жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ардақтайық ананы
№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы.


Дайындаған: Ерғалиева Р.Е.
Дайындық «А» сынып мұғалімі.
2017 оқу жылы.
Аналар мерекесіне орай зал әсем безендірілген.
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ақжаулықты әжелер, асыл да, аяулы аналар, мектебіміздің ұстаздары, ару қыздар! Сіздерді 8 Наурыз халық аралық аналар күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілейміз!
1-жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
2-жүргізуші: Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі –
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Ән ырғағымен Көктем айларымен келеді.
Көктем:- Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, қонақтар!
Жарқыраған қызыл гүлдей болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей көтерілсін көңіліңіз-дегендей біз сіздерге құр қол келген жоқпыз өзімізбен бірге «Арулар сайысын» ала келдік.
2- жүргізуші: - Арайлы көктем, бізге жылу беріп, көңілімізді көтергенің үшін рахмет. Бірақ біздің мына гүліміз жарқырамай, ашылмай тұр. Жылу беріп көңілін көтерші.
Күтпеген сәт. Көктем жайқалған әдемі кәмпит гүл өсіреді.
1-жүргізуші: Ах- қандай тамаша. Балалар, қараңдаршы, қандай кәмпиттер, жай кәмпит емес, ғажайып кәмпиттер.
-
Сары кәмпитті ашайын.
Ән «Апатайым».
-
2-жүргізуші: Жасыл кәмпитті ашайын. «Арулар сайысы».
-
1-жүргізуші: Ақ кәмпитті ашайын. «Аналарға арналған тақпақ».
Раман. Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Құтты болсын ардақты анам
Қуанышты мерекең.
Әліби: Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Мұхаммед-Али: Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мереке.
Б.Алихан: Бала, бала, бала – деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Әмірхан: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Әрқашан менің қасымда.
Фариза: Сіздерден өскен балалар -
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал Аналар.
Аяулым: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тірлік тілеп маған талай түн қаттың.
Өміріме азық болды ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Уали: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Түнергенде нұр жауатын жаңбырсың,
Жарқын сәуле жадырай бір күлгенің.
Сағындық: Бәрімізге анасың,
Маған шам боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым!
-
2-жүргізуші: Қызыл кәмпитті ашайын, кәмпиттің қағазында: би «8-наурыз».
-
1-жүргізуші: Көгілдір кәмпитті ашайын. «Сән».
-
2-жүргізуші: Қына сары кәмпитті ашайын: ойын «Қуыршақ».
-
1-жүргізуші: Ашық қызыл кәмпитті ашайын. «Әжелерге тақпақ».
Данеш: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі –
Қандай ғажап күлкісі.
Мейрамбек: Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз ана, ол әжем.
Мадина: Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайық деп оны
Өлең айтып беремін.
-
2-жүргізуші: Көк кәмпитті ашайын «Арулар биі».
-
1-жүргізуші: Жылтыр кәмпитті ашайын. Ойын «Ботақаным».
-
2-жүргізуші:Жасыл гүлді ашайын. Ән «Ақ әжем».
-
1-жүргізуші: Сары гүлді ашайын. «Ас - адамның арқауы».
-
2-жүргізуші: ойын «»
-
1-жүргізуші: Сары кәмпитті ашайын. Әділ қазы алқасына сөз. (марапат). «Ең сүйкімді!», «Ең сымбатты!»,
«Ең мейрімді!», «Ең ақылды!».
14)Мұғалім: - Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтайық.
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Армысың әжелерім, аналарым,
Мейірбан аппақ көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
1-жүргізуші: Ах- қандай тамаша. Балалар, қараңдаршы, қандай кәмпиттер, жай кәмпит емес, ғажайып кәмпиттер.
1-жүргізуші: Ақ кәмпитті ашайын. «Аналарға арналған тақпақ».
1-жүргізуші: Көгілдір кәмпитті ашайын. «Сән».
1-жүргізуші: Ашық қызыл кәмпитті ашайын. «Әжелерге тақпақ».
2-жүргізуші:
Қадірлі аналар көңілі
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі –
Шаттыққа шаттық ұлассын.
2- жүргізуші: - Арайлы көктем, бізге жылу беріп, көңілімізді көтергенің үшін рахмет. Бірақ біздің мына гүліміз жарқырамай, ашылмай тұр. Жылу беріп көңілін көтерші.
2-жүргізуші: Жасыл кәмпитті ашайын. «Арулар сайысы».
2-жүргізуші: Қызыл кәмпитті ашайын, кәмпиттің қағазында: би «8-наурыз».
2-жүргізуші: Қына сары кәмпитті ашайын: ойын «Қуыршақ».
Ән ырғағымен Көктем айларымен келеді.
Көктем:- Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, қонақтар!
Жарқыраған қызыл гүлдей болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей көтерілсін көңіліңіз-дегендей біз сіздерге құр қол келген жоқпыз өзімізбен бірге «Арулар сайысын» ала келдік.
Күтпеген сәт. Көктем жайқалған әдемі кәмпит гүл өсіреді.
-
Сары кәмпитті ашайын.
Ән «Жан анам».
Раман. Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
Құтты болсын ардақты анам
Қуанышты мерекең.
Әліби: Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Мұхаммед-Али: Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мереке.
Б.Алихан: Бала, бала, бала – деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Әмірхан: Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Әрқашан менің қасымда.
Фариза: Сіздерден өскен балалар -
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал Аналар.
Аяулым: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тірлік тілеп маған талай түн қаттың.
Өміріме азық болды ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Уали: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Түнергенде нұр жауатын жаңбырсың,
Жарқын сәуле жадырай бір күлгенің.
Сағындық: Бәрімізге анасың,
Маған шам боп жанасың.
Құтты болсын мерекең,
Құттықтаймын анашым!
2-жүргізуші: Қызыл кәмпитті ашайын, кәмпиттің қағазында: би «8-наурыз».
1-жүргізуші: Көгілдір кәмпитті ашайын. «Сән».
2-жүргізуші: Қына сары кәмпитті ашайын: ойын «Қуыршақ».
-
1-жүргізуші: Ашық қызыл кәмпитті ашайын. «Әжелерге тақпақ».
Данеш: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі –
Қандай ғажап күлкісі.
Мейрамбек: Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз ана, ол әжем.
Мадина: Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайық деп оны
Өлең айтып беремін.
-
2-жүргізуші: Көк кәмпитті ашайын «Арулар биі».
-
1-жүргізуші: Жылтыр кәмпитті ашайын. Ойын «Ботақаным».
-
2-жүргізуші:Жасыл гүлді ашайын. Ән «Ақ әжем».
-
1-жүргізуші: Сары гүлді ашайын. «Ас - адамның арқауы».
-
2-жүргізуші: ойын «»
-
1-жүргізуші: Сары кәмпитті ашайын. Әділ қазы алқасына сөз. (марапат). «Ең сүйкімді!», «Ең сымбатты!»,
«Ең мейрімді!», «Ең ақылды!».
14)Мұғалім: - Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтайық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген