400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аралық аттестаттау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 10 (Т2) орыс сынып үшін емтихан материалы. 4 нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

1 нұсқа

Оқу мақсаты:

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу.

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;


Бағалау критерийі:

Тыңдалым.

- Мәтінді тыңдайды, өз көзқарасымен салыстырады, аргументтер негізінде дәлелдейді

  • Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз.


Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі


Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

https://osken-onir.kz/kogam/18246-drys-tamatanu-densauly-kepl.html


Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.

http://178.alschool.kz/pitanie/3537-drys-tamatanu-densauly-kepl.html


  • Тапсырма

Мәтіннің негізгі ойы

Көтерілген мәселе















  • Оқылым.

Бағалау критерийі:


ЭКОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Адамның қоршаған ортаға кері әсері, залалы көптеген жағымсыз салдарға, атап айтқанда экологиялық апаттарға әкелді. Қазір қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аудару қажет, сондықтан біз әлемдік экологияға байланысты ең өзекті ғылыми фактілерді ұсынамыз:

~ орташа автомобиль әр 30-35 шақырым сайын қоршаған ортаға шамамен 500-600 кг газ тәрізді қалдықтарды шығарады. 50-60 жыл бұрын бір орташа автомобиль әр 30-35 шақырым сайын қоршаған ортаға шамамен 12,5 – 15 кг газ тәрізді қалдықтарды шығарды, өйткені ол уақытта автомобильдер әлдеқайда аз болды, өкінішке орай, қазір экология бұрынғыға қарағанда қатты зардап шегіп отыр.

~ Әлемде қоршаған ортаның ластануын өлшейтін арнайы сездіргілер бар. Әдетте, мұндай сездіргілер жиектерде орнатылған.

~ 4 миллион литрден астам таза ауыз сумен улану үшін, төрт литр машина майы жеткілікті. Айта кету керек, мұндай сан әсерлі болып көрінсе де, оны күнтізбелік бір жылда тек елу адам пайдаланады.

~ жыл сайын әлемде 125 миллионға жуық жұмыс істейтін телефондарды иелері шаршап немесе қызығы басылғаннан соң полигонға тасталады.

~ күн сайын екі миллион тонна қалдықтар табиғи су объектілерінде кездеседі, жыл сайын 260 миллион тонна пластмасса бұйымдары мұхиттарға тасталады. Барлық осы пластикалық қоқыстар мұхиттарға өзендер, бұлақтар және теңіз толқындары арқылы құрлықтан шығарылады.

«Экология» сөзін ежелгі грек тілінен «үй» немесе «мүлік» деп аударуға болады. Жоғарыда келтірілген қызықты, экология туралы фактілер әрқайсымызға өз болашағымызды, ұрпақтарымыздың болашағын да сақтап қалу үшін қоршаған ортаға қамқорлық жасауымыз керек екенін тағы да еске салады деп үміттенеміз.

https://ales.kz/kz/ustojchivoe-razvitie/93-ustojchivoe-razvitie-2/leumettik-ekologiya/adam-o-am-tabi-at/1626-ekologiya-turaly-yzy-ty-derekter


Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз






Әлемдік экология жағдайын бағалаңыз және өз өлкеңіздің экологиясымен салыстырыңыз










  • Айтылым. Мәтіндегі есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырып, шағын сұхбат құрастырыңыз. (10-12 сөйлем)


  • Жазылым

«Қазақстан экологиясының қазіргі жағдайы» тақырыбында қажетті клишелерді қолданып,көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазыңыз. (110-120 сөз)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қажетті клишелер: біріншіден,меніңше,атап айтсақ,басқа жағынан, қарастырсақ, дәлелдейтін болсақ, қорытындылай келе.

Рубрика

Дағдылар

Тапсырмалар

Тыңдалым (0,5 балл)

Мәтіннің негізгі ойын, көтерілген мәcелені жазады

Айтылым (0,5 балл)

Берілген сөздерден монолог құрастырады

Оқылым (1 балл)

1 тапсырма . Берілген мәтінді оқып , негізгі ақпаратты көрсетеді ; (0,5 балл)

2 тапсырма . Әлемдік экология жағдайын бағалайды және өз өлкесінің экологиясымен салыстырады(0,5 балл)


Жазылым (2 балл)

«Қазақстан экологиясының қазіргі жағдайы» тақырыбында қажетті клишелерді қолданып,көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады.

Әдеби тіл нормалары

(1 балл)

Мәтіндегі есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырады .

Бағалау критерийлері

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсырма реті

Дескриптор

Балл

Тыңдалым

Мәтіннің негізгі ойын, көтерілген мәcелені жазады

1

- мәтіннен негізгі ойды, көтерілген мәселені жазады;

0,5

Айтылым

Берілген сөздерден монолог құрастырады

2

  • берілген сөздерден монолог құрастырады

0,5

Оқылым

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

3

  • берілген мәтінді оқып , негізгі ақпаратты көрсетеді ;

  • әлемдік экология жағдайын бағалайды және өз өлкесінің экологиясымен салыстырады

1

Жазылым


қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)


4

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (0,5 балл);

- қажетті клишелерді қолданып,көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады ;

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл).


2


Әдеби тілдің нормалары

Есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырады

5

-есептік сан есімдерді болжалдық сан есімге айналдырады


1

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары

2 нұсқа

Оқу мақсаты:

10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу.

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10.5.1.2 сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану;

Бағалау критерийі:


- көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді

-ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады;

-әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;

- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады; («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

-сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолданады;



  • Тыңдалым. Мәтінді тыңдаңыз.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі