жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ардақты ана тілегі Шәмшабану Хамзақызымен сыр-сұхбат
Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернат тәрбиешісі Алимханова Көркем Бақытқызы
Ақын, ұстаз, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шәмшабану Хамзақызы мен сыр - сұқбат кеші
Тақырыбы: «Ардақты ана тілегі »
1-ж. Ассалаумағалайкүм, көрерменім,
Дәл мында не болар деп елеңдедің.
Көктемнің шуағынан қуат алып,
Тыңдаймыз бір ақынның өлеңдерің.
2-ж.
Бармысыздар дарынның даналары
Бәйгедегі дарабоз даралары
Өнер
десе жан тәнін сала білген
Қарапайым қазақтың балалары.
1-ж.
Наурызда мейірімін төккен елім
Ырыстың ырғағына бөккен елім
Наурыз- жаңа күннің бастамасы
Наурыз- қоңырауы көктеменің
2-ж.
Біздерді, өлең, өнер табыстырған,
Дарында
күнде мейрам, жарыс, думан.
Жаратқан
Алламызға мың рахмет
Киелі сахнада
қауыштырған.
1-ж.
Ардақты ақын, ана ақын, сыршыл ақын
Мейірінен
ай туып, күн шығатын.
Сізден үлгі,
бата алса есті ұрпақ,
Зор табысқа жетуге құлшынатын.
1-ж.Армысыздар, құс салып, құмай жүгіртіп, кәсіп еткен алты жастан ат мініп,асау үйреткен қазақ елі!
2-ж. Құрметті оқушылар, ұстаздар, ардақты аналар, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 10 «Ә»сыныбы ұйымдастырып отырған «Ардақты ана тілегі» атты әдеби сазды сыр-сұхбат кешіне қош келдіңіздер!
1-ж. Ал енді осы салтанатты кешіміздің шымылдғын ашу үшін Абай атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Сексенова Роза Ербозымқызына сөз кезегін берелік.
2-ж. Көңілге қуат әкелген көктем, далаға шуақ түсіріп құлпырта бастады. Қазақы мінезіміз бен болмысымыздың бастауы - ұлылыққа толы ұлы Даланың төсіне сән, өміріне жан бітті?!
1-ж. Ал менің шабытымнан өлең туды:
Қасиетті, киелі далам менің,
Сурт, сөзім жетпей тұр саған менің,
Бар ауырын адамның көтеретін,
Ұлы дала, ұлы арман - анам менің!
1-ж. өлеңмен жетпеген ойыңды әнмен әспеттеп көрейік. «Далам-ай» әні. Орындаушылар: «Алашұлы» тобы.
"Далам-ай" әні.1-ж. Біз қонағымызды осылай шақырдық... Ендеше, осы араға дейін жұмбақтап сақтаған, жыр тұлпарын баптаған, ортамызды толтырып, ордамызға құт-береке ала келген қымбатты қонақтарымызды таныстырып өтейік.
2-ж. Ақын, ұстаз, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы, сыр-сұқбат кешіміздің басты кейіпкері Шәмшабану Хамзақызы.
1-ж. Шәмшабану апамыздың ұлы, "Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының" құрушы, құрылтайшысы, кәсіпкер Қанат Зейноллаұлы мен ақын апамыздың қызы Гүлзат Зейноллақызы.
2-ж. Белігілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, "Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының" директоры Серік Әкірамұлы.
2-ж.Тарт
күйіңді, домбыра
Төгіл, төгіл тәтті
күй
Тау суындай сылдыра
Желпін,
желпін жел соқтыр,-деп Ілияс атамыз
айтқандай , домбыраның үніне жететін
үн жоқ, сірә?!
1-ж. Домбыра, сенде мін
бар ма?
Мінсіз болсаң- тіл бар ма?
Тіл
жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн бар
ма?
2-ж.
Таныдық домбырамен қазақ үнін,
Күмбірлеген
ғаламның ғажап үнін.
Сіздерге арнап
тағы да күй тартады,
Домбырамен
қосылып далам бүгін.
«Жас домбырашылардың
»орындауында Ерке сылқым және Көңілашар
куйі.
Екі
күй.
1-ж. Анашым асыл анам есіл анам
Елжіреп есіркеймін, есіме алам
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам боп жүрмін несіне адам.
2-ж.
Жүрегімнің түкпірінде сақталған
Жылы
тиер сан мың есім аттардан
Туа біте
жүрегімде бір сөз бар
Ана деген
әріпттермен жатталған
1-ж. Қымбатты ақын қонағымыз Шәмшабану Хамзақызының өлеңдеріне құлақ түріңіздер:
Оқушылар ата-ана тақырыбында өлең оқиды. Қойылым көрсетіледі.
2-ж. Біржан білесің бе? Ұлы зиялыларымыз айтады екен. Ана көрегенділігінің теңдесі жоқ ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым жіп жалғап тұрады екен.
1-ж. Шыныменде аналар теңдесіз құбылыс емес пе? Ананың басқан жерінде пейіш бар демеуші ме еді қазақ жұрты ?
2-ж. Әлемді тербеткен осы бір аналарда үш бақыт бар екен. Біріншісі, ожданы. Екіншісі, бөбегі. үшіншісі, ізгі еңбегі. Ал біздің Шәмшабану апамызда үшеуіде бар. Сіз әлемдегі ең бақытты анасыз. Қазақтың аналары Ұлжандай, Ұлпандай, ардақты әже Зередей , Домалақ анадай ел есінде мәңгі жатталасыз. Қазақтың әйелдері, аналары болса сіздей-ақ болсын. Сізге мың да бір алғыс айтамыз!
(Вальс)1-ж.Ж.Мерей арнау 2-ж.(Көрініс)
1-ж. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, ұлағатты ұстаздық жолында ұшан-теңіз еңбек етіп шәкірт тәрбиелеген, белгілі қаламгерге лайықты асыл жар, ұл-қыздарына ардақты ана болған, Ақын, ұстаз, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, құрметті қонағымыз Шәмшабану Хамзақызы қош келдіңіз!
2-ж. Алдағы аналар мерекесі құтты болсын! Ізгі лебіз сізден болсын...
Шәмшабану апа сөйлейді. Арасында оқушылар сұрақ қояды.
1-ж. Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, бұлбұл үні ұялаған таңдайыңнан әсем әннің ырғағын естітеді.Әсіресе Қыз Жібектің дауысындай үнді әрбір қыздан естігіміз келеді. Осындай әдемі сөздің ырғағымен Аяжан мен Нұрзада қыздарымызды ортаға шақырайық.
2-ж.
Поэзия!менімен егіз бе едің?
Сен
мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан
таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан
таулардан сені іздедім,-деп Мұқағали
ақын іздеген ізетті өнерді ақын апамыз
да өмірлік жан серігі, адал досы еткен.
Көкейдегі көп ойын өлеңмен өрген.
2-ж. Алдарыңызда ақынын ардақтаған оқушылар кеш қонағының жырларын оқиды.Поэзия. Өлең оқиды.
2-ж. Бүгінгі қонағымыздың жан жары, қазаққа аты таныс қаламгер, этнограф, зерттеуші, Зейнолла Сәнік иісі қазаққа игілігі тиетін 15 томға топтастырылған еңбек жазды. Дені "Қабанбай, Баспай, Сергелдең" сияқты тарихи тақырыпта.
2-ж. "Рухани жаңғырудың" ұрпаққа тиер пайдасын насихаттауда аталған қаламгердің орны өзгеше, олай болса Зейнолла атамыздың нақыл сөзін жадымызға жаттай отырайық.
З.Сәнік Нақыл сөздері.
Осы арадан сыр-сұқбатымызды жалғастырайық.
Шәмшабану апа ұрпақ тәрбиесіндегі басты ұстанымыңыз бен бағыт-бағдарыңызды айта кетсеңіз.Ары қарай сұрақ-жауап жалғасады.Үкілім-ай би
1-ж. Өлеңдеріңіз бен мақалаларыңыздан Абайға деген құрметіңіздің жоғары екенін аңғардық. Ұрпаққа көп насихаттап келесіз. Өткен жылы Абай ауылында болып зиярат жасапсыз. Сіздің құрмет бізге де үлгі.
1-ж.Дұрыс айтасың. Мектебіміз атының Абаймен аталуы да тегін емес. Оның нақты мысалы ретінде Абайды өзіне үлгі етіп, әндерін әуелетіп жүрген Данара қыздарыңызды қарсы алыңыздар
Данара ән айтады.1ж. Сыр-сұқбат кешіміздің құрметті қонақтары "Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының" директоры, ақын Серік Қалиев пен қор құрылтайшысы, кәсіпкер, Шәмшабану апамыздың ұлы, Қанат Зейноллаұлын ортаға шақырайық.
Серік аға мен Қанат аға сөйлейді.
Қорытынды.
1-ж. Көктемнің шуағына елітіп, ойлы жыр, әсерлі әңгімесімен тәлім-тәрбие берген "Ардақты ана тілегі" атты әдеби-сазды, сыр-сұқбат кешіміз осымен тәмам.
2ж. Ардақты ана, қымбатты қонақтар келгендеріңізге алғыс, ғұмырларыңыз ұзақ болсын!
Жүргізуші:
Еліміз аман, жұрытымыз тыныш, әр күніміз
табысты, өнеріміз үстем болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген