400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ардагер ұстаздармен кездесу облыстық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Облыстық семинардағы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы Білім басқармасы

Абай ауданы білім бөлімінің

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ-сі












Тақырыбы: «Ұлттық сана негізі –қазақы

салт-дәстүр»

(Ардагер ұстаздармен кездесу сабағы)














Н. Серікқалиұлы

Ж. Жасарова





Көкбай ауылы – 2024 жыл



Тақырыбы: «Ұлттық сана негізі –қазақы салт-дәстүр»

(Ардагер ұстаздармен кездесу сабағы)
Мақсаты:
Ардагерлер жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
Өзін – өзі ұстау әдебін қалыптастыру.
Түрі: кездесу кеші
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ – жауап, зерттеу
Көрнекілігі: салт-дәстүрге байланысты жазылған қанатты сөздер, презентация, бейнероликтер

Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар «Ұлттық сана негізгі –қазақы салт-дәстүр!» тақырыбындағы ардагер - ұстаздармен кездесуге қош келдіңіздер!

Ендеше қонақтарымызды таныстыра кетейік, Ардагер ұстаздарымызды қарсы алайық.

  1. Құдайбергенова Шолпан Икрамқызы химия биология пәні мұғалімі, бүгінде ардагер ұстаз

  2. Кенжеханова Серікханым Кенжеханқызы тарих және құқық пәні мұғалімі ардагер ұстаз

  3. Матеев Қайнарбек Түсіпұлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бүгінде зейнеткер ұстаз

  4. Алдажаров Ерболат Қойшыбайұлы еңбек нұсқакшысы бүгінде зейнеткер ұстаз

  5. Көкебаева Гүлнар Қуанқызы биология пәні мұғалімі бүгінде зейнеткер ұстаз

  6. Таханова Мейіз Мекенқызы еңбек, сурет пәні мұғалімі бүгінде зейнеткер ұстаз

  7. Алдажарова Майра Махметқызы математика пәні мұғалімі бүгінде зейнеткер ұстаз

  8. Жылқайдарова Бақыт Төлеуғалиқызы математика пәні мұғалімі бүгінде зейнеткер ұстаз

  9. Жақыпова Дәмелі Маугавьяқызы бастауыш сынып мұғалімі





Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін, сендер де Ұлы Отанның болашағы.

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Көпшіліктің адамы болыңыз, - деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарынмен таныс болайық. 

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан
Ұстаз - ол, қырық жылдай еңбек еткен,
Ұрпағы үшін аянбай терді төккен
Қаншама шәкірттерге білім беріп
Бар өмірі баламен бірге өткен.

«Мектеп - білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» - деп ғұламалар айтқандай, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік.

  1. Келін өз қызыңдай болады ма?

  2. Бала тәрбиесіндегі әженің рөлі қандай болу керек?

  3. Бүгінгі күнде әкенің рөлі қандай болу керек?

  4. Ертегі айтатын әже, тыңдайтын немере бар ма?

  5. Ұмыт қалған салт –дәстүрлер.

  6. Қазақтың тиым салған дәстүрлері жайлы не білеміз?

  7. Қазақ баласын «Ұят болады», «Обал болады» , «Жаман болады» деген үш сөзбен ақ тәрбиелеген.

  8. Бесік жырын айтатын әже бар ма?



Келген қонақтарымызға «Бір бауырсақ-бір сұрақ» атты ұмыт қалған салт-дәстүрлерден блиц-турнирі өткізіледі. Егер сұраққа қате жауап берсе, қазандағы майы күйіп кетеді, ал егер дұрыс жауап берсе бауырсақ беріледі. Мысалы: Әмеңгерлік дәстүрі дегеніміз қандай дәстүр? т.б



Келген қонақтарымыздан кәде сый сұраймыз.

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.
Қорытынды.
Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты ардагер ұстаздармен кездесу кешіміз өз мәресіне жетті. 
«Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын» демекші, ардагер-ұстаздарымыздан бәйтерек ағашына кейінгі ұрпаққа арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз. 
«Батаменен ел көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)
Ән . «Қазақы дастарханы»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі