400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аралас сандарды қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2А Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 18.05.2017ж

Сынып: 5 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Аралас сандарды қосу.Аралас сандарды азайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.20 Аралас сандарды қосу және азайтуды орындау

Сабақтың мақсаты

●Барлық оқушылар:

Аралас сандарды қосу және азайту ережесін пайдаланып,бөлімдері бірдей аралас сандарды қоса алады.

●Оқушылардың басым бөлігі:

Бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі аралас сандарға қосу және азайту амалын орындай алады.

●Кейбір оқушылар:

Өздігінен есептер құрастырып,оның математикалық моделін негіздеп оны теңдеу арқылы шығарады.

Бағалау критерийлері

- аралас сандарды қосу және азайту ережесін білуі;

- бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу және азайту амалын орындай алуы;

- бөлімдері әртүрлі аралас сандарға амалдар қолдана алуы;

- Белгісіз шамаға сәйкес математикалық моделін құрастырып алдыңғы білімді тиімді қолднып, оны теңдеу арқылы шығару

Тілдік мақсаттар

●Пәнге қатысты терминология:

Аралас сандарды қосу және азайту, дұрыс және бұрыс бөлшек, аралас сан, натурал сан,ЕКОЕ , ЕҮОБ, толықтауыш көбейткіш.

●Диалогқа қажетті тіркестер:

Ортақ бөлімге келтір,натурал саннан аралас санды азайту,аралас саннан натурал санды азайту,бөлшекті қысқарту


Құндылықтарға баулу

"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының құндылығы "индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу" ; оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Пәнаралақ байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім

4.1.2.14 аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыра алады.

Жай бөлшек, аралас сан, жай бөлшектерге амалдар қолдана алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

(10 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардын сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

  • «Ақ пейілді тілек» жаттығуын орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату.

  • Түрлі –түсті қағазадар арқылы топтарға бөлу.

  • І топ Натурал сан; ІІ топ Жай сан; ІІІ топ Құрама сан; IV топ Аралас сан

Үй тапсырмасын тексеру.

№ (слайд бетіндегі дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді.)

Топ басшысы сайланып, топ басшыға критерийлері жазылған бағалау парақшасы тарқатылады.

Мұнда оқушы өзін-өзі бағалайды.







Түрлі-түсті қағаздар

Слайд,

бағалау парақшасы

Сабақтың

ортасы













«Қайталау оқу айнасы»

«Серпілген сауал » әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау?

  1. Аралас сандарды қосуды қалай орындаймыз?

  2. Аралас сан мен натурал сандардың қосындысын қалай табуға болады?

  3. Жай бөлшек пен аралас санды қосу қалай орындалады?

  4. Аралас сандарды азайтуды қалай орындау керек?

  5. Аралас саннан натурал санды, дұрыс жай бөлшекті қалай азайтуға болатынын түсіндіріңдер.

  6. Натурал саннан аралас санды қалай азайтуға болады?

  7. Натурал санды аралас бөлшек арқылы жазуға бола ма?Мысал келтіріңдер.

Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі. Мұнда топ басшы топ мүшелерін бағалап отырады.

Бұл жерде оқушылар бір-бірімен диалогқа түседі


Өтілген сабақты пысықтап қысқаша айтып оқушыларды бүгінгі тақырыпқа назарларын аудартып өмірден мысалдар келтіру. Одан кейін «Семантикалық карта» әдісі бойынша барлық топқа тапсырма беріледі.

Сол жақта аралас сандарды қосу,азайтуға тапсырмалар берілген,оң жақта жоғарыда соған сәйкес жауаптары және жауапқа сәйкес буындарды белгілейді. Сәйкес буындарды қою арқылы құндылықтың аты шығады.

Дескриптор: -бөлімдері бірдей аралас сандарды қосады:

- бөлімдері әртүрлі аралас сандарды азайтады,қосады.


1 адам үйде 3 адам қонақта әдісі бойынша топтарға жеке тапсырма беру.

І топ. Дүйсенбі күні топтағы бір оқушының мектепке келгеннен үйіне барғанға дейінгі уақытты сағатпен өрнектеп көрсет.

ІІ топ. Дүйсенбі күні топтағы бір оқушының мектепке келгеннен үйіне барғанға дейінгі уақытты сағатпен өрнектеп көрсет.

ІІІ топ. Дүйсенбі күні топтағы бір оқушының мектепке келгеннен үйіне барғанға дейінгі уақытты сағатпен өрнектеп көрсет.

ІV топ. Дүйсенбі күні топтағы бір оқушының мектепке келгеннен үйіне барғанға дейінгі уақытты сағатпен өрнектеп көрсет.

Дескриптор: - есептің шартына сәйкес өрнек құрастырады;

- бүтін бөліктермен амал орындайды;

- бөлшек бөліктермен амал орындайды;

- дұрыс жауабын табады.


Сергіту сәті. Бет гимнастикасын жасау.Онда:- планеталардың орбита бойынша қозғалысын көзбен салу; енді қарама-қарсы бағытта;-координаталық жазықтық осьтерін көзбен бейнелеу.


Деңгейлік тапсырмалар.

Топтаса отырып есептер шығарады. Есептің шығарылу жолдарын ақылдасады, бір шешімге келеді.Кеспе қағазға шығарады. Топтардың орындаған тапсырмаларын бір-біріне ауыстыру арқылы дұрыс шығарылыммен тексереді. Ең қажетті ең қиын деген есептерді әр топ постер арқылы қорғайды.

Топ бір-бірін басбармақ әдісі бойынша бағалайды.


Интербелсенді тақта














Интербелсенді

тақта










Таратпа материалдар



















Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы


Қалыптастырушы бағалауға арналған тест тапсырмасы

Сәйкестендіру тесті.(5 сұрақтан) интербелсенді тақтаны пайдалану.

Мұнда топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма №

Кері байланыс алу. "Бағалау терезесі" әдісі бойынша.

1) маған бәрі түсінікті

2)сұрақтар пайда болды

3)мен есте сақтадым

4)түсінбедім

Интербелсенді тақта










Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.


2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.



Дескрипторлар бойынша бағалау, сабақ барысында оқушы серіктесін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі.


Сабақ бойынша рефлекция


Жалпы бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі