Ардагерлер,
ерліктерің өшпейтін дастан бүгін
Жұртбайқызы
Талшын
Ұлы
Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының
тарихындағы қасіретті бет қана емес,
сонымен қатар ол - халықтарымыздың
теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының
бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын
тартпаған қазақ жоқ шығар. Бүгін мен
жерлес майдангерлер туралы сыр шертпекпін.
Қайырбек Ілбеков1923 жыл, Ойшілік ауылында
дүниеге келген. 1923 жылы Ойшілік ауылында
шаруа отбасында дүниеге келген. Төрт
жылдық бастауыш сыныпты Жаңақоғам 1937
жылы Калинин колхозына бірігіпғ 5,6-
сыныпты Калинин мектебінде оқып, туған
ауылында мектепті бітірген. Ұлы Отан
соғысына қатысқан. 1941 жылы фашистік
Германиямен соғыс басталып кетеді. 1941
жылы желтоқсан айында Кеңес әскерінің
қатарына шақырылады. 1942 жылы қаңтар
айынан бастап төрт ай Саратов облысында
әскери дайындықтан өткен. 1944 жылы
Сталинград қорғанысы кезінде ауыр
жарақат алды. Емделгеннен кейін әскерден
оралды және Қазақстанға оралды. 1944
жылдан - Ақсуат ауданының Калинин
атындағы колхозында жұмысшы. 1947 жылы
сол колхозда аға жылқы болып тағайындалды.
Мал шаруашылығын дамытуда қол жеткізген
жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі
Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына
ие болды. 2004 жылы Құмкөл ауылында дүниеден
өтеді. 2017 жылы Құмкөл ауылында Қайырбек
Ілбеков атында көше ашылып ескерткіш
қойылды. 2019 жылы Ақсуат ауылында «Мәңгілік
ел» саябағында да екінші ескерткіші
қойылды.
Қазақ
халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс
әкелген миллиондаған отандастарымыздың
Баликов Умар да бар еді 1945 жылы әлем
үшін қуанышты да, естен кетпес күн, яғни
бұл күндері біздің ер жүрек ата-бабаларымыз,
аға-әпкелеріміз барлықтарына өздерінің
жерлері үшін Отаны үшін қандарын төкті,
азап шекті, қыстың ызғарына шыдап бағып,
төске өрледі. Жүректерінде «біз жеңеміз»
деген ой өрледі. Сол бір сұрапыл жылдары
қазақ халқы өзінің отанына, жеріне деген
патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышымен
дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар алыстағы
ауыл мен кең байтақ далаларда да жүріп
жатты. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен
жеңісі, еңбегімен соққан еңбекшінің
ерлігі ұмытылмайды. Ұлы Жеңіске биыл
75 жыл толып отыр. Жеңіс күні - бұл сан
мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл
мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың
мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған
жауынгер солдаттар мен офицерлердің
айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан
жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі
өшпейтіндігі дәлелдейтін белгі болып
қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің
батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың
өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін
мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл
бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның
рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің
жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні
- абыроймыз бен даңқымыздың мерекесі.
Табандылық пен ерлік, Отанға деген
сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске
жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ
халқы өзінің Отанына, жеріне деген
патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын
дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз,
оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
Ұлы
Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес
халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін
паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн.
Бұл күнді соғыстың алғы шерттерінде
қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің
сан үлгісін көрсеткен ардагерлер
тойлайды. Отанымыздың бейбіт өмірі -
болашағымыздың жарқын жұлдызы. Дүние
жүзінде бейбіт өмір ғана орын алсын деп
тілеймін.