жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ардақты ана"
2 «а» сынып
Сынып жетекшісі: Бекембетова Э.И.
Сабақтың тақырыбы: 3 санын көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларының негізінде бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу амалдары
Сабақтың мақсаты: Санды 3-ке көбейту кестесін жаттау арқылы тапсырмаларды орындай білу
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Қара достым, жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар.
Оқу құралдарын түгелдеу. Балалардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар: Қарадық біз, жан-жаққа,
Дайындықты көрейік
Орнында тұр барлығы
Сабақты бастай берейік.
Психологиялық дайындық.
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
-Балалар, бізде қазір қай сабақ?
-Математика.
Оқып, білім аламыз,
Біз көңілді баламыз.
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасы.
5-тапсырма, 89 бет (интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары шығады).
Жаңа сабаққа дайындық.
Оқушыларды бағалау түрімен таныстыру.
(жетондармен бағаланады)
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
-Балалар, бүгін біз математика сабағында саяхатқа шығамыз. Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Назарларыңды тақтаға аударыңдар. «Ойлан тап!» ойынын ойнап көрелік. Қай бала ертегіні көп білетінін анықтайтын боламыз.
Ендеше, бүгін біз сол ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Саяхат барысында математикадан жаңа ұғымдармен танысып, әрі бұрынғы алған білімдерімізді көрсетеміз.
Бауырсақ ертегісінен үзінді.
-Бұл қай ертегіден? Ал, ертегілердің кейіпкерлерін білеміз бе?
-1-ші бауырсақ неге кездеседі? (қоянға)
-2-ші (аюға)
-3-ші (қасқырға)
4-ші (түлкіге)
-Ал, түлкі не істейді? (жеп қояды)
Егер түлкі жеп қоятын болса, атай бауырсақты жей алмайды ғой. Ендеше біз атайға көмектесейік. Ол үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
1. – Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Қосудың терімділік қасиеті. Шаршы.
Мақсатымыз: қосудың терімділік қасиетін білу. Шаршының қасиеттерін танып, білу.
2. Математикалық диктант.
Егер сендер диктантты дұрыс жазсаңдар «Бауырсақ» саяхатын жалғастырады.
Қоянның тапсырмасы.
Мұғалім: Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Түп – түзу отырып,
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу минуты.
21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29.
Математикалық диктант: 5+4, 12-2, 6+7, 13-6, 3+9, 7+9, 15-8, 12-4, 16-8, 7+5, 15-10, 6+8.
Жауаптарын ғана жазады. Дұрыс жауаптары интер белсенді тақтадан шығады: 9, 10, 13, 7, 12, 16, 7, 8, 8, 12, 5, 14.
Аюдың 1-тапсырмада (оқулықпен жұмыс).
1. Суреттегі фигураларды ата. Олардың ішінде неше шаршы бар, тік төртбұрыш нешеу? Нөмірлерін ата.
1 және 3 фигуралар – шаршылар (квадрат).
Аюдың 2-тапсырмасы.
2. Фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
В С К М
![]()
А Д Е N
Сөйлемдерді аяқта.
Тік төртбұрыштардың барлық бұрыштары тік. Шаршының барлық қабырғалары тең.
IV. Сергіту сәті.
Шаршадым «уһ» дедім, Шарасыз «еһ» дедім,
Ренжідім «туһ» дедім, Кейідім «и» дедім,
Қорықтым «ой» дедім Біліп ап «е» дедім,
Өкіндім «аһ» дедім. Қуанып «ха-ха» дедім.
V. Дәптермен жұмыс.
Қасқырдың 1-тапсырмасы. Оқулықтағы 2-ші тапсырма.
Қ
ыз бала –
20
Ұл бала – 10 ? оқушы
Келді - 4 оқушы
Есепті әртүрлі тәсілмен шығару.
1-тәсіл: 20+10=30 30+4=34 (о)
2-тәсіл: (20+10)+4=34 (о)
Жауабы: 34 оқушы болды.
Қасқырдың 2-тапсырмасы.
Түптеуге тиіс – 48 кітап
Түптелді:
Түске дейін - 20 кітап
Түстен кейін – 10 кітап
Түптейтін - ? к.қалды
1-тәсіл: 48-(20+10) =18 (к)
2-тәсіл: 20+10=30 48-30=18 (к)
Ж: түптейтін 18 кітап қалды.
Түлкінің 1-тапсырмасы.
Кім тапқыр? Логикалық қызық есептер.
-
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
-
Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
-
Аулада 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
-
Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барады?
-
Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал-жабдық сатып алған ол 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп ақшаны беруге болады?
Түлкінің 2-тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс.
Қосындыларды салыстыр. Олардың мәндерін тап. Осыған ұқсас қосындылар құр.
5
0+10+20= + +
=
5
0+20+10= + +
=
2
0+10+50= + +
=
1
0+50+20= + +
=
Ереже: қосудың терімділік қасиеті (хормен интербелсенді тақтадан оқиды).
Тесттік тапсырма. «Кім жылдам?»
а) Сандардың құрамын тап.
1
3= 5 + 12= 9
+
1
3= + 7 12= +
6
1
3= 9 + 12= +
7
ә) Шаршы дегеніміз – барлық қабырғалары тең болатын фигура.
б) Тік төртбұрыш дегеніміз – қарама-қарсы қабырғалары тең болатын фигура.
в) Бұрыштардың атын жаз.
![]()
![]()
![]()
сүйір бұрыш доғал бұрыш тік бұрыш
Топпен жұмыс (ауызша).
Жетілдіре оқыту технологиясы.
2, 3, 4, 5, 10-ның көбейту кестелерінен сұрақтар қою.
VI. Қорытынды.
-Балаларым, мен сендерге ризамын. Себебі, менің пісірген бауырсақтарымды аңдарға жегізбей, аталарыңа аман-есен жеткіздіңдер.
Ал, енді сендер бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. Ойларыңды кестеге түсіріңдер.
|
Білдім |
Үйрендім |
Үйренгім келеді |
|
|
|
|
VIІ. Бағалау
Үйге тапсырма. 91-бет №6 тапсырма
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!
(Сегізінші наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты)
Мақсаты: -Ана мен баланың махаббатының адам өміріндегі маңызы;
-Балалардың мейірімділік, сүйіспеншілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
-Өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;
Сыныпты шарлармен безендіріп, қабырға газеттерін, нақыл сөздер жазылған плакаттарды көрнекілік ретінде пайдалану.
Мұғалімнің сөзі: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі- Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!
Хор: «Бала тілегі»
1-жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар. Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді аналар даадамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
2-жүргізуші: Ана! Осы бір жалғыз ауыз сөзде талай сыр , талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген махаббаты, мейірімі, ақ тілегі.
1-жүргізуші:Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Хор: Мама / Бота Бейсенова
Оқушы: Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәр берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Оқушы : Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным- қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме , анашым.
Оқушы: Анам менің күн көзіндей шуақты,
Даладай кең, таулы өзендей қуатты.
Дүниедегі жақсылықтың барлығы,
Жан анадан тарап жатқан сияқты.
Оқушы: Ананың құт- береке әр қадамы,
Сезілер әр ісінен даралығы.
Ана- өмір, ана- бақыт, ана-жүрек,
Тіршіліктің ғұмырының даналығы.
Оқушы: Ана деген- өмірдің кәусәр бұлағы,
Ана деген- тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Оқушы: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың!
Оқушы: Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш- қуат боп өн бойыңа таралған.
Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан- алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам
Хор: Апатайым- анашым
2- жүргізуші: Әйел- ана, әйел- өмір. Әйел –тіршіліктің өзегі. Өмір бесігін тербетіп адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі өсиет, тұғыры биік.
1-жүргізуші: Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы ешқашан да өтелмейді. Ана баласының ер жетіп азамат болуын қалайды. Анаға осыдан артық бақыттың керегі жоқ.
2- жүргізуші: Сынып оқушыларының орындауында мектеп әзілдерін тыңдап көріңіздер.
1-жүргізуші:
«Тәуелдік жалғауы»
«Әкесі мен баласы»
Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына:
«Шығайбай» Мұғалім оқушысын тақтаға шығарып:
«Аққұтан » Мұғалім оқушыдан:
«Апасының келуі» Оқушы мұғалімге:
«Үй тапсырма» Мұғалім оқушыға:
Оқушы: Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана деген- бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
Оқушы: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ана мейірін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Оқушы: Ана деген -жарық жұлдыз, шырағың,
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген- өмірдегі қамқорың,
Ана деген- сүйенерің, жан құрбың.
1-жүргізуші: Аналар туралы мақал- мәтелдер.
1-жүргізуші: Анаға арнап айта берсең сөз жетпес. Ол – өмірдегі ең асыл жан.
2-жүргізуші: Шырылдап дүниеге келгеннен- ақ ең жақынымыз –ана!
Оқушылар анаға деген сүйіспеншілігін білдіреді.
Ана-бақыт, ана-жыр, ана- ән, ана-әуен, ана- шуақ, ана-махаббат, ана- мейірім, ана- күн, ана- аспан, ана- байлық, ана-сәуле, ана- асыл жан, ана- дос, ана- ұстаз, ана-отан, ана- сезім, ана- ауа, ана-жылы жүрек....
Хормен: Ана – өмір бұлағы, Ана- өмір шуағы.
Оқушы: Орансақ та жәннат ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл-қызға.
Оқушы: Ана деген, ана деген –бұл өмірдің тірегі,
Аналардың мөп- мөлдір ғой, мөп- мөлдір ғой тілегі.
Құлыным деп шырылдаған, ешбір тынып таппаған,
Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.
Оқушы: О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйыныңдар, Ана деген тәңірге.
Хор: «Айдидарлы анашым! »
1-жүргізуші: Ақ тілеулі, кең пейілді, аналарымыз- өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен татулықтың болуын да тілейтін –ана.
2-жүргізуші: Өмірде ана -бұлақ, ана –пана,
Өмірді өркендетер ана ғана, - дей отырып, мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Хор: «Аналардың тілегі»
"Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын
сабақта тиімді қолдану"
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:
· баланы оқи білуге үйрету
· баланы ойлауға үйрету
· баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
Мен үшінші деңгейлік оқыту курсынан биылғы жылы өтіп, өзімнің іс-тәжірибемде
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сабаққа қызығушылығы артады;
- Нақты өз деңгейінде бағаланады;
- Жеке қабілеті айқындалады;
- Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
- Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
- Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын.
Менің өз іс- тәжірибемде әдебиеттік оқу сабағынан өткізген М.Дулатовтың «Қыс» тақырыбында өткізген сабағыма тоқтала өтейін.
Сабағымды бастамас бұрын, оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл күйлерін қалыптастыру және олардың арасында достық қарым- қатынас орнату мақсатында түрлі көңіл көтеретін тренингтер қолдандым. Тренинг барысында көңілді әуені ойналып тұрды. «Құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім- оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс -қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- қимылға таратылады, осылайша, негізділген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болды» деген Мерсердің ойын негізге ала отырып, оқушылардың ұйымшылдық қарым -қатынастарын жақсарту мақсатында топтарға бөлдім.Оқушыларды топқа әр түсті фишкалар арқылы бөлдім. Фишка түстес көрсеткіші бар партаға барып отырады.
Мен бұл сабақтарымды мынандай кезеңдерден құрдым:
Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады.
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік
3.Жылқышының еңбегі
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
«Қыс мезгілі» сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4-ші «Әдебиет үйірмесі»
• Шағын әңгіме «Қыс мезгіліндегі тіршілік»
• «Қызықты қыс еліне» суретті аяқта
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.
Қорыта келгенде, Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын , олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде- бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Баяндама: “Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру”
«Балаға өз бетімен
зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи
түседі»
Питер
Клайн
Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.
Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.
” Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады.Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық,бақылау жасауға талпыныс,өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу,іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба- латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі.Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді.Ол белгісізді іздеу,жаңа білімді іздеу процесі.Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша,жобалау мен зерттеу басынан-ақ әрекет түрлерінің бағыттары,мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков “жобалау мен зерттеу бағыттылығы, мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі ’’, атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:
-оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;
-ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;
-өз білімін өздігінен құрастыра алуы;
– ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;
-сын тұрғысынан ойлай алуы;
Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес, топтық, жұптық), оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:
-кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;
-алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;
-оқушының өзіндік әрекетін;
-жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;
-зерттеу әдістерін қолдану,яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Зерттеу жұмысымен айналысу,
шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін
дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін
қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен
техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл
табуға көмектеседі.
Зерттеу түрлері:
1)теориялық 2 ) фантастикалық 3) эксперимент
Теориялық– зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды.
Фантастикалық- өмірде болмайтын фантастикалық құбылыстар мен заттар жөнінде.
Эксперименттік – өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді талап етеді.Балалар үшін ең қызықты эксперимент-нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер. Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады. Экспериментальді (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер,байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
1.ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ
Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты- тақырыпты дұрыс таңдау.Тақырыпты таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
Зерттеу жұмысының басты шарты–оның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.
Мақсат–бұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.
Міндеттер–қадамдарды,мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.
Жұмыстың өзектілігі –яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.
Болжам-логикалық дәлелденбеген,тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылмаған білім
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін жобаның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі.
Зерттеудің қол жетімді әдістері:
1.дербес ойлау
2.кітаптан оқып білу
3.кино,теле фильмдерден білу
4.интернет желісінен іздеп табу
5.басқа адамдардан сұрап білеу
6.байқау
7.эксперимент жүргізу.
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:
-
Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді,
• Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер жүргізуге
бейімделеді;
• Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады;
• Танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру,бастысын бөліп
шығару,өмірде қолдану әдістерін меңгереді;
• Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың
жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге
сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу
және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін
таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен
техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл
табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына
көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге
бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан
шығар жолға даяр болуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әлімқұлова А.Б. Бастауыш сынып оқушыларының жобалық-зерттеу әрекетін ұйымдастыру [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал /… Әлімқұлова А.Б. // Бастауыш мектеп: ҚР МАжБКМ- Алматы, 2014- №7-8- Б.6- ISSN 0207-5474
Айтқалиева Г. Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал / Г. Айтқалиева // Білім кілті- ҚР БжАМ.- Алматы, 2014- №4(70)- Б.7-9
Галиева Б.Х. Ғылыми-зерттеу жұмысын жобалау [Текст] / Б.Х. Галиева // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы- 2013- 16-18 б.
Жұмағұлова А.З. Оқушылар арасында ғылыми жұмыстарды қалыптастыру [Мәтін] / А.З. Жұмағұлова // Открытая школа- 2013- №3-13б.
Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру.
Қазақстанның болашағы мектептен басталады.
Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңдейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Еліміздегі білім беру саласының алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдында оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.
Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс.Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі мектептің басты мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Ол үшін бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Ұстаздан білім мен тәрбие алған шәкірттің алғыр, озық ойлы, жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзінде емес, оның көрсеткен үлгісінде. Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек.ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»деген екен. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді:
1.Мұқият дайындалу.
2.Шеберлікпен өткізу.
Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу-нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Инновациялық технология бұл әдістердің бастамасы, яғни интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын ұйымдастыру.Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары басшылыққа алынып келеді.Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы». «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы- ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы деген болар едім. Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзінің төркіні- «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.
«Сыни ойлауды дамыту»жобасы авторының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады.
— Күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
— Жазба жұмыстарын жиі орындау;
— Оқушының ой-өрісін белсенділендіретін сұрақтар қою;
— Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
— Оқыту пәндерін әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру;
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.Олай дейтінім мен осы бағдарламаны басшылыққа алып жұмыс жасау барысында көз жеткіздім. Мұғалімдік кәсіби шеберлігім жетіле түсті. Бағдарламаны басшылыққа алып сабаққа пайдаланғаннан бері оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, болжау қабілеттері мен жаңалықты тез қабылдауы, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгенін байқадым.
Әсіресе ана тілі, қазақ тілі пәні бойынша үйге берілген мәтін бойынша ұнаған көрініске сурет салып келу, сол тақырыпқа сай өлең құрастыру немесе ребус пен сөзжұмбақ құрастыру тапсырылады. Бұндай тапсырманы оқушылар ерекше ынтамен орындап келеді. Нәтижесінде бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жасайды. Оқушыға тақырыптың мазмұнын толық меңгерте отырып, әсіресе, сурет салуға бейім балалардың ойын ұштай түстім. Сурет немесе шығарма жұмысы арқылы оқушының өзін-өзі тануына ықпал жасадым. Әрбір баланың еңбегін бағалап, мадақтау қажет. Мысалы, ана тілі сабағында «Еліктің лағы» атты мәтінді өткенде ой-толғаныс сәтінде оқушыларға өлең құрастыру тапсырылды. Солардың бір-екеуіне тоқталсам:
Қуаныш:Келе ғой лағым,
Міне тұр бұлағың.
Су іше ғой қанекей,
Мен күтіп тұрамын.
Айдана:Қанекей лағым,
Дайын тұр бұлағың.
Су іше ғой қанекей,
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер сабақта баланың танымдық белсенділігінің артқандығын, өз бетінше жұмыс жасауға үйренгендігін, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін айтса, оқушылар- сабақтарының қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
-
Қызығушылықты ояту. Оқушы тақырыпқа байланысты өз білімін анықтайды, еске түсіреді. Тіпті қағазға жазып, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Яғни тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу қалыптасады, белсенділігі артады.
-
Мағынаны тану.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.
-
Ой толғаныс: Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.Үйренгендерін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Бір-бірімен ой алмастырады, ой түйістіреді, әр түрлі шығармашылықпен көріне алады.
Өз сабағымда осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Ең әуелі оқушылар ойын шыңдап, кез-келген даму деңгейіне сыни көзбен қарай алады. Бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауды және бірін-бірі тыңдай білуді үйренеді. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады. Сабақта оқушыларды орталықтарға бөлу кезінде сабаққа деген қызығушылығы артып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренеді және сөздік қорлары молаяды.
Оқушы–ізденуші тұлға. Оқушының тілін ойын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтандыруда жазу жұмысы басты рөл атқарады. Жазу арқылы оқушы тақырыпты тереңірек түсінеді, қызығушылығы артады, ойын дамытады және жазу дағдысын қалыптастырады. Ал жазуға дейін бала мәтінді оқып, тыңдап көңілге тоқып түсінеді. Мәтінді өз бетінше талдай отырып оның тақырыбы мен мазмұнын игеруде «Түртіп алу стратегиясы», «ЖИГСО», «ББҮ» әдістерінің маңызы зор. Ой қорытыу жинақтап бір түйінді пікір жасау үшін «Эссе», «Бес жолды өлең» әдістерін пайдалануда оқушылардың қызығушылығы артып, қисынды ойлап, сабаққа деген белсенділігі де артатындығын байқадым.
Оқуға зауқы жоқ, үлгерімі нашар деген баланың бойынан жоқ дегенде бір жақсы қасиет табуға болады. Осындай баланың ерекшелігін көре алатын мұғалім ғана өз ісінің маманы ретінде танылады. Кез-келген пәнге оқушы қызығушылығын арттыру үшін дәстүрлі әдеттерге қоса хабарлама, көрнекі көрсету,безендіру әдістерін қолдану, сонымен қатар зертханалық және сарамандық тәжірибелерді дұрыс ұйымдастыра білу мұғалім шеберлігінің бір көрінісі.
Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады.
Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете білуін және оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын өз уақытында қолға алынған дидактиканың бүгінгі күнгі көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама деуге әбден болады.
Оқыту мен үйрену кезінде оқушының тек белсенді түрде ғана меңгерген білімі маңызды әрі тиімді.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді дегенде, мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пердерерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Атақты педагог К.Д.Ушинскидің «Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерді әр мұғалім үнемі жадында ұстау керек.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту баланы оқуға, жаттауға, есте сақтауға үйретсе «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы баланың дербес немесе топтаса, ұжымда бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Заман талабына сай технологиялық ақпараттарды қолданып, олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мектеп журналы №5-2011
2.Әдіскер мұғалім №5-2004
3.Бастауыш сынып журналы №5,7,8-2004
4.Б.Қ. Игенбаева «Адамгершілік сабақтары»
-
ылдық білім журналы №6-2007,№10-2008
6.Қ. Жарықбаев. Психология-Алматы, «Иектеп»1982
7.Әрекеттегі PWCT философиясы мен әдістері.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген