Материалдар / «Ардақты ана, асыл әже, аяулы жан!»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ардақты ана, асыл әже, аяулы жан!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3851
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ардақты ана, асыл әже, аяулы жан!» тақырыбындағы зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі \ Мектеп акт залы талапқа сай безендірілген. Шарлар./Жүру барысы:1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Мектебіміздің кітапханашысы Гүлнар апайымыздың «Ардақты ана,асыл әже, аяулы жан атты зейнеткерлікке шығарып салу кешіне қош келдіңіздер! 2-жүргізуші: Еңбегімен ел алдында сыйланған, Апай десе тартылады сый балдан. Мерейтоймен құттықтайды қуана, Ұжымдасың, мына отырған жиналған! -дей отырып, шыбығынан көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек тұлға, Гүлнар апайымызды тұғырлы орынға-бүгінгі салтанатты жиынның төріне шақырамыз.1-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар, Сүйінішпен маңайға жар салыңдар. Гүлнар апай келеді ортамызға, Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!(Бір оқушы Гүлнар апайды саханаға алып шығады,сахна төріне отырғызады)2-жүргізуші: Гүлнар апайдың рухани байлығы , ең алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар тұлға – бүгін біздің ортамызда, ертеңгі-зейнеткер.1-жүргізуші: Күн нұрындай шашылған Кеудесінен ерек нұр, Мейрамбек аға асыл жан. Құрмет артқан директор. Жарқыраған аспанда, Дәл өзіндей жұлдыздың, Жол сілтеген асқарға Ұстазымыз бұл біздің, - деп алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Салқынбаев Мейрамбек Дөненбекұлына береміз.1-жүргізуші: Әнші қыздарыңыз Серікбекова Жанардың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.2-жүргізуші: Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Құрметті Гүлнар апай! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!1-жүргізуші: Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!2-жүргізуші: Сіз-Ұстазсыз,барша жан ардақтайтын, Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын. Еткен еңбек,төккен тер жемістерін, Көретін кезде келді ұлықтайтын!- демекші кезекті әдемі биге берсек. «Кити гёрл» тобынан құралған биші қыздарымыздың әдемі биін тамашалаңыздар!1-жүргізуші: Гүлнар апай еш алаңсыз тынықсын, Өткенінен өнегелі сыр ұқсын. Кәсіподақ төрайымы сөз алып, Жақсы сөзбен жаныңызды жылытсын,-деп кәсіподақ төрайымы Қамзанова Айжан Қамзақызына сөз кезегін береміз.Көрініс. «Абай жолы» романынан үзінді.



2-жүргізуші: Көңілдерге дем беріп сыйымыз бен, Жарасамыз әсем ән биіміз бен, Жігіттер мен қыздардың өнерлерін, Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.Ән шашу. «Анасы бар адамдар қартаймайды» Орындайтындар: 10-сынып оқушылары Айбек пен Айғанымды қошеметпен қарсы алыңыздар!2-жүргізуші: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын», Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры. Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын, Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –дей келе оқушыларымыздың дайындаған шағын әзілін қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: Нұрлы болсын өмірдегі жолымыз, Тілек айттық қуанышқа толы біз. Оқушылардың сізге деген тілегі, Ең сүйікті апайымыз болыңыз, - деп ортаға 10-сынып оқушысы Дүйсенбекова Толқынды шақырсақ. Гүлнар апайымызға арнаған жүрек жарды арнау өлеңін оқып береді.Мың бұралған бишілеріміздің биін тамашалаңыздар!1-жүргізуші: Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу - өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Бұл сәт тек қана адал еңбегімен өмір сүрген адамның мақтанышты көңіл-күйіне толы болса да, оның жұмыс ұжымымен қоштасуымен ұштасқан жабырқаулы күйімен де ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше бір жаңа сатысына бет бұру болып табылады. Сондықтан да жаны жайсаң педагог апаймызды зейнеткерлікке шыққан мерейтойымен шын жүректен құттықтап, өмір жасыңыз ұзақтығын, бақытының баяндылығын тілейміз. 2-жүргізуші: Қайырылып ұзақ қарап өткеніме, Арнадым еңбегімді мектебіме, ----- жыл өтіпті ғой ұжымдастар, Осы мектепте қызмет еткеніме. деп ойланып, өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Гүлнар апайымызға сөз кезегін береміз.Ән шашу. Тоқтауова Айназдың орындауында «Ана» туралы ән.(Барлық оқушылар сахнаға шығады). 1-жүргізуші: Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың, Тілек еттік көңілдің тек ақтығын. Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын, Берсін Аллам өмір бойы  бақ күнін. Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық, Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық, Шаттық күнде көңіліміз марқайып, Деп тілейік болсын ылғи амандық.2-жүргізуші: Құрметті ақылы дария– Гүлнар апай, тағы да мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Отбасыңызға береке – бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дегіміз келеді!Сіздің құрметіңізге арнап мектеп оқушыларының сізге дайындаған шағын естелік сыйлығын қабыл алыңыз! 1-жүргізуші:Бүгінгі кешке келген барлық қонақтарымызға алтын уақыттарын бөліп «Ардақты ана,асыл әже, аяулы жан атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Сау болыңыздар!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!