Әрбір бала жұлдыз. Тәрбие сағатының қмжсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әрбір бала жұлдыз. Тәрбие сағатының қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір бала жұлдыз. Тәрбие сағатының қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Шабыт» жобасы

«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

21-САБАҚ:

4-сыныптар: :«Шұғыл қызмет нөмірлері»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойындағы қабілеттері мен таланттарын ашу;

Өз күшіне деген сенімділік пен өзін-өзі бағалауды арттыру;

Қоғамда әр адамның құндылығын түсіндіру;

Балаларды бір-бірін қолдауға, ынтымаққа тәрбиелеу.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: арнаулы қызмет туралы білімдерін кеңейту. Қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету әрекетін үйрету.

Дәйексөз

«Шығармашыл бала – ойлы бала»

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

«Жұлдызға айнал» тренингі:


Оқушыларға жұлдызша қағаз таратып беріледі. Әр бала өз талантын немесе ерекше қасиетін жұлдызшаға жазады.

Жұлдызшаларды тақтадағы «Аспан әлеміне» орналастыру.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуа

Компьютер








Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ


1 «ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

Мақсат қою. Тақырыпты анықтау

- Өмірде кездейсоқ жағдайлар болып тұрады. Ол күтпеген жерден келеді. Оған дайын болмасаң, не істеу керектігін білмесең, үлкен қасіретке соқтыруы мүмкін. ТЖ – төтенше жағдай, бұл тіркесті қалай түсінесіздер? (Балалардың жауабы: өрт, газдың атылуы, төбелес, ұрылар, жарақат алу т.б.).

- Әр жағдайда қандай әрекет жасау керек?

Адамға көмекке көрсету. Сол әрекетті зиян тигізбей қалай дұрыс жасау керек? Құтқару қызметі жұмыс істейді. Зардап шеккен адамдарға көмек көрсету керек.

- Кім тапты, ол қандай қызмет? Құтқару қызметінің машиналары қандай болады?

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Суреттерден «Құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің нөмірлерін айт».



- Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт. – «Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.


- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста. 111




Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 111. Бұл

нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз. Төтенше жағдай кезінде бастысы, сабыр сақтап, диспетчерге болған жағдайды дұрыстап түсінікті жеткізу қажет.

4. Негізгі бөлім

- Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың. Ендеше нөмірлерді жазып ал!

Жағдаяттарды талқылау. Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң, өрт шығып жатыр. Сенің әрекетің.....

Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр. Баланың ауруы қатты ұлғая бастады. Сенің әрекетіңіз...

Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада. Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің …

Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне телефон соғып, көрші үйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың. Осы оқиғаны аяқта .....

5. Бекіту. Өзіндік жұмыс

Тапсырманы орында. Суреттің астына мына құралдар қай құтқару қызметіне қажет болатынын жаз:




6. Қорытынды. Рефлексия:

Мен білемін …

Мен ешқашан жасамаймын … Мен енді әр уақытта біліп жүремін …





































Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5











Ортасы (30 мин)


«Балалар, әрқайсымыз ерекше жұлдыз сияқтымыз. Біз бір-бірімізді қолдап, дамуға көмектессек, шексіз жарқырай аламыз. Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз өзімізді және бір-бірімізді жақсырақ тануға тырысамыз».

Анықтама:

Әр бала – бұл әлеуеті зор тұлға, оның өзіндік ерекше қабілеттері, таланттары және қызығушылықтары бар. «Әрбір бала – бір жұлдыз» деген ұғым баланың жеке ерекшелігін мойындау және оның жарқырауына, яғни дамуына жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл қағида оқушылардың өзін-өзі тануына, өзін-өзі дамытуға және қоғамда орнын табуына мүмкіндік береді.


Теория:

Бұл сабақ Гуманистік педагогика теориясына негізделген, оның басты қағидалары:


Әр баланың шығармашылық әлеуетін ашу.

Тұлғаның өзін-өзі тануына жағдай жасау.

Қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсету.


1. Жеке жұмыс: «Менің жұлдызым» тапсырмасы |

  • Әр оқушыға жұлдызша пішініндегі қағаз беріледі.

  • Тапсырма:

    • Өз қабілеттерің мен мықты жақтарыңды жазыңдар.

    • Армандарың мен болашақтағы мақсаттарыңды белгілеңдер.

  • Жұлдыздар тақтаға ілініп, ортақ «Жұлдызды аспан» құрылады.
    Мақсаты: Өзін-өзі тану мен талдау қабілетін дамыту.

Топтық жұмыс: «Жұлдызды команда» |

Тапсырма:

Өз тобыңның жұлдыздарын жарқырату үшін қандай қолдау көрсетуге болады?

Өз тобыңның арманын көрсету үшін постер немесе сахналық қойылым дайындау.

Әр топ өз жұмыстарын қорғап, идеяларын ортаға салады.

Мақсаты: Топтық ынтымақтастық пен шығармашылық ойлауды дамыту. | Топтық жұмыс, постер қорғау |


Оқушылар тыңдайды























Оқушылар тапсырманы орындайды


https://www.youtube.com/watch?v=OhdA1UEvTZo

осы музыкалық видеоны көрсету








Соңы


(2 мин)




«Әрқайсың ерекше жұлдызсыңдар! Өздеріңнің жарқыраған жұлдыздарың болу үшін сенімділікпен алға ұмтылыңдар және еңбектеніңдер!»





Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі


презентация

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2025
293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі