400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әрбір жан -өз бақытының шебері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға. Жас ұстаздар өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты: жас ұстаздардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекіліктері: (слайд) Ұлағатты сөздер:

Өмір теңіз – онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Адамды, кісілікті терең ұғынған сайын кісі өзіне жақсы төреші бола алады.

Кімде –кім өз бойындағы адамды зерттеп білмесе, өзгені терең тануға ешқашан қол жеткізе алмайды.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – ол басқа адамдармен қарым – қатынасы.

Қатысушылар: Мектеп ұжымындағы жас ұстаздар.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгінгі сабағымыз «Әрбір жан өз бақытының шебері» деп аталады. Яғни, өз –өзіне сенімділікті арттыруға бағытталады. Қазақтың ұлы ақаны Абай құнанбаев жырлағандай:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап- деген шумақтарды еске ала отырып сабағымызды бастаймыз.

  1. «Мен өзімді...... мақтаймын » жаттығуы.

Мақсаты: Танысу, өзін –өзі бағалау деңгейін көтеру.

Нұсқау: Әрбір қатысушы өз есімімен қоса есімінің алғашқы әрпі бойынша өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Мысалы: Ақмарал – ақкөңіл т.с.с

  1. «Бала (сәби)» жаттығуы

Жаттығудың мақсаты: Мұғалімдердің оқушыларға деген жақсы қарым –қатынасы қалыптастыру.

Топтың мүшелері дөңгелене отырады да, әрқайсысы кезекпен «бала – сәби » деген сөзге анықтама бере бастайды. («бала - сәби» дегеніміз- бастауыш сынып оқушысы т.б.) Сөйлемнің басы дәл мынадай болып құрылу қажет: «Бала – сәби –бұл .....» Одан әрі мұғалім сөйлемді қалай аяқтағысы келсе, солай аяқтайды.

Талдау кезінде психолог топтың назарын дұрыс, жақсы әрі тиімді айтылған анықтамаларға аударады.



  1. «Кездесу» жаттығуы

Мақсаты: мұғалімдердің балалық шақтарын естеріне түсіру, түйсік, түсіну қабілеттерін одан әрі дамыту, оның «балалық комплексін» (үлкен адамның өзін бала ретінде сезінуі) қалыптастыру.

Топ бойынша өтетін бұл жаттығу медитативті сеанс ретінде ұйымдастырылады. Мұғалімдер ыңғайлы түрде өз орындарына жайғасады. олар жарты шеңбер жасап отыруы тиіс, ал мен олардың алдында қарсы тұруым қажет. «Бұлшық еттеріңізді бос ұстаңыздар, орнықты, еркін отырыңыз және бірнеше минут еркін демалуға тырысыңыздар», менің айтқан сөздерімді мұғалімдер бейнелі түрде, сурет ретінде елестетіп отырулары қажет.

«Сіз дәл қазір үйіңізде немесе өз пәтеріңізде отырмын деп елестетіңіз. Сіз өзіңіздің ыңғайлы, жақсы, жайлы орыныңызда отырсыз. Сіз іштей өзіңізге қажетті кездесуге дайындалудасыз. Сіз алаңсыз ойлану үстіндесіз және өзіңізге өзіңіз зер салып отырсыз.

Ал, енді сіз ойша тұрасыз да, есікке қарай жүресіз. Есікті ашып, баспалдақ арқылы төменге түсесіз. Қараңғы кіреберістен шығып, жаздың сәулелі күнінің шуағына бөленесіз. Ал сыртқа шыққан кезде сіздің қарсы алдыңыздан сәби шығады. Ол сізге бірте –бірте жақындай береді.

Дұрыстап көңіл аударыңыз, Бұл сәби – сізсіз, яғни сіздің бастауыш сыныпта оқып жүргендегі түріңіз. Бұл кішкене баланың қалай киінгеніне, бет әлпетіне, көңіл күйіне зер салыңыз. Сәбиге өзіңізге деген ең қажетті сұрақты қойыңыз да, сәбидің қалай жауап беретінін қадағалаңыз. Осыдан соң жайлап артқа бұрылыңыз да, асықпай өз пәтеріңізге қайтыңыз ».

Бала кезіңізде қандай болғаныңызды, балалық шақтағы өз бейнеңізді суреттеп беріңіз.

Сіздің ішкі қиялыңызда ол қандай көрініске ие?

Сіз сәбиге қандай сұрақ қойдыңыз және одан қандай жауап алдыңыз?

Басыңыздан кешірген әсеріңізді айтып беріңіз.







Сұраққа жауап

Ұстазсың ба , болуың керек жан -жақты,

Кездестіресің өмірде талай сұрақты.

Білімділік керек саған, жас ұстаз,

Жылдамырақ тауып көрші сұрақты.

Әрбір жас маманға жылдам жауап беруге арналған сұрақтар ұсынылады.

  1. Мұғалімге:

1 . Оқушыларды халықтық педагогикамен тәрбиелеуге негізделген бағдарламаның аты қандай? (Атамекен бағдарламасы)

2. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

3. Мемлекеттік бас құжат не? (Конституция)

  1. Мұғалімге:

  1. Қазақтын ән өнерін алғаш шетелге танытқан әнші кім?(Әміре Қашаубаев)

  2. «Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі » ол не? (Сызғыш)

  3. Әлемнің кереметі нешеу? (7)

  1. Мұғалімге:

  1. Абылай ханның шын есімі кім? (Әбілмансұр)

  2. Дүниенің төрт бұрышын ата? (О.С.Ш.Б.)

  3. «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» кімнің сөзі? (Қ.Рұсқылбеков)

  1. Мұғалімге:

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тұрғызған кім? (Әмір Темір)

  2. Жол сілтер жұлдыз қалай аталады? (жеті қарақшы)

  3. Түркі елінің рухани астанасы? (Түркістан)

  1. Мұғалімге:

  1. Көп түкірсе неболады? (Көл)

  2. Қазақтың тұңғыш би өнерін дамытушы кім? (Шара Жиенқұлова)

  3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

6-мұғалімге:

  1. Қазақ алфавитінің негізін салушы кім? (А.Байтұрсынов)

  2. «Жеті жарғыны» жазған кім? (Тәуке хан)

  3. «Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама» оқиғасынан туған ән? (Елім -ай)

Жағдаяттан жол тауып шығу

Ұстаздық жолда талай қиналасың,

Қиналасың, артынан жол табасың.

Күтпеген жағдайларға кез боп талай,

Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы адамсың.

Ендігі біздің шартымызжас мамандарымыздың жағдаяттардан, яғни тығырыққа тірелер сәттен жол тауып шығуын сынап көрелік.

  1. Ата –аналар жиналысында Сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата –ана баласын жақтап, сізді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - ашуланды. Бірақ ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілді қолданасыз?

  2. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба?

  3. Оқушылар сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

  4. Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын рефера түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?

  5. Сабақ үстінде балалар келеңсіз істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?

  6. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?



















Әуезов орта мектебі









Әрбір жан өз бақытының шебері

(Жас ұстаздармен жұмыс)

















Психолог: Н.Кабильденова







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі