмен араларды жарылғыш заттарды және есірткілерді, тағы басқа да нәрселерді тауып алуға үйретуге болады.

          Сондай жаттығудың бір түрі ретінде үйретілген аралар далалық жағдайда минаны табу үшін ашық ауаға жіберіледі. Аралардың қай жерге жиналып жатқанын анықтау үшін лазерлі аппарат қойылады. Монтана университетінің ғалымдары осындай тәжірибелердің бірнеше түрін жүзеге асырып үлгерді. Ғалымдардың тағы бір анықтағаны, аралар ауада улы қоспалардың барын сезсе, мінездерінде өзгерістер туындайды екен. Сонымен бірге, аралар азық-түлік тауарларының сапалылығын  анықтай алады.

        Оқыс қимыл жасадың дегенше, шабуылға ұшырадым дей бер. Мұнда ұшып жүрген бәленбай мың ара саған келіп жабысады. Бұл – араға тән табиғи құбылыс. Ұясының алдында тайраңдап жүрген аю екен деп қала ма, әйтеуір, оқыс қимылды (араны қағып жіберу, басыңды тұмшалап қашу) өздеріне төнген қауіп-қатер деп түсінеді.

        Былай қарасаңыз, ара – басында бір шөкім миы жоқ жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндік. Жабайысын қосқанда дүниеде қанша түрі бар екенін білмеймін, білетінім, Алланың қалауымен бір жүйеден ауытқымай  тіршілік ететін, қолға баптауға бейім бақшадағы кәдімгі бал арасы. Дүние есігін ашқан ара 5–6 ай  өмір сүреді екен.

 



ІІІ. Жаңа сабақты бекіту: Сабаққа байланысты бірнеше сұрақтар беру:

1.Құмырсқа қандай отрядқа жатады?

2.Бір маусымда ара ұясына қанша келі бал жинайды?

3.Құмырсқаның саламғы,дене бөлімдері туралы мәлеметтер айтыңыз?

ІV. Үйге тапсырма. тақырыпты оқып, мазмұнын айту .

V. Бағалау. Оқушылардың сабақ өту барысында белсенділіктеріне қарай бағалау.

























Сергіту сәті. " Жылдам жауап" ойыны. 3 топ оқушылары бір - біріне сұрақтарын қойып, жауап береді.
ІV. Сұрақ – жауап. Сәйкестігін табу. 
І - топ
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері. (Шегірткелер)
Жерден ін қазып тіршілік етеді. Тамырды және тамыржемістерін бүлдіреді. (Бұзаубастар) 
Азық – түлікті бүлдіріп , адамға түрлі ауруларды таратады. ( Тарақандар )
Бөртпе сүзек және оба ауруын таратады. (Биттер )




ІІ - топ
Орамжапырақтарда мекендеп , тамырына, қауданына зиян келтіреді. (Бітелер)
Дәнді сорып (бидай) астық түсіміне зиян кетіреді. (Қасақы жалпайма) 
Топырақта және шіріген ағаш түбінде тіршілік етеді және астыққа үлкен зиян келтіреді.
( Қоңыздар)
Қоқсық ішінде тіршілік етіп, адамға түрлі аурулар таратады. ( Бүргелер) 
ІІІ - топ
Безгек және оба ауруын таратады. (Маса)
Өте мазасыз келеді, тынышын кетіреді. Кейбір түрлері адамға және малдарға ауру жұқтырады.
(Шіркей)
Үй жиһаздарына зиян келтіреді. (Қаракүйе)
Көптеген аурулардың қоздырушыларын жабыстырып, таратады. (Шыбын)
V. Қорытынды. "Теңізден жедел хат " 3 топқа дайындалған биологиялық диктант. 
І - топ
……………………… …… Бұл әдіс бунақденелі зиянкестерді басқа жәндік немесе жануарларға жегізу арқылы жоюға негізделеді. Қанқызы ызылдақ қоңыз тәрізді ……………………….. - ……………… жәндіктер. Олар әдейі қолда өсіріліп, …………. ………………. қаптап кеткен егістікке жіберіледі, сөйтіп бір бунақдене …………… бунақденені құртады. 
ІІ - топ
Ежелден келе жатқан ескі әдіс, ……………. ……. …….......................... жинап, жою арқылы жүзеге асырылады. Дербес жібеккөбелек , сақиналы жібек көбелек, ақкөбелектерді жою үшін олрдың көп …………………….. орнын анықтап , жинақталған ………………… құртып жіберуге болады. Кейде теріп алып жояды , сондай – ақ терең …………… пайдалануға да болады. 
ІІІ - топ
……………………….. зиянкес бунақденелерге химиялық заттарды пайдалану. Улағыш дәрілер …………….. деп аталады. Инсектицидтер қолдану тәсіліне қарай …….. ………………. әсер ететін және ………….. әсер ететін улы заттарға бөлінеді. 
Үйге тапсырма: Бунақденелілер класының отрядтары ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Адам ауруын тасмалдаушылар. Ауру тасмалдаушылармен күрес. Тақырыбында реферат жазу.
Үйге тапсырма: Бунақденелілер класының отрядтары ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Адам ауруын тасмалдаушылар. Ауру тасмалдаушылармен күрес тақырыбында реферат жазып келу. Өздерің тұрған жердегі бунақденелерді анықтап, тіршілік әрекеттерін бақылау. 


V. Бағалау. 3-топ жетекшілерінің бағалаған бағалау рейтингісі бойынша және өзімнің қойған бағаларыммен қосып, оқушыларды бағаладым.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі