Аралық емтихан тапсырмалары 2023-2024ж

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Аралық емтихан тапсырмалары 2023-2024ж

Материал туралы қысқаша түсінік
5-10 сыныптар үшін аралық емтихан тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен 8–сынып оқушыларына арналған аралық аттестаттау тапсырмалары


1 – нұсқа

  1. Оқылым. (1 балл)

-оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасаңыз.

Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадірқасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.



Комментарий

Талдау






2 Жазылым. (3 балл)

-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

1.«Адами құндылықтар алға жетелейді» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып,

ойыңызды жүйелеп аргументативті эссе жазыңыз.Сөз саны 130-140.







3.Әдеби тіл нормалары.(1 балл)

-сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;

-Эссеңізді қайта оқып, онда кездесетін есімді, етістікті тіркестерді теріп жазыңыз.


Есімді тіркес

Етістікті тіркес







Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды;


1

-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл);

-ііріктеп оқып, талдайды (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)



3

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

- сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін сақтап, сөз тіркестерін дұрыс ажырата алады;


1

-мәтіннен сөз тіркестерініңбайланысу тәсілдері мен түрлерін сақтап жазады(0,25 балл);

-есімді, етістікті сөз тіркестерін дұрыс жыратып,қолданады(0,25 балл);

- сұрақтарнын қояды(0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1








2 – нұсқа

1.Оқылым.(1 балл )

-оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасаңыз.

Мамандық таңдау – маңызды іс. Уақыт өте дәстүрлі мамандықтар сұраныстан айырылып, жаңа маман иелері пайда болады. Fast Future британдық агенттіктің футурологтары 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. 17 жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады:

Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.

Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтар. Дамыған технология ғарышқасаяхаттауғамүмкіндікберіп, жаңажұмысорындарыменқамтамасызетеді.

Жерболашақтаүлкенқұндылыққаайналып, жердіүнемдеуөмірдіңкезкелгенсаласындабайқалады. Өндіріс пен шаруашылықкөпжердіалмасүшін, «тігінентұратынфермалар мен өндірісорындары» көбейеді. Осы саладажұмысістейалатынмамандардыңқажеттілігі де артады.

Климат өзгерісібойыншамаманболашақтаеңжиікездесетінмамандықтардыңқатарындаболады.

Қарткісілердіңденсаулығынкүтушімаман тек үлкенкісілергемедициналықкөмеккөрсететінболады.

Виртуалдықұқықтыңзаңгеріқарапайымзаңгерлерден де үлкенсұранысқаиеболады. Ал виртуалдыәлемдіжинастыратынадамэлектрондыпошта, гаджеттер мен компьютердегі файл мен папкалардыреттепбереді.


Комментарий

Талдау




2.Жазылым. (3 балл)

-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

1 «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында аргументативті эссе жазыңдар.Мамандық таңдаудың қыры мен сырын білесің бе?Өз ойынды дәлел келтіре отырып жаз.Сөз саны 130-140.


3.Әдеби тіл нормалары. (1 балл)

-тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;

Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің жасалу жолы мен қызметін анықтап, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз. (2-3 сөйлем).





Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды;


1

-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл);

-ііріктеп оқып, талдайды (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)



3

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

- тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің өзіндік орнын, қызметін түсініп, жазба жұмысында қолдана алады.


1

-мәтіннен тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін табады (0,25 балл);

-сөйлем мүшелерінің өзіндік орнын, қызметін түсінеді (0,25 балл);

- жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1




















3- нұсқа

1.Оқылым.(1 балл )

- оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу .

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасайды.


Жергілікті аймақтың Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен -өсімдіктері. Экологиялық апат түсінігі — тек су, топырақ, ауаның ластануы мен тиімсіз қолданылуы ғана емес, сонымен бірге экожүйенің биологиялық құрамының бұзылуы — өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуы.

Түрлердің жойылуының бір ғана себебі — адамның шаруашылық іс-әрекеті: тікелей ізіне түсу (аңшылық, балық аулау, орманның кесілуі және т.б.) немесе жанама әсері (байырғы тіршілік ортасынан ығыстыру, ортаның тез өзгеруі). Өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылуы неге алып келуі мүмкін?

Биоценоздың — табиғаттың (элементарлық ұяшықтарының) тұрақтылығы бірден бұзылады. Ал бұл тізбекті реакция сияқты, одан да ірі кешендердің деградациясына және «ғаламшардың тыныс алуының» бұзылуына, топырақ құнарлылығының және биологиялық өнімдер алу мүмкіндігінің бірден төмендеуіне алып келеді.

Әр жоғалған түр қайта қалпына келмейді. Ғылым оны жаңадан жасап шығаруға дәрменсіз. Демек, адамдар әрбір биологиялық түрге тән құнды қасиеттерді пайдалана алмайды. Ал бұл — адамзат үшін орны толмайтын шығын. Сондықтан 1948 жылы құрылған Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы шеңберінде 1949 жылы «тірі қалу» бойынша комиссия құрылды. Олардың маңызды міндеттерінің бірі жойылу қаупі туып тұрған түрлердің тізімін жасап, оларды қорғау жолдарын анықтау болды.


Комментарий

Талдау




2.Жазылым. (3 балл)

-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

1.«Қызыл кітапқа енген аң-құстар» тақырыбында аргументативті эссе жазыңыз.Қызыл кітапқа енген қандай аң-құстард білесіз? Өз ойыңызды дәлел келтіре отырып жаз.Сөз саны 130-140.

3.Әдеби тіл нормалары. (1 балл)

-сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;

Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолданып, теріп жазыңыз.


Бірыңғай мүше

Айқындауыш мүше










Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды;


1

-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл);

-ііріктеп оқып, талдайды (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)



3

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана алады.


1

-мәтіннен біріңғай мүшелерді таба алады (0,25 балл);

- мәтіннен айқындауыш мүшелерді табады (0,25 балл);

- жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1
























4 – нұсқа

1 Оқылым.(1 балл)

- оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу .

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, комментарий жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді іріктеп оқып,талдау жасайды.

Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.

Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады.

Осыдан екi-үш жыл бұрын «Каz­Sat-1» жер серiгi ұшырылатынын естiп, қуанғанбыз. Өйткенi, отандық жер серiгiнiң пайдасы зор едi. Бiрiншiден, отандық телевизия саласы дамып, көршiлес Қытай, Монғолия елiндегi отандастарымыз тамашалай алатын едi. Сондайақ, мұнайдың қорын анықтауға да мүмкiндiк алар едiк, алайда оның сапары сәтсiз болды. Белгiсiз себептермен жоғалып кеттi. Ғарыш саласының мамандары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн дайындады.



Комментарий

Талдау





2.Жазылым. (3 балл)

-эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

1.«Ғарыш әлемін бағындырған -Қазақстан» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып,

ойыңызды жүйелеп аргументативті эссе жазыңыз.Сөз саны 130-140.


3.Әдеби тіл нормалары. (1 балл)

-жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданыңыз.

1.

Хабарлы

Лепті

Сұраулы







2.

Жақты


Жақсыз


Толымды


Толымсыз


Жалаң


Жайылма


Атаулы





Бағалау критерийлері:


Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

-оқылым стратегиялын қолданып, комментарий жасайды, іріктеп оқиды, талдайды;


1

-оқылым стратегияларын қолданып,комментарий жасайды (0,5 балл);

-ііріктеп оқып, талдайды (0,5 балл).

1

Жазылым


- эссе құрылымы мен дамуын сақтап, ұсынылған мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жаза алады;(аргументативті эссе)



3

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-өз ойын дәлелдеп жазады(1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

- жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана алады.



1

-мәтінде жай сөйлемдерді қолданады(0,25 балл);

-жай сөйлемдердің айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшеліктеріне сай қолданады(0,25 балл);

- жазба жұмысында дұрыс қолдана алады(0,25 балл);

-сауатты жазады (0,25 балл).

1









«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА


8-сынып


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын толық жеткізе алмайды, іріктеп оқуда 3-4 қате жібереді, зерттеп оқи алмайды.

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізе алмайды, іріктеп оқуда, зерттеп оқуда 1-2 қате жібереді.

Оқылған мәтін мазмұнына комментарий жасауда ойын жүйелі жеткізеді, іріктеп оқиды, зерттеп оқуда өзіндік тұрғыдан шығармашылықпен жұмысты орындай біледі.

Жазылым

Эссенің құрылымы мен даму желісін сақтамайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда қиналады, өз ойын дәлелдеп (аргументативті эссе)жаза алмайды. 7-8 грамматикалық қате жібереді.

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтайды, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыруда, өз ойын дәлелдеп жазуда 4-5 қателіктер жібереді (аргументативті эссе).

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе).

Әдеби тіл нормалары

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін толық меңгермеген, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолдануда шатастырады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда толық қолдана алмайды, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылымы, грамматикалық сауаттылығы өте төмен.

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолдануда шатастырады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда 1-2 қателіктер кездеседі, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдануда сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (3-4) жіберіледі

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің, сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелердің қызметін мәтінмен жұмыс жасауда қолданады, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2025
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі