Материалдар / "Әрбір бала бір жұлдыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әрбір бала бір жұлдыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әрбір бала бір жұлдыз"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
198
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:"Әрбір бала бір жұлдыз!" танымдық шара

Өтетін орны:№37 ЖОББМ. Мектеп кітапханасы.

Іс-шара бағдарламасы:

Тренинг: «Мен жұлдыз болуға лайықпын!»

Кейс-стади: «Сен жанбасаң лапылдап...»

«TEDx» алаңы: «Көшбасшы болуға қадам...Мен оқыдым,сен де оқы!»

Қорытынды: «Өз жұлдызыңды жақ!»


Жүргізуші:- Бүгінгі "Әрбір бала бір жұлдыз!" танымдық шарасына мектебіміздің «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымы, «Жасұлан» ұйымының көшбасшы оқушылары қатысуда.

Шара мақсаты: көшбасшы білім алушылардың бойына белсенділік, жауапкершілік, бастамашылдық дағдыларын қалыптастыру, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру, білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту. Шығармашылыққа қабілетті, мектептегі, қоғамдағы жауаптылық мүддесінде еркін әрекет ете алатынзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.

Тренинг: «Мен жұлдыз болуға лайықпын!» Шараға қатысушы әр көшбасшы шеңберде «Мен жұлдыз болуға лайықпын....»ой-пікірді жалғап түрлі-түсті ленталармен Жұлдыз бейнесін бейнелейді.


«Командадағы күш» бейнеролигі талқыланады.

https://youtu.be/H6Y-Be3ZfYw?si=YPETw2BSBjAUdp-9


Мәдениет және өнер фракциясының жетекшісі Сарсенова Лейла:- -/Слаидпен таныстырылым жасайды/

-Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық./Слаидқа шолу жасау/

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды.Стив Джобс бұл қағиданы есінен ешқашан шығармайды. Өзі де Apple инженерлерінен осыны талап етеді, яғни, алма гаджеттерін көргеннен-ақ, құрылғының ішкі бөлігі де керемет екені білініп тұратындай болсын дейді.

Альберт Эйнштейнге бала кезінде әкесі компас сыйлайды. Бұл құралға баланың аңсары ауады. Осы сыйлыққа қызығушылығы арқылы Эйнштейн магниттік толқын теориясын қалыптастырады.

Бенджамин Франклин жақсы идеяның барлығы кез келген адамның ойына қозғау салады деп есептейді. 1728 жылы нарық тұлғаларына арналған «Тері алжапқыш клубы» атты  пікірталас үйірмесін ашады. Арада 15 жыл өткенде бұл үйірме Америкалық философтар қоғамына айналады.

Кейс-стади: «Сен жанбасаң лапылдап...»

(Көшбасшылар Кейс-стади алаңында талқы сұрақтарына өз ойларын білдіреді. )

1.Саған мектеп өмірі ұнайма?

2. Мектеп өмірін өзгертуге қандай үлес қосар едің?

3. Болашақ жоспарларың қандай?

4. Сыныптағы және мектептегі көшбасшылық деген қандай көшбасшылық?

5.Мектепте не ұнайды және не ұнамайды?

6.Мектепте қай ұл баланы үлгілі оқушы деп атай аласың,неліктен?

7.Мектепте қай қыз баланы үлгілі оқушы деп атай аласың неліктен?

8.Метеп парламенті жұмысын жандандыруға сенің үлесің?

9. Мектепте «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымынының қай фракциясының жұмысы нәтижелі?

10. «Сен жанбасаң лапылдап....» ойды қалай жалғастырмақсың?

11. Көшбасшылық бізге не береді?

12. Сынып омбудсмені сыныпта қандай қызмет атқарады?

13. «Уақытты тиімді пайдалану» ұғымын түсіндіріңіз?

14. « Әр оқушы бойында ұлттық мүдде,талап,ар-ұят құндылығы болу керек....» Қалай түсіндірер едіңіз?

«TEDx» алаңы: «Көшбасшы болуға қадам...Мен оқыдым,сен де оқы»

Көшбасшы оқушылар «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында оқыған кітаптарын қысқаша «TEDx» алаңында баяндап,бір-біріне оқыған кітаптарын алмастырады. Көшбасшы болуға қадам тақырыбын талқылайды.

Қорытынды: «Өз жұлдызыңды жақ!»

Бәрі бірге:

Бізді не біріктіреді?

Ортақ ой мен әсем ән!

Көшбасшылық бізге не береді?

Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,

Біріксек кетпес еш бос уақыт!

 Біз кімдерге қамқоршымыз?

 Мейірім күткен жандарға,
Көмек күткен жан бар ма!?

Бізге бәрінен не қымбат?
Бейбітшілік пен достық қымбат!
Ұят пенен ар қымбат!





Мектеп президенті Айдынғалиева Дилназ шығармашыл, бастамашыл, қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты көшбасшы болуға батыл қадам жасауға «Өз жұлдызыңды жақ!» айдарында фракция мүшелерімен ІІ жарты жылдықта атқарылатын жұмыстарды «Жұлдыз» бейнесіне жоспарлады және барлық көшбасшы оқушылар бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып,жаңа жылда жаңа бастамалар мол болсын деген ниетпен сәттілік тіледі.


Жасанова Ботакоз Жолдаскалиевна

37 ЖОББМ-нің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!