400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әрбір жан өз бақытының шебері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Ш.Ермағанбетова атындағы

№246 орта мектеп директоры

____________А.Айбосынова













«Әрбір жан өз бақытының шебері»

(жас мамандарға психологиялық тренинг)















Мектеп психологы: Бауржан Балжан



















2019-2020 оқу жылы

Күні: 13.02.2020 жыл

Тақырыбы: «Әрбір жан өз бақытының шебері»

Мақсаты: жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарастарын анықтау.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд, музыка аппараты, баяу әуенді диск

Нақыл сөздер: «Жас келсе, іске!», «Жас маман! Әрбір бала – бір жүлдыз. Жарқырауына көмектес!» Ахмет Байтұрсынов:"Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім"

Психолог сөзі:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. «Танысу» тренингі.

  2. «Менің құндылықтарым» тренингі

  3. Дыбыстық жаттығу

  4. «Слон, Пальма,Бык» жаттығу

  5. «Бақшада» аутотренингі

  6. «Мұздақтар» сергіту жаттығуы.

  7. «Жақсы сабақ дайындау рецептісі» кеңесі

  8. Қорытынды


Тренинг ережесі

1. Өз ойын ашық айту

2.Өзгелердің пікірін құрметтеу

3.Белсенд болу

4.Шынайылық

5.Топтасып жұмыс жасау


1. «Танысу» тренингі.

2. «Менің құндылықтарым» тренингі

Психолог алдына үш литрлік банканы алып, оны диаметрі екі сантимертден кем емес тастармен толтырады.

Содан кейін ұстаздардан: «Банка толды ма?» деп сұрайды.

Ұстаздар: «Иә, толды» деп жауап берді.

Ары қарай психолог ас бұршақтарын салады да, оны біраз сілкіп қалады. Бұршақтар тас арасындағы бос орындарға орналасады. Сонда психолог қайтадан сұрайды: «Банка толды ма?»

- «Толды» - деп жауап береді.

Сол кезде психолог қолына бір қорап алады. Оның іші құмға толы еді. Сол құмды банкаға төгеді. Әрине, құм банкадағы бар бос орынды алып, тасты да, бұршақты да жауып тастайды.

Психолог тағы да сұрайды: «Банка болды ма?»

Ұстаздар: «Иә, толды» деп жауап берді.

Сонда психолог бір кесе су алып банкаға толық құяды, ол су құмды ерітіп жібереді. Сонда психолог:

- Сіздер мынаны түсіндіңіздер: банка – бұл сіздің өміріңіз. Тастар – бұл өміріңіздегі ең маңызды құндылықтарыңыз: жанұяңыз, денсаулығыңыз, үйіңіз, балаларыңыз – жалпы басқа еш нәрсе болмасада, сізді бақытты ететін құндылықтар. Асбұршақ – жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер: қызмет, мансабыңыз, т.б, ал құм – қалған ұсақ түйектер.

Егер банкаға бірінші құм салсақ, онда тас пен бұршаққа орын қалмайтын еді. Өмірдеде дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш – жігеріңізді ұсақ – түйекке кетірсеңіз, маңызды орындар үшін орын қалмайды.

Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз, өз мақсат – мүдделеріңізді анықтаңыз, ал қалғаны құм ғана.

3. «Дыбыстық жаттығу»
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын жаттығу ережесі түсіндіріледі. Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды әндетіп айтамыз.
А-барлық ағзаға жайлы әсер береді;
Е-қалқанша безге әсер етеді;
И-миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
О-жүрекке, өкпеге әсер етеді;
У-асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
Я-барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
М- барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
Х-ағзаның тазаруына көмектеседі;
ХА-көңіл-күйді көтереді

4. «Слон, Пальма,Бык» жаттығу Мақсаты: тез шешім қабылдауға, шапшандыққа бағыттау. Жүргізуші барлық қимылдарды өзі көрсетіп шығады. Әр жануарды қимылмен 3 қатысушы көрсете алады. Қатысушылар шеңбер бойынша тұрады, ал жүргізуші ортада тұрып қолымен қатысушыны нұсқайды және жануардың атын атайды. Әрі қарай ортаға шатаспай тез арада жануарды қимылмен көрсетеді. Ал сол және оң жағындағы қатысушылар көмектеседі. Ойын қызықты болу үшін жүргізуші ойынды тез әрі жылдам орындаған дұрыс.

Жаттығуды талдау:
- Ойын саған ұнады ма?
- Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсені кім айтты?

5. «Бақшада» аутотренингі

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат бейнеленген суреттер.

Уақыты: 7-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалімді жайлы отырғызып, еркін ыңғайлы сезінуін қадағалау.

ә) Табиғат көріністерін мұқият қарауын өтіну.

б) Әуенді қосар алдында мұғалім көзін жұмуы тиіс.

Кіріспе:

- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.

-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)

- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …

- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …

- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …

- Алма бағы …

- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …

- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …

- Дәмі керемет …

- Жеген сайын жегіңіз келеді …

- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …

- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.

- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …

- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …

- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …

- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …

- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?

Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …

- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.



6. «Мұздақтар» сергіту жаттығуы.

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.

Көрнекілігі: Музыка аппараты, плакаттар.

Уақыты: 7-10 минут

Нұсқау:Барлық қатысушылар ортада балықтың рөлінде жүріп мұздақтарды айналады. Жүргізуш «Акула» деген сөзді атағанда қатысушылар мұздақтарға жылдам орналасып үлгеру қажет.

7. Жағдаяттан шығу жолдары:

  1. «Жұмыс күнінің ортасында сіз бірге жұмыс істейтін адамның туған күні екенін білдіңіз. Тез арада қандай сыйлық сыйлайтыныңызды ойластыру керек. Бұл жағдайда сізде қандай да бір ерекше ой бар ма?»

  2. Сіз балалармен сапарға шықтыңыз. Кенеттен кешке қарай сіздер орналасқан мейманханада жарық бірнеше сағатқа сөніп қалды. Бұндай жағдайға сіздің дайындығыңыз бар ма? Балаларды немен қызықтыра аласыз?

  3. Мерекелік концерт болайын деп жатыр. Ұстаздардың арасынан бірнеше номер қажет болды. Артист – ұстаздар кенеттен ауырып қалды. Бұл жағдайда сіз немен қызықтыра аласыз?

  4. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да, киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай шара қолданасыз?

  5. Сіз бүгін қандайда бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз.Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?

  1. Сабақ үстінде оқушылар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Екінші оқушыға ұрса бастайсыз ба, әлде не істейсіз?

  2. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар» - деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?

  3. Оқушыңыз сабаққа зейін қоймай жан-жағына қарап отыр.Сабақта өзін дұрыс ұстамай отырған оқушымен сіздің қарым-қатынасыңыз.

  4. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?





8. «Жақсы сабақ дайындау рецептісі» кеңесі

Құрметті ұстаздар мұғалім болу бейнеті мен зейнеті қатар жүретін мамандық екенін бармашыз білеміз. Ендеше сол жұмысты абыроймен атқаруда жас ұстаздарға арнап жасаған рецептіміз бар еді, сонымен таныстырып өтейін. Оқушыларға жақсы сабақ дайындауда біздің рецептіміздің көмегі тиер деп ойлаймын.


«Жақсы сабақ дайындау рецептісі»

  • 12 порция ақылдылық

  • 11 порция шыдамдылық

  • 10 порция батылдық

  • 9 порция жұмысқа қабілеттілік

  • 8 порция оптимизм

  • 7 порция өз ісіңе берілушілік

  • 6 порция ойлану

  • 5 порция мейірімділік

  • 4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды

  • 3 порция юмор

  • 2 порция такт

  • 1 порция әр балаға үміт қосыңыз

Ескерту: Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болуы үшін, 1 қасық жақсы көңіл – күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз сабағыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әзірлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. Сабақтарыңыз сәтті болсын, құрметті әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын!


Тренингті қорытындылау

  1. Қорытынды. «Рахмет» жаттығуы

Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.

Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
837
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі