400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Аралас сабақ "Әдептен озбайық."4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеп туралы ұғымдарын дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: Білімділігі:Оқушыларды әділеттілікке үйрету. Дамытушылық:Оқушылардағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелілігі:Оқушыларды әдепті болу болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану пәні сабағының жоспары

Мектеп:

Мұғалім: Рахмеджанова Гулноза

Күні: 20.10.2016ж

11

Тақырып: Әдептен озбайық.

Сыныбы: 4« А»

Оқушылар саны:45

Құндылық: «Дұрыс әрекет»

Қасиеттер: әділеттілік, ұқыптылық, әдепті болу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға әдеп туралы ұғымдарын дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі:Оқушыларды әділеттілікке үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардағы ұқыптылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі:Оқушыларды әдепті болу болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:

(материалдар,

Дерексөздер)

Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабі,

фотосуреттер,

үнтаспа,маркер,

ватман,видеобейне,үлестірме қағаздар, «Құндылықтар ағашы» суреті.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарап бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз де жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді.

Нұр бірте-бірте жарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық.


«5»-Т


Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап


Тыныштық









2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. №10 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы жазу.

2. Келесі сабақ. №11, «Тістелген алма мәтіні» ертегісін оқып келу. 45 –бет.

Сұрақтар:

1. Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?

2.  Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

3.  Бақ иесінің шарттары қандай еді?

4. Жігіт пен  бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?

5.Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

7. Әдепті деген сөзді басқа сөзбен қалай атауға болады?

8. Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?


3.Дәйексөз: 

Адамда жақсы қасиет болмаса

Оған бақ та, бақыт та қонбайды

Ж. Баласағұни

.


 Әдептілік сезімі дегеніміз - өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдептілік үшін көп тәрбие қажет. Әдептілік сезіміңді жетілдіру үшін өзіңді үнемі ойша басқа адамның орнына қоюың керек.

     Әдептілік адамның қоғамға, басқа адамға қиянаттан бой тартуын талап етеді.

     Сондай-ақ адам бойында ең алдымен өзін-өзі сын көзбен қарай алу дағдысы дамуы керек


Сұрақтар:

  1. Адамда қандай қасиеттер бар?

  2. Бақыт дегенді қалай түсінесіздер?

  3.  Әдеп туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

  4. Дәйексөзден не ой түйдіңіз?


4.Әңгімелеу( мұғалім сыйы):

Әдеп.

Ы. Алтынсарин

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сойлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжіқ өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді.Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды.Қасындағы бай:-Тақсыр, осыншама жұрттың үстінен қараған әкімсіз, сол бір кісіге неге сонша бас ұрасыз?-деп айтты.Сонда әкім:-Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып өалайын-ба?-деді дейді.

Сұрақтар:

1.Бай кіммен кездесті?

2.Олардың алдынан кім өтіп қалды?

3.Мұжық не істеді?

4.Әкім қалай жауап қайтарды?

5.Бай әкімге қандай кеңес берді?

6. Әкімдің айтқаны, істегені дұрыспа? Себебін түсіндіріңдер.

7. Әңгімеде қай құндылық туралы айтылған?

8. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдай болды ма?Әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:

5.Шығармашылық жұмыс

«Менің бойымдағы әдептілік» деген тақырыпқа эссе жазу.

Үлестірмелі

қағаздар, маркер,

ватман



6.Топпен ән айту.

М.Өрісбаев «Өмір сыры»

1)Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам

Өмірге қайта айналып келер болсам

Сезер – ек бақыттың шын бағасын

2)Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы

Ақымақ деген –

Жүректің жұбанышын көз ілмейтін

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың

Қ/ы

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы


Үнтаспа

7.Үй тапсырмасы.

1. №12 сабақ. Жұмыс дәтердегі 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ: №12, Ш.Айтматовтың шығармасын оқып келу.49 –бет.


8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет!

Әуенді


бейне жазба

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

2.«Өзін – өзі тану» Оқулық. 6- сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

3.«Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

4.«Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 6- сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

5. Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық». «Атамұра». Алматы-2006 6.«Самопознание.kz» журналы №4,( 64) 2015

7. http://www.tarbie.kz



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі