15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ардақты аналар мерекесіне арналған "Айналайын ақ мамам" сценарийі
«Айналайын ақ мамам»
Мақсаты: аналар мерекесіне орай мерекелік бағдарлама өткізу. Балалар мен ата-аналарды бірге қатыстыра отырып мерекеге сән беру. Аналарды құрметтеп, еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
(Топ іші әдемі гүлдермен, түрлі- түсті шарлармен безендірілген)
1. Балалар ән ырғағымен саппен топқа кіреді.
2. Тәрбиеші сөзі: бүгінгі аналарымызды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, отбасы амандығы мен балаларымыздың бақытын тілеймін.
Армысыздар аяулы ұстаз, ару ана,
Аналарға тең келетін бар ма дана,
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын-дей келе құттықтау сөзді «Болашақ» балалабақшасының басшыларына береміз.
А) Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мейрамың
Бәрі: ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, АНАШЫМ!
Ә) Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап,
Бәрі: ӘДЕППЕН БАС ИЕМІЗ!
Осы кезде есік тарсылдатып екі сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ1:
- Оууу, бұнда не болып жатыр?
-Сен білесің бе, достым ?(екіншісінен сұрайды)
Сайқымазақ 2:
-Жоқ
Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме, сендер білмеуші ме едіңдер бүгін аналар, әжелер, қыздардың мерекесі.
Қазір біздің балалар өздерінің аналарына шын жүректен тақпақтарын, өлеңдерін, билерін орындап бермекші. Сендердің де көрулеріңе болады.
3. Ән хор: «Әжемнің шайы»
(Балаларды орындарына отырғызып, тақпақтарын айтқызу)
4.Тақпақтар:
Гүл-гүл жайнап бәріміз
Кіреді биздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем,
Тентек болсам кешірген,
Балдай тәтті бал әжем.
Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың.
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың.
Тәрбиеші:
-Құрметті қонақтар, Мединаның орындауындағы ән «Әже»
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз,
Қыздарыңды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Анам-жұмақ, мен-шуақ саябағы,
Анам-шырақ, мен сұрақ санадағы,
Анам- теңіз, мен қайық тербетілген,
Ана бұлақ, мен –құрақ жағадағы.
Мен үшін не керек-бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласын.
Анам,анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балам,
Айтқан тіліңді аламын
Жұмсағанда барамын.
Тәрбиеші:
-Келесі әнді Зере « Ана » аналарға , әжелерге арнамақшы, бәріміз тыңдайық.
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Өлең айтып, би билер,
Тойларыңа балалар,
Бағалаймыз еңбегін
Аман болсын аналар!
Сайқымазақ1:
Бірге болсын ойымыз
Құтты болсын тойымыз,
Балдырғандар тамаша,
Би билейді жараса- демекші менде өзім билегім келіп, ән салғым келіп кетті
-Қане, қыздар «Мені қайталалап ҚУЫРШАҚ биін билейік »
Тәрбиеші сөзі: Мың бұралып билейтін қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Би « Қуыршақ биі»
Сайқымазақ2:
-Достым , сен би билеттің енді мен ойын ойнатайыншы.
А)Аналармен ойын.(Иісінен, сипап қолымен таны)
Ә) Аналармен ойын (баланың дауысынан таны)
Тәрбиеші: Рахмет сендерге, сайқымазақтар! Ал, енді балалар, өздерінің әзірлеген «Бауырсақ» атты қойылымын қойып бермекші.
-Бәріміз тамашалайық!!! (Балалар киімдерімен театрланған қойылымын көрсетеді)
-Сайқымызықтар қол шапалақтап қуаныштарын білдіреді.
Сайқымазақ: -Бәрі өнерлерін көрсетіп жатыр, ал сендер ше көрсетпейсіңдер ме??? (тәрбиешілерге қарап айтады)
Тәрбиеші: Жақсы көрсетейік, онда біз әзірленіп шыққанша, балалар «Зеңгір көктем!» әнін тыңдай отырыңыздар.
БАЛАПАН БИІ (Тәрбиешілер мен балалардың орындауында)
Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің,
Ұсынамыз біз бүгін
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Аналарға арналған сыйлықтарын сыйлау................
Құрметті аналар, әжелер! Тағы да сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды
Бала үшін отқа да түсетін, суға да түсетін
Бала күлсе ол да бірге күлетін,
Сөз кезегін аналарға, әжелерге берейік, баласының амандығын тілейтін.
Тәрбиеші сөзі:
Ана деген-адамзаттың данасы,
Ана деген –сәбилердің панасы,
Ана деген-жарық шырағың,
Ана деген-қайнар ыстық бұлағың-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Бекітемін
«Болашақ» балабақшасының
меңгерушісі А.Б. Турлыбекова _______________________
Үржар ауылы «Болашақ» балабақшасы
«Балапан» тобы
Тәрбиешілер: Қалиева Э.А., Касымжанова Д.Н.,
Нұрғожаева М.Е., Калиева С. С
2019 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген