Материалдар / «Ардагерлер – асыл ерлер!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ардагерлер – асыл ерлер!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру; Ауған соғысы ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімін көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2022
846
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін

Мектеп директоры:

А.А.Туркестанбаева









Shape1



АӘТД пәнінің – оқытушы ұйымдастырушысы: Бабабекова А.С.











«Ардагерлер – асыл ерлер!» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің сценарийі



Мақсаты: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру; Ауған соғысы ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімін көтеру.


ЖҮРГІЗУШІ: - Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Ардагерлер – асыл ерлер!» атты Ауған сағысының ардагерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!



ЖҮРГІЗУШІ: Елбасымыз қамқор болып Отанына еліне,

Ана тілім қайта оралды менің туған жеріме

Салт-дәстүрде сараланып,

Әнұран да жаңғырып,

Қазағымның жүрегінде жасай берер мәңгілік! дей келе


(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ШЫРҚАЛСЫН)


ЖҮРГІЗУШІ:

Құрметті ауған соғысы ардагері, ұстаздар, оқушылар! Бір кездері аты әлемге әйгілі болған ауған соғысы оттай он жылға созылды. Бүгін біздің ортамызға кешегі Ауған соғысының, Кеңес армиясының сарбазы, жауынгер ағамыз ортамызда отыр. Себебі, ол Отан тапсырмасымен Ауған соғысының бел ортасында болды, ерлік көрсетті. Ол өз көзімен соғысты, өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкештілікті көрді, берілген тапсырманы орындау жолында өзінің, халқының намысын қорғау жолында жан аямай күресті. Біздің халқымыздың сонау заманда, білектің күшімен ,найзаның ұшымен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс бастан өткерді. Осы ауған соғысының қанды қырғынынан аман есен оралғанмен жаны жаралы ардагеріміз ортамызда отыр. Ол дұшпанының қолынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып көздері жасқа, жүректері мұңға толы шақтары көп. Сонда да ата баба рухына дақ түсірмей, оқ пен отқа орана жүріп, елге абыроймен оралған қаһарман жерлесімізбен бүгінгі кеш қонағын таныстырып өтейін.

  1. Ауған соғысының ардагері Мурзагулов Берик Елубайулы.



(АУҒАН СОҒЫСЫНАН БЕЙНЕ ҮЗІНДІ)







Сендер көкке сіңіп кеткен нұрсыңдар

Зәу биікте жұлдыз болып тұрсыңдар

Армандарын айырбастап ажалға

Туған жерге қайтпай қалған қыршындар! деп өмірінің өлшеулі бір бөлігін жауһазын жастық шағының үлесін оқ пен от астында өткізіп тағдырдың жазумен елге оралмай қалған ауған соғысында көз жұмған қаһарман жерлестерімізді еске алайық. (БІР МИНУТ ҮНСІЗДІК) видео.



ЖҮРГІЗУШІ: Сөз кезегі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры: Туркестанбаева Ақнұр Арысбаевнаға беріледі.



ЖҮРГІЗУШІ: Ауған соғысының ардагерлер құрметіне



ӘН «____________________________________________» ОРЫНДАЙТЫН ___«_____» СЫНЫП ОҚУШЫCЫ: ___________________________________________________



ЖҮРГІЗУШІ: Соғыс ардагерімен сұхбат.

Армысың ауғандық жауынгер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер,

Өмірден өткендер жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлерің ,

а) Біз үшін Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің орны ерекше. Ендігі, сөз кезегін Ауған соғысының ардагеріне берейік. Мурзагулов Берик Елубайулына сөз беріледі.

Құрметті оқушылар бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы, өмірі ерлік пен аңызға толы ағамызға сұрақтар қоюларыңызға болады. (Қонақа сұрақтар қойылады.)

Оқушылардың сұрақтары қойылады.

  1. Құрметті (__________________________________) ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңыз қай жерде өтті?

  2. Алғашқы ұстазыңыз кім?

  3. Әскери борышыңызды қай жерде өткердіңіз?

  4. Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы?

  5. Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?

- Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума –туыстарыңыз білді ме?

- Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?

- Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?

- Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады? 

- Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?                                                                         

- Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?





ЖҮРГІЗУШІ:

Құрмет тұту – бізге аманат! – дей келе ардагер ағамыздың құрметіне

ӘН «__________________________________________________» ОРЫНДАЙТЫН ____ «___» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ________________________________________________________

қабыл алыңыз!



Қорытынды сөз.

Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы өз борышының өтеуі болып, оның халқы алдында қадір-қасиетін арттырады. Өйткені, ерлік – ел мұраты. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл өтті. Кезінде бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді, мәңгі есте сақтау, қадірлеп құрметтеу – біздің борышымыз. Құрметті Ардагер! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен жүздесе берейік. Бізге келіп сұхбаттасқаныңызға көп-көп рахмет!

Сыйлықтарды табыс ету (1 оқушы береді)

Фотоға түсу (ардагермен)

СОҢЫ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!